102-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыз. Асты сызылған сөйлемдерге сұрақ қойыңыз.
Академик А.Н.Колмогоровтың математиканың әр түрлі саласындағы еңбектері көпке
танымал болды. Университет физиканың әр түрлі саласы бойынша жоғары деңгейдегі ма-
мандар дайындайды. Ғалымдардың термоядролық реакцияны басқару саласындағы еңбек-
тері термоядролық электростанция өндірісін құруды тездетті. Ғалымдардың геронтология
саласындағы еңбектері өмірдің биологиялық шегін кеңейтуге мүмкіндік береді.
103-жаттығу. Мына ғалымдардың қандай ғылым саласында танымал екендігін әңгіме-
леңіз. Жақша ішіндегі сөздер мен сөз тіркесін пайдаланыңыз.
К.А.Тимирязев (өсімдіктер физиологиясы), Л.Д.Ландау (теориялық физика), А.Эйнштейн
(физика), К.Гаусс (математика), М.Өтелбаев (математика), Ө.А.Жолдасбеков (Қолданбалы
математика), Н.Бор (ядролық физика), Р.Нұрғалиев (қазақ әдебиеті), А.Жұмаділдаев (мате-
матика).
104-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыз. Анықтауыштарды табыңыздар. Осы сияқты сөйлем-
дерді жалғастырыңыздар.
Күміс (Аg) иондарының судағы бактериаларды өлтіру қасиеті бар. Радиоактивті эле-
менттердің көзге көрінбейтін сәулелерді шығару қасиеті бар. Хлорофиллде жарықтың қы-
зыл түсін жұтып қою қасиеті бар.
105-жаттығу. Берілген сөйлемдердің мазмұнын айтыңыз, анықтауыштарға сұрақ қойыңыз.
Титан (Ti) өте жоғары температураға шыдайды. Су әр түрлі заттарды еріте алады. Маг-
нит металл заттарды өзіне тартады. Табиғаттағы барлық денелер бір-бірін тартады.
Достарыңызбен бөлісу: |