75
79-жаттығу. Мәтінді оқыңыз. Берілген мәтінге ұқсас, өзіңізге таныс затты сипаттап, өз
мәтіндеріңізді жазыңыз.
Иод – табиғатта сирек кездесетін элемент. Ол қатты кристалл түрінде болады.
Аздап ме-
талдық жарқылы және өткір иісі бар. Ерімей-ақ буға айнала алады. Су – иіссіз, дәмсіз мөл-
дір сұйық. Кәдімгі жағдайда +100°-та қайнайды. 0°-та қатады. Су - тірі тіршіліктің құрамды
бөлігі.
80-жаттығу. Екі сөйлемнің мазмұнын бір сөйлеммен айтыңыз, жазыңыз.
Үлгі: Темір – металл. Оның күшті магниттік қасиеті бар.
Темір – күшті магниттік қасиеті бар металл.
Мыс (Cu) – металл. Ол жақсы жарқырайды.
Фосген – улы газ. Ол шөп иісті.
Никель (Ni) – металл. Оның өте жоғары механикалық қасиеті бар.
81-жаттығу. Өзіңіз жұмыс істеп жүрген құрал туралы әңгімелеңіз. Осы құралды неге ар-
налғандығын, өлшемін, неден істелінгенін сипаттаңыз. (Охарактеризуйте этот прибор по
назначению, размером и материалу).
Достарыңызбен бөлісу: