З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019


Бір іс - әрекетке рұқсат сұрау, өтініш құрылымы



Pdf көрінісі
бет218/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

Бір іс - әрекетке рұқсат сұрау, өтініш құрылымы
Кімге + қимыл есімі + бары септігі + бола ма / болмай ма
Мұндай өтінішке жауап бұйрық рай формасында жиі кездеседі.
Мысалы:  Біздің мына журналды қарауымызға бола ма? .  – Жақсы көріңдер!
Менің досымның мына кітапты алуына бола ма? - Жарайды, алсын. 
373-жаттығу. Берілген жағдаятта қарай бір нәрсе істеуге рұқсат сұраңыз. 
Үлгі: а) Сіздің осы оқытушымен сөйлесуіңіз керек. – Сізбен сөйлесуіме бола ма?
1. Сіздің телефон шалуыңыз керек. 2. Сіздің бірнеше минутқа сөздікті алуыңыз керек.                  
3. Сіздің мына оқулықты көргіңіз келе ме? 4. Сіздің сабақтан 10 минут ертерек кетуіңіз ке-
рек. 5. Сіздің құрбыңызды концертке шақырғыңыз келеді. 
б) Сіздің терезені ашқыңыз келеді. – Терезені ашсам бола ма? 
1. Сіздің теледидарды қосқыңыз келеді. 2. Сіздің темекі шеккіңіз келеді. 3. Сіздің доста-
рыңызбен қала сыртына шыққыңыз келеді. 4. Сізді мына журналды оқуға алғыңыз келеді. 
5. Сіздің суреттерді қарап шыққыңыз келеді. 
Іс-әрекет мүмкіндігінің білу, үлгеру және жолы болу, сәті түсу етістіктерімен берілуі
Түсініктеме. Кім + үлгеру, білу, жолы болу құрылымы іс-әрекет мүмкіндігінің сапаға жағда-
ятқа қатысты екендігін көрсетеді. Осы етістіктердің қосымша да мағынасы бар. 
Салыстырыңыз: 
Сен жүзе білесің бе? 
Оның даусы жақсы, бірақ қазақ тіліндегі 
көп әндерді білмейді.
Сен өзеннен жүзіп өте аласың ба? (мұнда 
әңгіме  біліктілік  туралы,  өзеннен  жүзіп 
өтуге батылдығы жете ме, жетпей ме) 
Ол бүгін ән айта алмайды, оның тамағы 
ауырып  тұр.  (мүмкін  бұл  адам  ән  айта 
алады, бірақ ол қазір бұл әрекетті орын-
дай алмайды. 
 
374-жаттығу.  Сөйлемдерді  толықтырыңыз.  Көп  нүктенің  орнына  қажетті  сөзді  жа-
зыңыз (білу, ... алу)
1. Есіңе түсірдің бе, фильмнің аты қалай еді? Жоқ, есіме түсіре... . 2. Ол өз ойын жақсы ба-
яндайды. – Иә, ол өз ойын жақсы баяндай ... . 3. Сіз неге билемейсіз? – Билей ... ?
 – Жоқ, шаршап тұрмын.  4. Сен шаңғы тебе аласың ба? – Жоқ, мен бұрын тіпті қарды да 


156
көрген емеспін. 5. Сен неге осы уақытқа дейін бақылау жұмысын тапсырмағансың? - Соңғы 
есепті шығара ... . 6. Сурет салу керек мына плакатқа. - Кім сала ... ? 7. Сіз коньки тебе аласыз 
ба?  Иә, аздап үйрендім. – кешке сырғанауға барайық. – Жоқ, бара ... бізде ертең бақылау жұ-
мысы болады, дайындалу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет