З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019


Қалағандықтың – қаламағандықтың берілуі



Pdf көрінісі
бет210/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

Қалағандықтың – қаламағандықтың берілуі
(выражение желательности – нежелательности)
Назар аударыңыз!
Қалағандық  –  қаламағандық  семантикалық  категориясы  сөйлеушінің  қалау,  ұмтылыс, 
ниетін  немесе  іс-әрекет  етуші  субъектінің  әлде-бір  әрекетті  жүзеге  асыруы,  асырмауын 
білдіретін  субъективті  модальдылық  категориясына  жатады.  Бұл  категория  қалау  мән-
дегі  етістіктердің  лексика-семантикалық  тобын  құрайтын  синтаксистік  конструкциялар 
арқылы беріледі.
361-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыз. Қалау мәнді сөйлемдердің құрылымына назар ауда-
рыңыз. Өз сөйлемдеріңізді жазыңыз.
Менің  театрға  барғым  келеді.  Баланың  ұйықтағысы  келді.  Ол  бар  жан-тәнімен  сізге 
көмектессем, – деп тілейді. Мені дұрыс түсінуге тырысыңыз. Атасы немересіне кіріп шығуға 
жиналды. Ол өзінікін дәлелдеуге ниеттенді. Менің сізді көргім келеді. Оның оқығысы ке-
леді. Мен сізбен сөйлессем бе деп едім, бірақ сіздің уақытыңыз болмай ма деп қорқамын. 
Сіздің менімен карта ойнағаныңызды қалаймын. Бізді бүгін жұмыстан ертерек жібергенін 
қалар едім. Біз сіздің тезірек сауығып кеткеніңізді қалаймыз. Оқытушы студенттердің са-
бақтан кешікпеуін талап етті. Бәріміз балалардың аман-сау өсуін қалаймыз.
Ол  сізге  көмектесер  еді,  өкінішке  қарай  үйде  жоқ.  Қазір  аздап  ұйықтап  алсақ  қой.  Бір 
жаққа барып келсек-ші! Театрға барып келсек қой! Бір апта емделіп алсам ғой.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет