2.3 “№10 Балалар мен жасөспірімдердің шайбалы хоккейден мамандандырылған спорт мектебі» КММ–нің материалдық емес активтер амортизациясының жиынтық есебі
Мекеменің бухгалтерлік есебін ұйымдастыруда материалдық емес активтерінің есебі маңызды болып табылады.Материалдық емес активтер - белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтеріне жатпайтын, бірақ қандай да бір бағасына, құнына бағаланатын болғандықтан мекемеге өнімдерін өндіруде, тауарларын өткізуде, қызметтерін көрсетуде, негізгі құралдарын жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ уақытта қосымша табыс алып келетін активтерін атаймыз[18].
«№10 БЖШХМСМ» КММ материалдық емес активтерінің қатарларына бағдарламалық жабдықтарын жатқызамыз.
Мекемеде материалдық емес активтерін есептеу кезінде пайда болатын негізгі сұрақтары:
есепке алуға негіз жеткіліктілігі;
құжаттаманы дұрыс және уақытылы ұйымдастыру;
дұрыс бағалау;
шаруашылық қызметкерлерінен салықты ұстау жөнінде қаржылық қортынды есебін дұрыс жүргізу;
қаржылық есептілігін дұрыс ұйымдастыру.
Материалдық емес активтерінің есебі мекемеде 2700 «Материалдық емес активтер» бөлімінің шоттарынан көрініс табады. Мекемеде МЕА-тер өзге заңды немесе жеке тұлғаларынан кіріс етілу, өзгелердің субсидидия ретінде немесе сыйға беруі кезіндегі, сондай-ақ мекеменің өз ішінде ойлап табуы барысында туындайды. Материалдық емес активтертер мекеменің балансында бастапқы құндарына сайкес кіріс етілінеді. Осы материалдық емес активтерінің бастапқы құндары былайша анықталынылады:
құрылтайшылар мен үлес қосушыларының мекеменің жарғылық қорына қосқан үлестерінің есептерінен келіп кіріске алынылған материалдық емес активтерінің бағасы екі жақты нақты келісіміндеріне сайкес бағаланады;
заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларынан тегін, сый ретінде алынған материалдық емес активтері сол уақыттағы нарықтық бағасына байланысты бағаланады;
өзге заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол обектілерін сатып алуға және оларды қолданылуға жұмсалған шығындар сомасының қосындысына сайкес бағаланады[19].
Біздің мысалымыздағы 25% енді бастапқы құнына емес, материалдық емес активтер қалдық құндарына пайдалнылады. Яғни әр жылы амортизациялық аударымдарының сомаларын есепке алудың базалары жаңа сомаларынан басталып отырады. Базалық жаңа сомалары материалдық емес активтерінің бастапқы құндарымен есептелініліп кеткен амортизациялық сомаларының айырмаларына теңеседі.Әлгіндегі 25% қолдану арқылы бірінші жылдағы амортизациялық сома 50 000 теңге (200 000 нан 25%), екінші жылы 37 500 теңге (150 000 нан 25%), үшінші жылы 28 125 (112500 ден 25%), соңғы төртінші жылғы амортизациялық аударым сомас 21 094 (84 375 тен 25%). Осы әдістерді пайдалану барысында аммортизацияны есептеудің соңғы мерзімдеріне материалдық емес активтер әрқашанда толық амортизациаланбаған болып табылады. Мұндай жағдайларда материалдық емес активтер тиімді пайдалану мерзімдерінің соңына қарай қалдық құндары 63 281 теңге болады.
Мекемені материалдық емес активінің жою құны:
а) үшінші тараптың активтерді оны пайдалы қолдану мерзімінің аяғында сатып алу міндеттемелері болған; немесе
б) мекеме активінің белсенді нарығы болған жағдайын қоспағанда, нөлге тең болып қабылдануы керек және:
в) жою құндары осындай нарыққа сілтеме жасау негізінде анықталуы мүмкін;
г) және осындай нарық активін пайдалы қолданылу мерзімінің аяғында болуы ықтимал[20].
Мекеменің активінің амортизацияланатын сомалары оның жою құндары шегерілгеннен кейін анықталынылады. Нөлдік құндарынана айырмашылығы бар жою құндары мекеменің материалдық емес активін оның пайдалы қызмет көрсету мерзімінің соңына дейін сатуды межелеп отырғандығынтүсіндіреді.
Аммортизацияны есепке алу материалдық емес активтерін кіріске алғаннан кейінгі айдан бастап, материалдық емес активтерінің құндарын жабылған немесе есптен шығарылған айдан кйінгі айда тоқтатылынылады. «№10 БЖШХМСМ» КММ - нің материалдық емес активтер амортизациясының есепке алынуы 6 кестеде көрініс тапқан.
Кесте 6 - «№10 БЖШХМСМ» КММ 2018 жылының Қаңтар айына байланысты 2740.2 шот бойынша амортизацияны есептеу
|
№
пп
|
Материалды емес активтер атауы
|
Шығындар шоты
|
Тозу нормалары, %
|
Бір ай тозуы
|
Бастапқы құны
|
Жинақталған тозу
|
Қалдық құны
|
1
|
ПК ЭРА бағдарламамен қамтамасыз ету
|
7210.1
|
15 %
|
1,852.50
|
148,200
|
53,722
|
94,477
|
2
|
1С Бухгалтерия бағдарламамен қамтамасыз ету .
|
7210.1
|
15 %
|
450.00
|
36,000
|
11,250
|
24,750
|
3
|
"ЗАҢ" Базасы
|
7210.1
|
15 %
|
497.79
|
39,823
|
2,488
|
37,334
|
Қорытынды:
|
2,800.29
|
224,023
|
67,461
|
156,561
|
Ескерту: кесте «№10 БЖШХМСМ» КММ -нің материалдары негізінде құрастырылған.
|
Кестеден көріп отырғанымыздай “№10 БЖШХМСМ» КММ ЖШС –нің 2018 жылғы материалдық емес активтерінің амортизациясының қозғалыстары мекеменің есеп саясатына сәйкес бірқалыпты есептен шығару әдісіне байланысты есепке алынылады.
Активтің жою құндарын бағалау оны бағалау күнгі ұқсас активтерін өткізудің пайдалы қызмет мерзімдерінің аяғында осы актив қолданылынылатын жағдайға ұқсас шартыменен қолданылынған жеткізілген басым бағасына сәйкес өткізу есебінен өтелетін сомаларын негізге ала отырып жүзеге асырылады. Жою құны, кем дегенде, әрбір қаржылық жылының соңында қайтадан қаралады. Активтің жойылу құндарының өзгерістері есепте 8-«Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаудағы өзгерістер және қателіктер» Халықаралық есептілік стандартына сәйкес бухгалтерлік баланысындағы өзгеріс сияқты көрініс табады.
Мекемені материалдық емес активінің жойылу құндары оның баланстық құндарына тең немесе одан асатын сомаларына дейін жоғарылауы мүмкін. Егер мұндай болса, тарату құндары кейіннен оның баланстық құндарынан кемімейтін болса, осы активке сайкес амортизациялық аударымдары нөлге тең болады[21].
36-«Активтерінің құнсыздануы» ХҚЕС сай мекеме пайдалы қызмет мерзімі көрсетілмеген материалдық емес активіне құнсыздануды оның өтелетін сомаларының жыл сайынғы негізінде және әрқашан да материалдық емес активінің ықтимал құнсыздану белгісі туындағанда баланстық құндарымен салыстыру жолымен тесттен өткізулеріне міндетті.
ХҚЕС сай материалдық емес активінің пайдалы қызмет мерзімін бағалаудағы анықсыздан белгіліге қарай өзгеру осы активінің ықтимал құнсыз болуын куәландырады. Нәтижесінде мекеме өзінің активін оның баланстық құндарыменен 36 Халықаралық стандартына сай анықталынған өтелетін сомаларын салыстыру бойынша құнсыздануға, тесттен өткізеді және тануының баланстық құндарының құнсызданудан туындаған залал ретіндегі өтелінілетін сомаларынан кез келген асып кетуі танылынады.
Мекемені материалдық емес активін есептен шығару түрлі әдістері негізінде жүзеге асырылады (мысалы, өткізу, қаржылық жалдау шартын жасасу және сыйға тарту жолдарыменен). Осындай активтерінің есептен шығару күнін анықтау барысында мекеме тауарын өткізуінен кіріс етілінген табысын тануға 18-«Түсім» Халықаралық стандарттың критерийлерін пайдаланылынады. 17 ХҚЕС есептен шығаруға байланысты кері жалдау бойынша өткізуге пайдаланылынады.
Мекеменің материалдық емес активін есептен шығару кезінде алуға қарсы ұсыну бастапқыда оның әділ құндарына сайкес танылынады. Егер осындай материалдық емес активке ақша төлемі кейінге қалдырылса, алынған қарсы ұсыну бастапқыда ақшалай көрсеткішіндегі бағасының баламасына сай танылынады[22]. Қарсы ұсынудың номиналдық сомалары және ақшалай көрсеткішіндегі бағасының баламасы араларындағы айырма алынатын өтемақысының тиімді кірістілігін есепке ала отырып, 18 ХҚЕС сай пайыздық түсім негізінде танылынады.
Мекеменің өзге де материалдық емес активтерінің амортизациясы және құнсыздануы 2740 «Өзге материалдық емес активтерінің амортизациясы» шотында есептелінлінеді және осы шотта материалдық емес активтердіңактивтерінің құнсыздануынан болатын амортизация мен залаладарының сомасы шоғырландырылады, бұл ретте пайдалы пайдаланылудың анықталынбаған мерзімі бар материалдық емес активтеріне амортизация есепке алынбайды, бірақ жыл сайын құнсыздануға тест жүргізіледі. Мекеменің материалдық еемес активтерін есептегенде бухгалтерлік есеп шоттарына сайкес операцияларына мысал келтірейік:
Мекеме материалдық емес активтерді заңды және жеке тұлғалардан сатып алғанда
Дт 2730 «Басқа да материалдық емес активтер»
Кт 1060 «Өзгеде ақша қаражаты», 1040 «Карт - шоттардағы ақша
қаражаттары», 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары», 1010 «Кассадағы ақша қаражаттары», 3310, «Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер» 3340 «Өзге де ерікті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер».
Құрылтайшыларының жарғылық капиталына өз үлестерінің есептерінен енгізген материалдық емес активтерін кіріс еткенде
Дт 2730 «Басқа материалдық емес активтер»
Кт 5110 «Төленбеген капитал»
Мекеменің материалдық емес активтерінің есептен шығарылуы:
Дт 7410 «Активтерінің істен шығуына байланысты шығыстар»
Кт 2730 «Басқа да материалдық емес активтер»
Мекеменің амортизациялық аударымдарынан жинақталынған тозуының сомасына:
Дт 2740 «Басқа да материалдық емес активтерінің амортизациясы»
Кт 2730 «Басқа да материалдық емес активтер»
Мекеменің материалдық емес активтеріне байланысты табыс келесідей көрініс табады:
Дт 1040 «Карт - шотындағы ақшалай қаржылары», 1030 «Ағымдағы банктік шоттарындағы ақшалай қаржылары», 1010 «Кассадағы ақша қаражаттары»,; 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзіміндегі дебеторлық борышы» ,1280 «Өзге қысқа мерзімді дебеторлық борыш»
Кт 6210 «Активтерді істен шығарудан алынатын кіріс»
Жылдың соңында 7410 шотының жабылуы жүзеге асырылады:
Дт 6210 «Активтерін істен шығарудан алынатын кіріс»
Кт 7410 «Активтерінің істен шығуына байланысты шығыстар»
Амортизацияның (тозу) есептелінген сомаларына: 7110 «Өнімдерін және қызметтерін сатуға байланысты шығыстар», 7210 «Әкімшілік шығыстар», шоттары дебеттелініп, 2740 «Активтерінің істен шығуына байланысты шығыстар» шоты кредиттелініледі [23].
Осындай материалдық емес активін қолдану тоқтатылғанда, егер ол сатуға арналған ретінде толық амортизацияланған немесе жіктелінілген болғанда (не сатуға арналған ретінде жіктелінілген сияқты есептен шығару тобына енгізілсе), 5 ХҚЕС сәйкес пайдалы қолданылу мерзімдері шектеулі материалдық емес активтерін амортизациялау тоқтатылынылады.
3 Мекеменің ұзaқ мерзімді aктивтер есебін жетілдіру жолдары
Достарыңызбен бөлісу: |