З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019



Pdf көрінісі
бет185/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

316-жаттығу. Сұрақтарға болымсыз түрде жауап беріңіз.
Үлгі: Сіздің таныстарыңыздың бәрі Көкшетауда болды ма? – Жоқ, менің таныстарымның 
ешқайсысы Көкшетауда болған жоқ.
Сіздің достарыңыздың бәрі футболды жақсы көре ме? Сендер бәрің емтиханды алдын-ала 
(досрочно) тапсырғыларың келе ме? Сендер бәрің оқуға төлейсіңдер ме? Сендердің туыс-
тарыңның бәрі Астанада тұра ма? Олардың бәрі биыл (в этом году) сізге қонаққа келді ме? 
317-жаттығу. Сұрақтарға болымсыз түрде жауап беріңіз.
Үлгі: Конфет, печенье алдың ба? – Жоқ, дүкен жабық, конфетте, печенье де (ни конфет, 
ни печенье) алмадым.
Бүгін не алдың? Кітап, дәптер алдың ба? Сен Дәуреннен кеңес, көмек аламын деп үміт-
тендің бе? Мен түнде күннің күркірінен (гром), шудан ояндым. Ал сен күннің күркірегенін 
естідің бе? Сен ата-анаңнан хат алдың ба? Мүмкін жедел хат алған шығарсың? Бақтарыңда 
не өсіріп жатырсыңдар? Гүл ме, жидектер ме? Сен қандай аспапта ойнайсың? Роялда ма, 
сыбызғыда ма?
318-жаттығу. 
Сұрақтарға болымсыз түрде жауап беріңіз. Болымсыздықты күшейту үшін 
бірде бір, бірде біреуін тіркесін пайдаланыңыз (Для усиления отрицание употребите сочета-
ние ни один в нужной форме).
Үлгі: Мына жинақтағы барлық мақаланы оқыдың ба? – Жоқ, мен жинақтағы бір де бір 
мақаланы оқымадым.
Сен мәтінде көп қате жібердің бе? Баяндамашыға көп сұрақ қойылды ма? Сен осы айда 
көп хат алдың ба? Осы айда көп спектакль көрдің бе? Сен келесі жылға көп журналға жазыл-
дың ба? Сен «Жалын» журналының екінші номерін алдың ба?
319-жаттығу. Диалогтарды оқыңыз. Болымсыз мағыналы сөйлемдерге назар аударыңыз. 
Ұқсас диалогтар құрыңыз.
 – Сіздің соңғы әңгімеңізді қайдан оқуға болады?
- Ол әлі жарияланған жоқ (жарияланбады).


137
– Сіздің соңғы әңгімеңіз «Жұлдыз» журналына шықты ма?
- Жоқ, ол «Жұлдызға» емес, «Жалынға» шықты.
- «Гауһар тас» фильміндегі Тастан рөлін Құман Тастанбековтің ойнағанын көрдіңіз бе?
- Ол Тастанның рөлін ойнаған жоқ, сен шатастырып тұрсың.
- Меніңше, ол «Бандыны қуған Хамит» фильмінде ойнаған сияқты.
- Тағы да қателесіп тұрсың. Бұл фильмде Құман емес, Жолжақсынов ойнады.
- Бұл баяғыда болды ма?
- Баяғыда, сен ол кезде әлі дүниеге келген жоқсың.
- Сіздің ата-аналарыңыз да актер ме?
- Жоқ, мен мүлдем актерлер отбасынан емеспін.
320-жаттығу. 
Диалогты толықтырыңыз. Сізбен әңгімелесушінің ұсынысы дұрыс еместі-
гін айтыңыз, дұрыс мәліметті хабарлауыңызға болады. (Дополните диалоги. Скажите, что 
предложение вашего собеседника неверно. Можете сообщить правильные сведение).
Үлгі: - Саған кім звондады? Айжан ба?
          - Жоқ, маған Айжан емес, Гүлжан звондады.
 
  - Сен қашан Астанаға барасың?
          - ...................................................
          - Үшіншіге алманың шырынын аламыз ба?
          - ..................................................
          - Сен кіммен кеңескің келеді? Дастанмен бе?
          - .................................................
          - Дүкенге не үшін барасың? Нанға ма?
          - ................................................
          - Бөлмеңе қандай стол алғың келеді? Жазу столы ма?
          - ...............................................
          - Айжанға қандай сыйлық алдың? Сақина ма?
          - ...............................................


138


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет