314-жаттығу. Сізбен әңгімелесушінің сөзін растаңыз. Болымсыз сөйлемде одан басқа (кро-
ме него) конструкциясын пайдаланыңыз.
Үлгі: Ол қазір тек қана емтихан туралы ойлайды. – Иә, ол емтиханнан басқа ештеңе ой-
ламайды.
1. – Ол тек қана өзінің курстас достарымен араласады.
2. – Ол бүгін тек қана компьютерлік ойынмен айналысты.
3. – Ол тек қана өзіне сенеді.
4. – Ол демалуға тек қана Сарыағашқы барады.
5. – Соңғы кезде ол тек қана тарихи романдар оқиды.
6. – Оған тек қана Дастан ұнайды.
315-жаттығу. Берілген сөйлемдерді растаңыз. Жақшы ішіндегі сөздерді және болымсыз-
дық есімдіктерін пайдаланыңыз.
Үлгі: Онымен бәрі келісті (дауласу). – Иә, онымен ешкім дауласпады.
Ол бәріне қуанады (ренжімеу). Сабаққа бәрі уақытында келді (кешігу). Бәрі бірге жүгірді
(қалу). Бүгін Айжанның туған күні екені бәрінің есіне түсті (ұмыту). Бәрі Дастанның сая-
жайына баруға келісті (бас тарту).
Достарыңызбен бөлісу: |