З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019


Шарт мәнді қатынастың берілуі. Шынайы шарттың берілуі



Pdf көрінісі
бет171/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

12. Шарт мәнді қатынастың берілуі. Шынайы шарттың берілуі
284-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыз. Шарт мәнді конструкцияға назар аударыңыз.
Егер суды 0° - дейін мұздатсақ, ол мұзға айналады. Егер біз дизельдік жағармаймен жұ-
мыс істейтін көліктердің санын көбейтетін болсақ, қалада ауа қатты ластанады. Егер біз 
қоршаған ортаны қорғау бойынша дер кезінде шаралар қолданбасақ, онда қалада эколо-
гиялық  жағдай  төмендейтін  болады.  Егер  біз  суды  100°-қа  дейін  қыздырсақ,  ол  қайнай-
ды. Егер біз аллюминийдің (Al) ұнтағын қыздырсақ, ол жана бастайды. Егер біз металды 
балқытсақ, ол өзінің формасын жоғалтады.
285-жаттығу. 
Өтініш  немесе  кеңесті  орындаудың  шарты  болып  табылатын  ақпарат-
тарға сүйене отырып, өтініш немесе кеңес айтыңыз. (Выразите какую-либо просьбу или 
совет, опираясь на данную информацию, которая является условием выполнения просьбы 
или совета).
Менің досым «Эврика» кітап дүкеніне Қазақ халқының мақалдары мен мәтелдері кіта-
бын  сатып  алу  үшін  барады.  Біздің  оқытушымыз  университет  кітап  дүкенінде  Абайдың 
өлеңдері кітабы сатылғанын айтты. Менің осы кітапты сатып алғым келеді. Маған көне 
зергерлік бұйымдар ұнайды. Ертең мен «Өнер» мұражайына тағы да барғым келеді.
286-жаттығу. 
а) Мәтінді оқыңыз. Шарт мәнді құрылымды пайдалана отырып, сұрақтарға 
жауап беріңіз. Мәтіндегі фактілерді өзіңізге таныс мысалдармен нақтылаңыз, дәлелдеңіз.
Адам қоғамда дамиды, өседі. Егер жаңа туылған баланы адамдар мекендемейтін аралға 


130
апарып тастасаңыз, егер ол тірі қалса, ол тамаша жүгіреді, секіреді, ағаштарға өрмелейді, 
өзіне тамақ таба алады, бірақ ол сөйлемейтін болады. Сөйлеуді ешкімнен үйренген жоқ, еш-
кіммен ол сөйлесе алмайды. Егер адам қоғамнан тыс қалса, ол адамша өмір сүруден, адамша 
ойлау, сөйлеуден қалады. Егер ол адамдарға қайта оралса, оның ойлау қабілеті пайда бола-
ды, ол сөйлей бастайды.
287-жаттығу. 
а)  Қазақ  мақал-мәтелдерін  оқыңыз,  мағыналарын  қалай  түсіндіңіз,                         
айтыңыз, түсіндіргенде егер сөзін пайдаланыңыз.
Көзің ауырса, қолыңды тый,
Ішің ауырса, аузыңды тый.
Досыңмен көп сөйлеспе – жолынан қалар,
Дұшпаныңмен көп сөйлеспе – сырыңды алар.
Бір тал кессең, он тал ек.
Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың. Еліңді сүйсең, ерлік істейсің.
б) Қандай жағдаяттарда берілген мақал-мәтелдерді пайдалануға болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет