Зат (ұғым) атауының берілуі
Выражение наименование предмета (понятия)
17-жаттығу. Сұрақтарды және жауаптарды оқыңыз.
Егер терминді біліп, оның анықтамасын білмесек, қандай сұрақ қоямыз? Егер терминнің
анықтамасын біліп, термин-сөзді білмесек, қандай сұрақ қоямыз? Термин-сөз қай септікте
қолданылады?
1. Жердің тіршілік бар қабатын қалай атайды?
- Жердің тіршілік бар қабатын биосфера деп атайды.
2. Жердің тіршілік бар қабаты қалай аталады?
- Жердің тіршілік бар қабаты биосфера деп аталады.
3.Биосфера дегеніміз не?
- Жердің тіршілік бар қабаты биосфера деп аталады.
Нені биосфера деп атайды?
- Жердің тіршілік бар қабатын биосфера деп атайды.
18-жаттығу. Берілген сөйлемдерде жауабы бар сұрақтарды ойластырыңыз. (Сформули-
руйте вопрос, на который содержится ответ в данном предложении)
1. ....? – Дәлелдемесіз қабылданатын пайымдау - аксиома деп аталады.
2. ....? Бірдей мағыналы сөздер синоним деп аталады.
3. ....? Қоғам мен қоршаған ортаның өзара әрекетінің заңдылықтары экология деп аталады.
4. ....? Қарама-қарсы мағыналы сөздер антоним деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |