327-жаттығу. Берілген сөйлемдердің мазмұнын қаншалықты сөзін пайдалана отырып,
жазыңыз.
Ол өнермен өте көп айналысса да, оның өміріндегі басты жұмысы медицина болып қал-
ды. Біз өте көп ұқсамасақ та бізді бәрібір көп нәрсе біріктіреді. Біз одан бірнеше рет өзі ту-
ралы айтуды сұрасақ та, ол үндемеді. Ол осы есеппен ұзақ отырса да, ештеңе шықпады. Мен
өзімнің таңдауымның дұрыстығына толық сенемін, бірақ бәрі бір күдіктендім, толқыдым.
328-жаттығу. Берілген сөйлемдерді оқыңыздар. Сөйлемдердің мағынасына назар аударыңыз.
Біз қанша тырыссақ та, ешкім бізге көңіл аудармады. Ол қанша ойланса да, ешқандай
маңызды ой басына келмеді. Балалар қанша жылы киінсе де, олар далада көп жүре алмады,
сыртта аяз қысып тұр. Әңгіме қанша тартымды болса да, менің кетуіме тура келді. Ол тура-
лы қанша айтылса да, ол жаман адам емес. Ол қайда жұмыс істесе де, ол адамдармен ылғи
жанжалдасып қалатын. (Где бы он ни работал, он всегда конфликтовал с людьми). Оған қан-
дай сұрақ берілсе де, оның жауабы әрқашан дайын.
142
Достарыңызбен бөлісу: |