З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019



Pdf көрінісі
бет100/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

85-жаттығу. Берілген сын есімге 84-жаттығудан мағынасы жақын сөздерді таңдаңыз.
Батыр, жомарт, әңгімешіл, ашық, «шық бермес Шығайбай».
86-жаттығу. Берілген сын есімге 84-жаттығудан мағынасы қарама-қарсы сын есімдерді 
таңдаңыз.
Адал, әділетті, қорқақ, салмақты, сыпайы, жомарт.
87-жаттығу. Адам мінезін сипаттайтын сын есімдер бірнеше сөзжасамдық модельмен 
жасалады. Берілген сын есімдер қатарын толықтырыңыз.
Ұмытшақ, еріншек, .........
Шыдамды, салмақты, ..........
Сезімтал,..............
өтірікші....................
.......................................
88-жаттығу. Мәтінді мазмұнына қарай адам мінезін сипаттайтын сын есімдермен то-
лықтырыңыз.
«Көңілді,  бақытты  болыңыз,  ренжімеңіз, өкінбеңіз».  Жақсы  кеңес,  біздің  мазасыз  күн-
делікті өмірімізде бұған қалай ілесеміз? Қалай ілеседі (как следовать) - әркім өзі үшін өзі 
шешеді, ал,міне, осы рецептінің астында теориялық база жатыр. Бұл – ғылыми факт. Дәрі-
гер  Редфорд  Уильямс  (АҚШ)  ұзақ  өмір  сүру  мәселесімен  20  жыл  айналысады.  Мәңгі  жа-
стық құпиясын таба алған жоқ, алайда, кінәмшіл, ашушаң, өкпелегіш адамдардың көңілді 
адамдарға қарағанда 50 жасқа жетпеуі бес есе көп екен. Дәрігер Уильямстың зерттеулері 
бойынша,  мұндай  себептердің  қорытындысы  –  гипертония  мен  жүрек  ауруы.  Сонымен, 
күліңіздер, көңілді болыңыздар, ақжарқын болыңыздар!
(Газет ақпараттарынан)


77
89-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз:
Кім мейірімді?
        ұқыпты?
        сезімтал?
Кім кімге/неге немқұрайлы?
Кім әділ?
Кім қатал?
        талапшыл?
        шыдамды?
Кім тәжірибелі?
Кім сақ? (осторожен)
Кім неге қабілетті?
Кімге кім/не қымбат?
Кім кіммен сыпайы? (вежлив)
Кім кімге/неге риза?
Кім неге кінәлі?
90-жаттығу. Анықтамаға берілген сөздерді пайдаланып, диалогты толтырыңыз.
- Сіз өз мамандығыңызбен жұмыс істегіңіз келе ме? – Жоқ, қазір таңдауға болмайды, мен 
... жұмысқа келісемін. Меніңше, оған математика оңай. Ол ... қабілетті. Оны ашуландырған 
кезде, ол өте дөрекі болады. – Иә, шын айтасың, мұндай минуттарда ол ... барады. Ол өзінің 
жоспарларын табандылықпен жүзеге асырып жүр (осуществляет). – Иә, шынымен де, ол 
өте ... . (кез-келген, нақты ғылымдар, дөрекілік, табанды)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет