Excel салыстырмалы сілтемесі – формулаларды басқа орынға көшірген кезде, формуладағы адрес жаңа орынға байланысты ауысады.
Excel абсолютті сілтемесі көшірілген ұяшықтағы сілтемелердің адресі ауыспауы үшін қолданады.
|
Слайдтар
|
Негізгі бөлім
10 мин
|
Жаңа тақырыпты оқу
Мұғалім топтық жұмысты ұйымдастырады. Әрбір топқа өз беттерімен оқу үшін келесі ұғымдар беріледі:
Excel-дегі салыстырмалы сілтеме
Excel-дегі абсолютті сілтеме
Мәліметтер форматы
Әрбір топтың спикері басқа топтың алдында жұмыстарын қорғайды. Мұғалім оқушылардың ойларын қорытындылап, оқушылардың практикалық тапсырманы орындауға дайын екеніне көз жеткізеді.
3. Практикалық жұмыс
(Ф) Мұғалім оқушыларға №1 тапсырманы электронды кестені қолдана отырып орындауды сұрайды.
Оқушылар тапсырманы жеке түрде орындайды.
Мұғалім оқушылардың жұмысын бақылап, қажет болғанда көмек береді.
|
Таратпа материал №1
Excel файлы
Статистикалық_мәліметтер_Тапсырма№1.xls
|
15 мин
|
Жеке жұмыс. Оқушылар таратпа материалдағы тапсырмаларды орындайды.
Дескрипторлар:
Электрондық кестелерде статистикалық функцияларды пайдалана алады.
Мәлеметтерді берілген диаграммаға сәйкестендіреді;
Қытай бағаны бойынша мәліметті анықтайды;
АҚШ бағаны бойынша мәліметті анықтайды;
Франция бағаны бойынша мәліметті анықтайды.
|
Таратпа материал
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Рефлексия: Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өтілген тақырыпты пысықтайды.
Осы сабақта не үйрендіңіз ?
Сіз үшін не түсініксіз ?
Келешекте нені білгіңіз келеді ?
|
Рефлексия слайды
|
|