З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019



Pdf көрінісі
бет85/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

3. Объектілік қатынастар
Іс-әрекеттің адресат объектіге бағытталғанының берілуі 
(Выражение объекта-адресата действия)
40-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыз. Адресат-объектінің барыс септігі арқылы жасалуына 
назар аударыңыз. Асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңыз.
1. Жазушыға осы  кітаптары әлемдік даңқ әкелді.
2. Даттық физик Нильс Борға атом және кванттық механика теориясын ашқаны үшін 
1922 жылы Нобельдік сыйлық берілді. 
3. Менің көршім туыстарына, достарына жиі хат жазады.
4. Оқытушы студенттерге жаңа сабақты түсіндірді
5. Нобель сыйлығы мемлекеттік қайраткерлерге де беріледі.
41-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз. Бірінші қысқа жауап беріңіз, содан соң толық түр-
де жауап беріңіз.
Үлгі: Сіз Нобель сыйлығының лауреаттары туралы кітапты өзіңізге немесе өзіңіздің до-
сыңызға алдыңыз ба?


67
1) Өзіме. 2) Мен Нобель сыйлығының лауреаттары туралы кітапты өзімнің досыма ал-
дым.
1. Сіз керемет отбасы – Кюрилер туралы маған немесе студенттерге әңгімелеп бересіз бе?
2. Сіз ағаңызға немесе әпкеңізге хат жаздыңыз ба?
3. Сіз досыңызға немесе өзіңіздің сіңліңізге телефон шалдыңыз ба?
4. Сіз деканға түсініктеме хат жаздыңыз ба?
42-жаттығу. Сөйлемдерден адресат-объектіні табыңыз. Сұрақ қойыңыз. 
Бейбітшілік сыйлығынан басқа барлық сыйлықтар тек жеке адамдарға
және бір-ақ рет беріледі. Тек ерекше еңбектері үшін М.Склодовская-Кюриге (1903, 1911), 
Л.Полингке (1954, 1962 екі рет берілді. 1901 жылдан 1973 ж. дейін 311 адамға халықаралық 
Нобель сыйлығы берілген. 1962 ж. Л.Д.Ландауға халықаралық Нобель сыйлығы берілген. 
              (Қазақ энциклопедиясынан)
43-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз. Жақша ішіндегі сөздерді пайдаланыңыз.
Сіз кімге хат жазасыз? (Айжан). Сіз кімге жеделхат салдыңыз? (Асқар). Сіз кімге кеңес 
бердіңіз? (студент). Сіз кімге сәлем айттыңыз? (Сәуле). Сіз кімдерге лекция оқыдыңыз? (ма-
гистранттар).
44-жаттығу.  Сөйлемдерді  салыстырыңыз.  Ақпарат  көзі  болған  объектінің  тұлғасын 
анықтаңыз. Қай септікте?
1. Кешке Айжан шешесінен хат алды.     
2. Жаңа жылда Дастан достарынан көпте-
ген құттықтау хат алды.             
3. Мақала авторы газет оқырмандарынан 
көп хат алды.                                        
4.  Нобель сыйлығының  лауреаттары  ту-
ралы кітаптан оқыдық.               
5. Болған оқиға туралы мен көршіден біл-
дім.                                                                    
Айжан шешесінің хатынан                           
көпжаңалықтар туралы білді.
Құттықтау  хаттардан  Дастан  өзінің  дос-
тары туралы білді.
Автор хаттардан оқырмандар туралы білді.
Біз Нобель сыйлығының лауреаттары тура-
лы энциклопедиялық кітаптан оқыдық.
Болған  оқиға  туралы  мен  радионың  ха-
барлауынан білдім.
45-жаттығу. Сөйлемдерді аяқтаңыз, ақпарат көзі-объектіні табыңыз. 
Студент өзінің диплом жұмысы туралы жақсы пікір алды. (жетекші, оппонент). Салтанат 
Нобель туралы ақпаратты ............ тапты. (интернет) Ол Тереза шешей туралы ......... оқыды.. 
(газет). Анна Нобельдік лауреаттар ...... көптеген мақала оқыды. (басылым).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет