Ұзақ мерзімді жоспар тілдік мақсаттар туралы Орта мерзімді жоспар 7



бет3/59
Дата03.12.2023
өлшемі141.87 Kb.
#485304
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Оку жоспары Дене шыныктыру 7 сынып (1%

С = бүкіл сынып Тәж = оқушы тәжірибесі
Т= топтық жұмыс Д = мұғалімнің көрсетуі
ЖЖ = жұптық жұмыс ф = формативті бағалауда көмек
Ж = жеке жұмыс



Тілдік мақсаттар туралы

Пәннің мазмұнын қосымша тіл арқылы оқыту арқылы НЗМ тіл мен пән мазмұнын қатар оқытатын орта құруды мақсат етіп отыр. Әр пәннің өзіндік тіл ерекшелігі бар. Оны сол пәннің


«ғылыми тілі» деп атауға болады. Ғылыми тіл пәннің мазмұнын меңгеруге және ойлау дағдысын дамытуға, сонымен қатар пәнді оқыту барысында кездесетін ұғымдармен жұмыс істеуге қажет ең басты құрал. Қосымша тіл арқылы білім алатын оқушылардың көпшілігі келешекте ғылыми тілді (екінші және үшінші тілдегі) еркін пайдаланып, әрі пән мазмұнын жетік меңгеру үшін оқыту процесінің өне бойында қолдау мен көмекті қажет етеді. Үш тілде білім беру контекстінің аясында бірінші тілдің - ғылыми тілін дамытуға да жүйелі түрде назар аудару қажет, себебі бұл пән мазмұнын игеруге берілген қысқа уақыттың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Тілдік мақсаттар ғылыми тілді оқытуды жоспарлау мен ұйымдастырудың маңызды құралы. Анық әрі нақты қойылған тілдік мақсаттар оқушыларға олардан қандай нәтиже күтілетінін айқындайды. Сонымен бірге, тілдік мақсаттар мұғалімдерге және оқушыларға оқуға деген құштарлықты қалыптастыруға және оны өлшеуге көмектеседі. Пән мұғалімдері екі жақты мақсатты ұстанады, яғни пән мазмұны мен ғылыми тілді бірдей үйрету барысында оқушыларға екеуін меңгеруде және екеуінде де бірдей жетістікке жетуіне көмек береді. Тіпті бастауыш деңгейде де тілдік фокус үйренуді диалог арқылы дамытуда және пәннің тілін түсіндіру, талқылау және дәлелдеу арқылы қайталауда өте маңызды болып табылады. Тілді қолданудың бұл күтілімі орта және жоғары сынып деңгейлерінде оңайырақ дамытыла алады.
Ғылыми тілді оқытуды дамыту үшін мұғалімдер келесі оқыту мақсаттарын жүйелі түрде сабақ жоспарына енгізулері қажет:

  • оқушылардың зейінін ғылыми тілге аудару және оны көрінетіндей ету (мысалы, пәнді үйрену мақсаттарына жетуге қажетті кіл сөздер мен фразалар)

  • оқушыларды пән мазмұны түсініктерімен жұмыс жасауға қажетті сынып тілімен жабдықтау (мысалы, топтық жұмыс жасауға, зерттеу сұрақтарын қою, ситуацияны талдау және талқылар / пікірталастар жүргізуге қажетті фразалар)



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет