З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019



Pdf көрінісі
бет172/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

Назар аударыңыз!
Шарт мәнді конструкцияның үш түрі бар:
1) реалды шарт мәнді құрылым
2) потенциалды шарт мәнді құрылым
3) ирреалды шарт мәнді құрылым.
Реалды шарт мәнді құрылымда шарт орындалуы мүмкін, оны жүзеге асыруға болады. 
Мысалы: Егер менің басым ауырып тұрса, мен сабаққа бармаймын.
Потенциалды шарт мәнді құрылымда шарт таңдауға негізделген. «Егер жаңбыр бастал-
са,  біз  экскурсияға  бармаймыз»  деген.  Сөйлемде  екі  мүмкіндік  бар:  жаңбыр  басталады  – 
жаңбыр басталмайды. Жаңбыр басты сөйлемдегі экскурсияға барамыз – бармаймыз деген 
әрекеттің жүзеге асуы нақ осы жағдай-шартқа байланысты.
Үшінші  түрі  –  ирреалды  шарт  мәнді  құрылымда  сөйлеуші  баяндаған  оқиға  орындал-
майды. Бұл түрінде қолданылатын егер де жалғаулығы оқиғаның, құбылыстың, әрекеттің 
ирреалды екендігін көрсетеді. Егер де біз Маржанға көмектескенімізде, ол барлық емтиха-
нын тапсырар еді, - деген сөйлемдегі басты бөлігіндегі әрекет орындалмай қалды. Маржан 
емтихан тапсырмады, шарт орындалған жоқ: Маржанға ешкім көмектескен жоқ.
Шарт  мәнді  қатынас  жай  сөйлемде  де  зат  есімнің  септік  жалғаулары  тұлғаларымен 
беріледі. Шарт мәнді жай сөйлемдерді егер сөзін қолдана отырып, күрделі сөйлемге оңай 
алмастыруға болады. Мысалы: Сіздің көмегіңізсіз мен курс жұмысын жаза алмас едім. – Егер 
сіз маған көмектеспегеніңізде, мен курс жұмысын жаза алмас едім. Жай сөйлемде зат есім 
бір нәрсенің жоқтығы, бар екендігі әрекеттің жүзеге асуының шартын білдіреді. Мысалы: 
Еңбексіз  мал  таппайсың,  Деканның  рұқсатынсыз  мен  емтихандарды  алдын-ала  тапсыра 
алмаймын.
Өрт болған жағдайда 01-ге звондаңыз. Самолет кешіккен жағдайда жолаушыларға қонақ 
үйден орын беріледі. Қажет болған жағдайда маған хабарласыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет