З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019



Pdf көрінісі
бет109/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

110-жаттығу. Жоғарыда берілген етістіктермен сөз тіркесін құрыңыз.
Үлгі: армандайтын студент (мечтающий)
111-жаттығу. Мына сөйлемдерге көп нүктенің орнына есімшенің тұлғасын жазыңыз.
а) Нобель сыйлығын ал ... лауреаттар Стокгольмге және Ослаға отбасымен келеді.
б) Жерде кездес... барлық элементтердің ішінде оттегі кең таралған болып табылады.
в) Қазақ ғалымдарының маңызды мәселелерді шеш... ғылыми жаңалықтары халықара-
лық танымға ие болды.
112-жаттығу. Мәтінді оқыңыз. Мәтіннен анықтауышты сөз тіркесін табыңыз. Мәтінді 
ауызша әңгімелеңіз.
1950 жылы Тереза шешей Мейірімділік Орденнін (Орден милосердия) құрды. Индияда 
орналасқан бұл орден әлемге белгілі. Орденге кіретін монах әйелдер (монашка) көмек қа-
жет ететін адамдардың бәріне көмектеседі. 4,5 мың монах әйелдерді біріктіретін орденде 
568 аурухана мен балалар үйі бар.
113-жаттығу.  Берілген  сөйлемдердегі  анықтауышқа  сұрақ  қойыңыз.  Қандай  мағынада 
қолданылып тұр, түсіндіріп көріңіз.
Бұл балада өзгеде жоқ қабілет бар. Қазақстанда басқа мемлекетте кездеспейтін қазба 
байлықтар бар. Университетте басқа университетте жоқ мамандық бар. Ол бүгін өткен 
сабақта оқыған лекциясын қайталады.


83


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет