Оқиғадан бұрынғы, алдындаболған мезгілдің берілуі (обозначение временного предшествование) Қашан? Қай уақытқа дейін? Неге дейін? Ненің алдында? Ненің қарсаңында? Сапарға дейін
Мектепке дейін
Сапар алдында
Мереке қарсаңында
Таң алдында
Назар аударыңыз: Бұл конструкция бір әрекеттің басқа әрекеттен бұрын болғандығын
білдіреді.
219-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыз. Мезгіл мәнді конструкцияны табыңыз. Астанаға келгенге дейін мен Әл-Фараби атындағы университетте жұмыс істедім. Мек-
тепке дейін үлкен қызым ауылда болды. Операция алдында оның көңіл күйі болмады. Ше-
телге сапар шегу алдында ол ағылшын тілі курсына барды. Осы кездесуге дейін олар таныс
емес еді. Сапар алдында мен түнімен ұйықтамадым. Мектепке дейін-ақ Дастан 1-ші сынып
бағдарламасын оқып алды. Емтихан алдында ол уайымдай бастады.