З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019



Pdf көрінісі
бет199/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

341-жаттығу. Осы жағдаятта не қажет екенін айтыңыз. (жақша ішіндегі сөздерді пай-
даланыңыз)
Үлгі: Тәжірибе үшін не қажет? (ас тұзы; алдын ала тұз ерітіндісін тазалау) – Тәжірибе 
үшін ас тұзы керек. Тұз ерітіндісін алдын ала тазалау қажет.
1. Экскурсия үшін не қажет? (автобус; автобусқа ертерек тапсырыс беру)
2. Ауруға не керек? (жедел ота, барлық анализдерін тапсыру)
3.  Тұмаумен  ауырғанда  не  керек?  (дәрігер  шақыру,  дәрі  және  витаминдер  қабылдау
сұйық тықты көп ішу)
4. Біздің денсаулығымыз үшін не істеу керек? (спортпен айналысу, жақсы тамақтану, ви-
таминдер қабылдау, саламатты өмір салтын жүргізу)
342-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз. Іс-әрекеттің болатындығын айтыңыз.
Үлгі: - Емтихан сағат 11 - де бастала ма?
          - Иә, емтихан сағат 11 - де басталуы керек. 
1.  Сенде ағылшынша - қазақша сөздік бар ма?
2.   Біз бүгін кешке кездесеміз бе?
3.   Мына вакцина гриппке көмектесе ме?
4.   Жексенбіде ауа райы жақсы бола ма екен? 
5.  Астанадан самолет сағат 12 – де ұшып келе ме?


146
343-жаттығу.  Сөйлемдерді  оқыңыз.  Тиістілікті,  қажеттілікті,  керектікті  білдіретін 
сөздерге назар аударыңыз. Өзіңіз сөйлем құрастырыңыз.
Қазақ тілін жақсы білуім үшін маған көп дайындалу қажет. Бүгін менің ата-аналарыма 
баруым керек, себебі әкем ауырып қалды. Әрбір азамат заңдарды сақтауы міндетті. «Сен 
жақсы оқуға тиіссің», – деп әкесі баласына ескертті. Менің осы еңбекті аяқтап шығуым ке-
рек, себебі жүйелі жазылған жаттығулар аз. Әкеме хабарласуым керек, себебі ол кісі мені 
үнемі іздеп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет