Заң факультеті Азаматтық және қылмыстық құқықтық пәндер кафедрасы



бет4/4
Дата13.06.2016
өлшемі1.18 Mb.
#133714
1   2   3   4

ҚОРЫТЫНДЫ
Жүргізілген зерттеу жұмысының қорытындысын жасаймыз.

Жұмыс экологиялық заңдарды бұзғаны үшін азаматтық құқықтық жауапкершілік деген тақырыпта жазылған. Бұл мәселенің мәнін ашуда көптеген ғалымдардың еңбектеріне талдау жасалды. Сонымен қатар зерттеудің негізіне қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін азаматтық құқықтық жауапкершілікке байланысты халықаралық келісімдер мен конвенциялар, Қазақстан Республикасының заңдары мен заң асты актілері, мемлекеттік бағдарламалар, салыстырмалы түрде кейбір шет мемлекеттердің нормативтік актілері кірді.

Жасалған талдау жұмысының негізінде мынандай нәтижелер алынды:

Қазақстан аумағы жағынан да, тұрғындардың жан басына шаққанда да әлемдегі экологиялық қалдықтармен ең көп ластанған аумақ болып табылады. Дәл бүгіннің өзінде анықталған деректердің өзі адамзаттың өмір сүруін тоқтауға таяған ахуалды көрсетеді. Қазақстан аумағының экологиялық ахуалы әлі толық анықталған жоқ. Қалыптасқан жағдайдың өзін алдын-алу, сауықтыру шаралары жүргізілуде.

Қоршаған ортаны экологиялық сауықтыру және қорғау әлемдегі әрбір мемлекеттің және әлемдік қауымдастықтың күрделі мәселесі.

Әлемдегі ғылыми-техникасы дамыған ірі, алдыңғы қатарлы мемлекеттер де экологиялық тығырықтан қашып құтыла алмады. Бірақ бұл саладағы қоғамдық қатынастарды экономикалық әлеуетінің басымдығының және дамуы артта қалған елдердің есебінен нақты экологиялық басымдық принциптерді ұстануының нәтижесінде өркениетті түрде құқықтық реттеуге қол жеткізді. Еліміздің бүгінгі және келешектегі күн көрісі - оның халқының денсаулығының, арзан жұмыс күшінің, экологиялық лас өндірістің және келешекте гендік қоры бүлінген жарымжан мүгедек ұлттың қалыптасуы есебінен өтелуі тиіс емес. Қоршаған ортаның экологиялық мәселесін шешудегі маңызды тәсіл болып, қоршаған ортаны экологиялық ластанудан құқықтық қорғау болып табылады. Бұл тәсіл бір-бірімен байланысты басқа да тәсілдермен жүзеге асырылады. Олардың негізі-құқықтық тәсіл.

Мұның басқалардан ерекшелігі:

-Табиғи ортаның қорғалатын объектілерін айқындайды;

-Экологиялық қарым-қатынасты реттеу барысында тыйым салатын, міндеттейтін, құқық беретін, ерік беретін, өтеу міндетін жүктейтін және тағы да басқа нормаларды қалыптастырады;

-Экологиялық құқық бұзушылық болған жағдайда, келтірілген залалды өтеу және құқықтық жауапкершілік мәселелерін шешеді.

Ел Конституциясында салалық заңдармен салыстырғанда, азаматтардың өмір сүруге құқығы және келтірілген залалдарды толық өтеу құқығы олардың тұрғын-жайларына қол сұғылмау туралы анық айтылғандай етіп қолайлы қоршаған ортада өмір сүру құқығы тұжырымдалмаған.

Егер Конституциялық принципті, яғни азаматтардың денсаулығын сақтауға құқылы екендігін (29 бап.1 б.), мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қоятындығын (31 бап. 1 б.), мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары (1 бап. 1 б.) екендігін, және басқа да заңдық принциптерді, соның ішінде мәселен, экологиялық заңда көрсетілгендей, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтіру екендігін ескерсек, мұндағы барлық нормалардан нақты азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға ие болу құқықтарының танылуын және оның сақталуының мемлекеттік кепілдігі берілетіндігін көре алмаймыз.

Бұл шын мәніндегі объективтік шындық болып табылады. Азаматтарды толық қолайлы қоршаған ортамен қамтамасыз ету сатылы түрде біртіндеп келешекте іске асырылатын шара.

Біздің ойымызша, құқық нормаларының құрылымдық белгілеріне жоғарыда жасалған талдауларға сай, экологиялық заңдарды бұзғаны үшін азаматтық құқықтық жауапкершілік экологиялық құқықтың жалпы бөлімінің жеке институтын құрайды.

Дамыған мемлекеттерде қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан келтірілген залалдарды өтеу барысында жауапкерді анықтау мүмкін болмаған немесе талапты орындау мүмкін болмаған жағдайларда келтірілген залалды өтеу үшін арнайы қорлар құрылған. Бұл тәжірибені біз де заңдастыруымыз қажет. Осы мақсаттағы Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасының ережелерiн кезең-кезеңмен iске асыру 2010 жылға қарай қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыруға қол жеткізуді болжайды. Алайда, экологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін үлкен дайындық жұмысы қажет. Сондықтан қоршаған ортаның сапасын басқарудың жүйесiн оңтайландыру үшін мыналарды қарастыруымыз қажет деп ойлаймын :

-заңнама базасын жетілдіру;

-қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік басқармасының институционалдық негізін құру;

-мемлекеттік ,өндірістік, және қоғамдық бақылау жүйесін жетілдіру;

-қоршаған ортаның мониторинг жүйесін дамыту;

-табиғат қорғау жұмыстарын ғылыми қамтамасыз ету;

-экономикалық тетіктерді жетілдіру;

-әлеуметтік әріптестік тетіктерін дамыту;

-экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру;

-халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Қоршаған ортаға шаруашылық және өзге де қызметтің әсерiн азайту әрі мынадай жолмен табиғат қорғау-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу қажет деп есептеймін.

-жердің климаты мен озон қабатына антропогендік әсер етудi азайту;

-биоалуантүрлілікті сақтау;

-экологиялық апат аймақтарын, зымыран-ғарыш полигондарын және әскери-сынақ кешендерін оңалту;

-Каспий теңізінің қайраңы мен жақын аумақтардың ластануының алдын алу;

-су ресурстарының жұтауы мен ластануының, әуе бассейнiнiң ластануының алдын алу;

-жинақтаулар көлемдерін қысқарту, өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды жою және ұқсату;

БҰҰ-ның толыққанды мүшесi ретiнде Қазақстан жаһандық әрiптестiк негізінде тиiмдi экологиялық саясат жүргiзу үшiн халықаралық ынтымақтастықты пайдалануға тырысады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрi кеңейту мыналарды көздейдi:

-халықаралық шарттар мен келiсiм-шарттар бойынша мiндеттемелер шеңберiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық құқық нормаларына талдау жүргiзу, Еуропа Одағының елдерiмен заңнаманың барынша жақындасуын қамтамасыз ету; -Қазақстандағы табиғат қорғау халықаралық конвенцияларын iске асырудың құқықтық тетiктерiн әзiрлеудi жалғастыру;

-«XXI ғасырға арналған Жергiлiктi Күн Тәртiбiн» қалыптастырудың ғылыми-әдiстемелiк негіздерiн әзiрлеу жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;

-Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық конвенцияларды iске асыру жөнiндегi ұлттық есептердi дайындау және жай-күйiн бағалау;

-қоршаған ортаның мониторингі бөлiгiндегi Дүниежүзілік банк Метеорологиялық Ұйымның бағдарламаларына және Каспий экологиялық бағдарламаларының iс-шараларына қатысу

Қорыта айтқанда , қоршаған ортаның сапасынан халықтың ауыру-сырқауын бағалау проблемасы қатты көрініс беретіні айқын. Халықтың денсаулығының жай-күйін және өмір сүру ұзақтығына әсер ететін факторларды зерттеу өте көкейкесті мәселе. Әрбір қоғамның даму көрсеткіші ондағы азаматтардың құқықтарының қаншалықты дәрежеде қорғалу деңгейімен сипатталады. Соның ішінде экологиялық құқықтардың маңызы зор. Біздің елімізде адам құқықтарына байланысты экологиялық нормативтік актілер қоры жас, ол теориялық және тәжірибелік жағынан едәуір жетілдіруді қажет етеді. Ол үшін Негізгі заңнан бастап заңға негізделген актілерге дейін тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізілу қажет. Сонымен қатар құқық жасаушылықтан басқа да мемлекеттік деңгейде жоспарлы әр түрлі саланы қамтитын салиқалы экологиялық саясат жүргізу қажет. Менің ойымша, қоршаған ортаны қорғау, экологияны сақтау мақсатында төменде көрсетілген құқық нормаларына конституциялық сипат берілуі керек, яғни Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілуі тиіс.

Олар:

1. қолайлы қоршаған ортада болу құқығы;



2. қоршаған ортаның жай-күйі туралы дұрыс әрі толық ақпарат алу құқығы;

3. қоршаған ортаны қорғау туралы заңның бұзылуы салдарынан денсаулыққа және мүлікке келтірілген залалдың орнын толтыру құқығы.

4.салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында әрбір отбасында, балабақшаларда ,мектептерде, жоғары оқу орындарында табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау ,экологияны сақтауға тәрбиелеу қажет,насихат жұмыстарын жүргізу қажет деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Астана. Елорда, 2008 жыл. 6 ақпан.

2. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 7 мамырдағы №520 қаулысымен 2004-2006 жылдарға арналған Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi бағдарламасы.

3.ҚР Үкіметінің 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы.ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы №1278 қаулысы.

4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 14 мамырдағы №542 қаулысымен «2004-2006 жылдарға арналған Қазақстан ормандары» бағдарламасы.

5.Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 3 ақпандағы №131 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасы.

6. Қазақстан Республикасының Конституциясы. (30тамыз 1995 жылы республикалық референдумда қабылданған) Алматы.1995 ж.

7.www. ecologu kz .

8. Байсалов С., Исаева Ж. Правовое обеспечение экологической безопасности //Вестник Министерства Юстиций Р.К. №10. октябрь. 1995г.

9. Байдельдинов Д.Л. Экологическое законодательство Республики Казахстан: совершенствование и кодификация: Автореф. дис. док. - Алматы, 1995. с. 13.

10. Петров В.В. Правовая охрана природы в ССР. М., Экологическое право России.-М., 1995, с. 272, 289.

11. Еренов А.Е., Мухитдинов Н.Б., Ильященко Л.В. Прававое обеспечение рационального природопользования. Алма-Ата, 1985г, 117 б.

12.Шестерюк А.С. Вопросы кодификации законодательства об охране окружающей среды.- Л., 1984г, с.108 .

13.ҚР Экологиялық кодексі. 2007 жыл. 9 қаңтар.

14.Хаджиев А. Юридическая ответственность за экологические правонарушение. Алматы,1988.14 б.

15.Байдельдинов Д.Л. Юридическая ответственность за экологические правонарушения. Алматы, 1993 г.

16. Радиоактивті қалдықтарды жерге көмудің тәртібі және оған рұқсат алу рәсімі ҚР Үкіметінің 1996 жылғы 18 қазандағы 1238 қаулысымен бекітілген ҚР-да радиоактивті қалдықтарды көму тәртібі туралы қағидамен реттеледі.

17. Бринчук М.м. Правовая охрана окружающей среды от загрязнения токсичными веществами. М. 1990г. 35 б.

18. ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы «Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалдың экономикалық ережесін бекіту туралы» №535 қаулы.

19.ҚР Су Кодексі .2003 ж. 9 шілде.

20. ҚР Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы №16 қаулысы.

21. Халық денсаулығы мемлекеттік бағдарламасы (ҚР Президентінің 2000 жылғы 16 қарашадағы №413 Жарлығымен бекітілген).

22. Стамқұлұлы Ә. Қазақстан Республикасының экология құқығы, Алматы, 1995ж.

23.ҚР Жер туралы заңы. 2003 ж. 20 маусым.

24. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі. 2001 жыл. 30 қаңтар.

25. ҚР Қылмыстық кодексі. 1997 ж.16 шілде.

26. ҚР Еңбек кодексі. 2007 жыл.15 мамыр.

27. «Мемлекеттік орман қорының учаскесiнде қылқан және ceксеуіл екпе ағаштарын басты пайдаланудың кесуiне тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 23 сәуiрдегi №460 қаулысы.

28. ҚР Азаматтық кодексі.(Жалпы және Ерекше бөлімдері) –Алматы: ЮРИСТ, 2008.-296 б.

29. Әбдірайымов Б. Экологиялық зиян: сипаттамасы, денсаулыққа әсері, сот арқылы өтелуі, Алматы, 2001 ж.

30.Закон РК от 18 декабря 1992 г. «О социальной защите граждан , пострадавших вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне».

31. ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 9 шілдедегі №9 «Денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу бойынша Республика заңдарын соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» қаулысы.

32. Бектұрғанов Ә.Е. Қазақстан Республикасындағы жер құқық қатынастары. - Алматы: Жеті жарғы, 1997ж. 75 б.

33.Грибанов В.П. Пределы осуществления и защиты гражданских прав.М., 1992г.

34.ҚР Азаматтық құқығы . Ғ.Төлеуғалиев. А.2001 ж.

35.Сергеев А.П. Защита гражданских прав. В кн. Гражданское право. М., 1997 г.

36.Новицкий И.Б. Римское право, М., 1993г.

37.ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі.-Алматы: ЮРИСТ,2007.-124 б.

38.Иоффе О.С. Обьязательственное право. М., 1975.

39.Моткин Г.А. Экономико-правовые основы страхования риска загрязнения окружающей среды //Государство и право, 1994 6.

40.Бажайкин А.Л. Экологическое страхование: теория и практика //Законодательство, 2000 г.

41. Васильева М.И. Судебная защита экологических прав. М., 1996г.

42. ҚР Президентінің «Мұнай туралы» Жарлығын жүзеге асыруға бағытталған Үкіметтің 1995 жылғы 28 маусымдағы №2351 қаулысы.

43.ҚР Үкіметінің «өнеркәсіптік объектінің Қауіпсіздігі декларациясын ұсыну ережелері мен нысаны туралы» 2000 жылғы 19 мамырдағы N764 қаулы.

44.Косдавлетов К.К. Правовые основы экологической безопасности Республики Казахстан: Автореф. дис. канд. - Алматы, 2000г. с. 10.



45.Карабулова Р.К., Шокенов К.А., Кошпенбетов Б.М.Экологические правонарушения и роль ответственности в охране природы. Алматы, 1999г.с. 9.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет