З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019



Pdf көрінісі
бет125/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

156-жаттығу. Мұражай, театр, кітапхана, сарайлар, университеттер қайда орналасқан-
дығы туралы жолдастарыңызға сұрақ қойыңыз.
157-жаттығу. Сұрақтарға жауап бере отырып, өзіңіздің мемлекетіңіздің астанасы тура-
лы әңгімелеңіз, орталық, шеті, көше, қиылыс, бульвар, гүлзар, жағалау, алаң, даңғыл сөздерін 
пайдаланыңыз.
Парламенттің ғимараты қайда? Ұлттық мұражай қай көшеде? Ұлттық университет қай-
да? Ең үлкен қонақ үй қайда? Студенттер қалашығы қай жағында? Вокзал, стадион, парктер 
қайда? Көрме орталықтары, цирк, зоопарк қайда?
158-жаттығу. Сұрақтарды бір-біріңізге бере отырып, жақша ішіндегі сөздерді пайдаланып, 
жауап беріңіз.
Греция  қандай  жартыаралда  орналасқан?  (Балқан  жартыаралы)  Швеция  қандай  жар-
тыаралда орналасқан? (Скандинавия жартыаралы) Ботаниктер өсімдіктің 700 түрін қай-
дан тапты? (Камчатка) Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін гитлерлік коалицияға қарсы 


91
мемлекет басшылары У.Черчилл, Ф.Рузвельт және И.Сталиннің кездесуі қайда өтті? (Ялта, 
Қырым).
159-жаттығу.  Түркия  картасына  қарап,  Түркияның  орналасқан  жерін  сипаттаңыз. 
Оңтүстігіндегі, солтүстігіндегі, Шығыс, Батысындағы мемлекеттерді, теңіздерді атаңыз.
160-жаттығу.
 а) Диалогты оқыңыз. Кеңістіктік конструкциялы сөздерге сұрақ қойыңыз.
- Сіз көп саяхаттайсыз ба?
- Иә, менің көп жол жүруіме тура келді.
- Қандай елдерде болдыңыз?
- Көп елдерде. Индияда, Мексикада, Италияда, Кубада, Моңғолияда, Алжирде және тағы 
басқа елдерде болдым.
- Ал қандай аралдарда болдыңыз?
- Мальтада, Скандинавия аралдарында болдым.
- Ал шөлейттерде (в пустыня) болдыңыз ба?
- Иә, болуға тура келді. Бір емес бірнеше рет Тоби, Сахара шөлдерінде болдым.
б)  Келесі  атауларды  пайдалана  отырып,  жоғарыда  берілген  жаттығуға  ұқсас  диалог 
құрыңыз: Цейлон, Австрия, Бельгия, Греция, Кипр, Мадагаскар, Қарақұм, Сахара.
161-жаттығу.  Аралық  қашықтықты  нақтылайтын  конструкцияға  назар  аударыңыз. 
Осы құрылымдарға сұрақ қойыңыз, жауап беріңіз.
Көкшетаудан  12  шақырым  (км)  жерде демалыс үйі орналасқан.  Ауылдан үш шақырым 
жерде диірмен бар. Ауылдан 15 шақырым жерде, теңіз деңгейінен 3120 метр биіктікте бір 
көне қаланың орны бар. Қаладан шыға берісте, екі шақырым жерде шағын ауыл орналасқан.
162-жаттығу. Әрекеттің немесе бір қалып-күйдің мекенін көрсете отырып, сөйлемдерді 
толықтырыңыз. Жақша ішіндегі сөздерді пайдаланыңыз.
Эльбрус  шыңы  ...  (теңіз  деңгейінен  биіктігі  5633  метр).  Альпі  үңгірлерінің  бірінде  ...                  
(тереңдігі 117 метр) өсімдіктердің көптеген түрі кездескен. Байкал түбіндегі тастар ... (40 метр 
тереңдік) көрінеді. Мексикадағы Саргасс теңізі түбіндегі тастар ... (60 метр тереңдік) көрінеді.
163-жаттығу. Қасы, жаны, маңы, алды, арты т.б. көмекші сөздерімен келген құрылымға 
назар аударыңыз.
Министрлік үй Астана қаласы Есілдің сол жағалауында. Министрліктер үйінің қасында 
жақсы бақ бар. «Бәйтеректің» маңында адамдар көп жүреді, себебі ол жер өте көрікті. «Оты-
рар» кітапханасының жанында оқу ғимараты бар. Оқу ғимаратының алдында студенттер 
әңгімелесіп тұр. Ұлттық кітапхананың артында мұрағат үйі бар.
164-жаттығу. Алыс емес, жақындау, қатар, қашықтықта сөздерін пайдалана отырып, 
сұрақтарға жауап беріңіз. Жақша ішіндегі сөздерді пайдаланыңыз.
ҚазҰУ-дің қалашығы ... (Ботаника бағы). Ботаника бағы ... («Атакент» көрме орталығы). 
Республикалық физика-математика мектебі ... (ҚазҰУ). Оқушылар үйі ... (ұлттық мұражай). 
Ұлттық кітапхана ... (университет).


92
165-жаттығу. Оң жақ қатардағы сөйлемдерді сол жақ қатармен салыстырыңыз. Сино-
нимдік конструкцияларға назар аударыңыз.
Моңғолия Қазақстанның шығыс жағына 
қарай орналасқан.
Қытай Қазақстанның оңтүстік шығысына 
қарай орналасқан.
Жапония Қытайдың солтүстік шығысына 
таман орналасқан.
Украина  Қазақстанның  солтүстік  баты-
сына таманырақ орналасқан.
Моңғолия Қазақстанның шығыс жағында.
Қытай Қазақстанның оңтүстік шығысында.
Жапония Қытайдың солтүстік шығысында.
Украина  Қазақстанның  солтүстік  баты-
сында.
166-жаттығу. Карта бойынша бірнеше мемлекеттің, қаланың, көлдердің төрт құбыла (с 
учетом стран света и их частей) бойынша орналасуын анықтаңыз.
167-жаттығу. Кеңістіктік конструкцияларына назар аударыңыз. Сұрақтар қойыңыз.
Алматы екінші вокзалының алдында Абылайхан ескерткіші тұр. Бағдаршамның алдына 
машина тоқтады. Балалармен келе жатқан автобустар коллонасының алдында мемлекет-
тік автоинспекция машинасы жүріп отырды. Біздің артымызда достарымыз отырды. Само-
лет бортының сыртында ауаның температурасы - 40°-қа төмендеді. Спортсмен-велосипед-
шілердің артында санитарлық машина жүріп отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет