13-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыз. Сізге таныс қай құрылым осы сөйлемдерде берілген
мағынаны жеткізе алады?
1. Материалдық мәдениет рухани мәдениет дамитын қондырғы (базис) ретінде қаралады.
2. Жеке адамның дамуы адамзат дамуының негізгі факторы ретінде бағаланады.
Мен оны өзімнің жақтасым ретінде қабылдаймын.
Кім нені
қарайды
талдайды
ұйымдастырады
бағалайды
анықтайды
қабылдайды
түсінеді
санайды
не (қаралады)
не (талданады)
(ұйымдастырылады)
не (бағаланады)
не (анықталады)
не (қабылданады)
не (саналады)
14-жаттығу. Ақпаратты саналу, санау етістіктерін қолдана отырып жеткізіңіз.
1. Ұлтаралық қақтығыстар елдің ішкі істері ретінде қаралады.
2. Бұл сөзді мен өкпелту деп түсінемін.
3. Сот магнитофондық жазбаларды дәлелдеме ретінде қарамайды.
4. Мына тестілердің мазмұнын тілдік білімді бағалау ретінде қараймын.
5. Қолыңыздағы сөздікті тақырыптық сөздік ретінде бағалаймын.
15-жаттығу. Сөйленімді жалғастырыңыз. Оң жақта берілген сөздерді пайдаланыңыз.
1. Бұл хатты мен ... ретінде қабылдадым.
2. Оқымыстылар өткен тарихты оқу ... деп
санайды.
3. Оның әрекетін мен ... деп түсіндім.
4. ..............................................
5..................................................
әзіл
қазіргі мәдениетті байыту құралы
татуласуға тырысу
16-жаттығу.
Жиырмасыншы ғасыр аяқталған, біз осы ғасырда болған оқиғалардың
маңызын жеке тұлғалардың рөлін бағалай аламыз. Ғасыр оқиғасы деп әркім әр түрлі пікір
айтады, сіз не айтар едіңіз? Ғасырдың әр түрлі оқиғалары, адамдары туралы өз пікіріңізді
айтыңыз. Ұсынылған варианттарды пайдалануыңызға болады.
1. Ғасыр құрылысы – Панама каналы, Ла-Манш бұғазы астындағы канал.
Панама каналын, Ла-Манш бұғазы астындағы каналды ғасыр құрылысы деп санаймын.
2. Ғасырдағы жаңалықтар – атом бомбасы, компьютер.
3. Ғасыр сыйлығы – Нобель сыйлығы.
4. Ғасыр фирмасы – Сони, Адидас, Мерседес.
5. Ғасыр апаты – «Титаниктің суға батуы», Токиодағы жер сілкіну (1923), Чернобыль апаты.
6. Ғасыр саясаткерлері – Уинстон Черчиль, Шарль де Голль, Михаил Горбачев.
7. Ғасыр кереметтері - ..........................................................................
|