З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019



Pdf көрінісі
бет200/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

Назар аударыңыз!
Тиіс сөзі - тиістілікті, қажеттілікті білдіретін ең бейтарап сөз. Міндет, міндетті сөзінде 
қызмет көрсету немесе әлеуметтік міндет сипатының бар екендігін көрсетеді, сондықтан 
кітаби нұсқаларда жиі қолданылады: Үкімет жыл сайын бюджетті қалыптастыруға міндет-
ті. Субъект жүзеге асыратын міндеттілік, керектілік, қажетті әрекет басқа да синтаксистік 
конструкциялармен де беріледі.
344-жаттығу. Жақша ішіндегі сөздерді пайдаланып, сөйлемді толықтырыңыз.
Оқытушының (міндет) – студенттерді жақсы оқыту. Студенттерді оқыту оқытушының 
(міндет) болып табылады. Әрбір студенттің (парыз) – жақсы оқу. Біздің (парыз) – ата-ана 
еңбегін ақтау. Біздің (борыш) – жас ұрпаққа жақсы аманат қалдыру.
345-жаттығу. Әрекеттің қажеттілігін білдіретін сөйлемдерді оқыңыз. Осыған ұқсас сөй-
лем құрастырыңыз.
Менің  кітапханаға  баруым  керек.  Желтоқсанның  соңына  қарай  бізге  лабораториялық 
жұмысты  орындауымыз  қажет.  Далада,  таза  ауада  көбірек  жүру  керек.  Сіздерге  қазақша 
көбірек сөйлеу керек. Сізге үлкен сөздік сатып алу керек. Бұл әнді жиі тыңдауың қажет
Балаларға көп қимылдау қажет.
346-жаттығу. Диалогты оқыңыз. Модаль сөзді (керек, қажет, тура келеді) конструкция-
ларды пайдалана отырып, сөйлемдердің мазмұнын айтыңыз.
1. – Сен әлі дайындаласың ба? – Иә, ертең семинарда баяндама жасау ....
2. – Сен бізбен бірге стадионға барасың ба? – Жоқ, менің әлі мақаланы аудару ....
3. – Сенің басқа елге кеткің келе ме? – Жоқ, мен осында дүниеге келдім, осында өмір сүру ....
4. – Менің жұмыс уақытым бітті. – Маған тек қана мөр басу ..., бір минут уақыт бөліңізші.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет