Назар аударыңыз!
Іс-әрекеттің өту интенсивтілігі әр түрлі деңгейде беріледі (өте, мүлдем, әбден, аса,
тым т.б.). Бұл сөздердің өзі тікелей іс-әрекеттің өзін сипаттай алады (Ол әбден сасқалақта-
ды) немесе интенсивтілігін анықтайды. Ол мүлдем өтірік айтты.
412-жаттығу.
а) орыс тілінде берілген үстеулерді келесі семантикалық топтарға бөліңіз:
б) шамадан тыс қимыл-әрекетті білдіретін, іс-әрекеттің болмашы, болар-болмас интен-
сивтіліктігін білдіретін үстеу.
Вполне, излишне, довольно, чересчур, слегка, слишком, несколько, исключительно, край-
не, совершенно, достаточно, относительно, сравнительно, чрезвычайно, совсем, немного,
чрезмерно, очень; в) жоғарыда берілген сөздерді сөздіктен қарап, қазақша баламасын жа-
зыңыз, үш топқа бөліңіз.
413-жаттығу. Әріптесіңіздің сөзін растаңыз, асты сызылған сөздерге мағынасы жақын
сөздерді қолданыңыз.
Кеше саған сыйлық тапсырғанда аздап толқыдың-ау деймін. Ол адамдарға шамадан тыс
талап қояды. Біз жеткілікті түсіндірдік қой деймін. Айсәуле өзінің жұмысын жылдам мең-
герді ғой деймін. Келіссөздер тым шиеленіспен өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |