З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019



Pdf көрінісі
бет194/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

332-жаттығу. Қимыл есімі мен үшін шылауының тіркесін пайдалана отырып, сұрақтарға 
қысқаша жауап беріңіз. 
Үлгі: Өзіңіздің досыңызға не үшін хабарластыңыз?
Бір мәліметті сұрау үшін.
1) а. Балаңызды не үшін математикалық мектепке бердіңіз?
     б. Сіз бүгін қаланың орталығына неге келе жатырсыз?


143
2) Сіз не үшін осы кітаптың үшеуін сатып алдыңыз? 
3) Сізге виза не үшін керек?
4) Студенттер қандай мақсатпен практикаға барады?
5) Емтихан қандай мақсатпен өткізіледі?
333-жаттығу. Жақша ішіндегі сөздерді пайдаланып, заттың неге арналғандығы туралы 
сұраққа жауап беріңіз.
Виза не үшін керек? (шетелге бару) Паспорт не үшін керек? (өзіңді растау – удостовере-
ние личности) Оқу билеті не үшін керек? (кітапханада жұмыс істеу) Фильтр не үшін керек 
(суды қалдықтардан тазарту) Мұнай не үшін керек? (бензин алу)
334-жаттығу.
 а) ЭВМ қолданылатын салаларды атаңыз және олардың қолданылу мақса-
тын берілген ақпараттарға сүйене отырып, айтыңыз.
Математика – теңдеуді шешу, есептеу; экономика – ақпаратты жеткізу, жинақтау; геоло-
гия – нәтижелерді өңдеу, архив – ақпаратты сақтау, құжаттарды іздеу.
б)  Сіздің  мамандығыңыз  бойынша  сізге  таныс  барлық  салаларда  ЭВМ-нің  қолданылу 
мақсатын айтыңыз.
335-жаттығу. 
а) Мәтінді оқыңыз. Ондағы мақсат мәнді конструкцияны табыңыз, оларға 
сұрақ қойыңыз, құрастырылған сұрақтарға сүйене отырып, физиктер туралы айтыңыз.
ХХ ғасырдың 30-шы жылдары ғалым-физиктер Ф.Жолио-Кюри Э.Резерфорд, Н.Бор және 
тағы  басқа  ғалымдар  атомдық  ғылымды  жылдам  дамыту  мақсатында  өздерінің  күшін 
біріктірді. Физик ғалымдар адамдарға пайда әкелу мақсатында, бейбітшілікке, прогреске 
қызмет ету мақсатында жұмыс істеді. Хиросима, Нагасаки трагедиясынан кейін ғалымдар 
қауіпті  қаруға  тыйым  салу  мақсатында  әр  түрлі  қалаларда  қарсылық  митингісін  өткізе 
бастады. Адамзатты құтқару мақсатында ғалымдар өздерінің ойлап тапқандарын өздері 
жоюға шешім қабылдады.
1957 жылы атом энергиясын бейбіт пайдалану мақсатында халықаралық агенттік (МА-
ГАТЭ) құрылды. (МАГАТЭ – международное агенство по атомной энергии).
336-жаттығу.
 Күрделі сөйлемдердің мазмұнын мақсатында, мақсатпен сөздерін пайда-
лана отырып, айтыңыз. Төменде берілген сөздерді пайдаланыңыз.
1. Ғалымдар қоршаған ортаның одан әрі қарай ластануын тоқтату үшін және қалдықтар 
мөлшерін азайту үшін жаңа технологиялар жасауда.
2. БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықтар арасында 
ынтымақтастықты дамыту үшін және қауіпсіздік пен бейбітшілікті қолдау үшін құрылды.
3. Барлық прогрессивтік күштер Жерде бейбітшілікті сақтау үшін күштерін біріктіру керек.
4. Дау-жанжалдарды реттеуге жаңа жол табу үшін барлық күшті салу қажет.
5. Планетадағы соғыс ошақтарын жою үшін бейбітшіл күштер қажетті шараларды қол-
дануда.
(қолдау, дамыту, азайту, тоқтату, сақтау, жою)
337-жаттығу. Мақсат мағыналы конструкцияларды пайдалана отырып, сұрақтарға жа-
уап беріңіз.
Экология және адам құқығы бойынша халықаралық конференциялар қандай мақсатпен 
өткізіледі? Теледидарда қандай мақсатпен «Жануарлар әлемі», «Саяхатшылар клубы» ха-
барлары беріледі?


144


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет