Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы



бет5/6
Дата12.12.2023
өлшемі0.59 Mb.
#486288
1   2   3   4   5   6
aralas-san555

Саралау



Бағалау



Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушылардың қажетіліктеріне қарай тапсырмалар қарапайымнан күрделіге қарай бағытталып таңдалынып алынды. Білім деңгейі төмен оқушыларға ойлануды, уақытты қажет етпейін тапсырмалар берілді. Қабілетті оқушыларға ойлануды қажет ететін бірнеше амалмен орындалатын тапсырмалар және тақырыпты өмірмен байланыстыруға мысал келтіруде «Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу» құндылығына баулуға бағыт берілді. Дереккөздерді талқылауда оқулық, «Математика» пәні бойынша оқу жоспары, электронды оқулықтар негізге алынды.

Оқу мақсатына жетуде әрбір тапсырма соңында дескрипторлар құрылып, кері байланыс жасалды. Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында ширату жаттығулары беріліп, дескрипторлар құрылып, сөздік бағалау арқылы кері байланыс жасалды. Оқушылармен жаңа тақырыпты меңгеру мақсатында проблемалық ситуация қойылып, мақсатқа жетуде «Аяқталмаған сөйлем» арқылы кері байланыс берілді. Аралас сандарды қосу және азайту дағдыларын бекіту мақсатында «Кім жылдам?» әдісі арқылы жұптық жұмыс ұйымдастырылып, «Смайлик» арқылы кері байланыс алынды. Топтық жұмысты ұйымдастыру мақсатында «Ойлан-Жұптас-Бөліс» әдісі қолданылып, «Бағдаршам» арқылы кері байланыс берілді. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда тапсырманың күрделілігіне қарай «Температураны анықтау» арқылы оқушылардың іс-әрекетіне кері байланыс жасалды.

Интербелсенді тақтаны қолдануда қауіпсіздік техникасын сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия



Оқу мақсаттары шынай қолжетімді болды. Барлық оқушылар дерлік оқу мақсатына қол жеткізді. Кей оқушылармен өзіндік жұмысты орындауда қиындық туды. Бірақ кері байланыс жасау арқылы қиындықтар дер кезінде жойылды. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді. Сабақтың кезеңдерінде уақыт тиімді пайдаланылды. Сабақ жоспарында ауытқулар болған жоқ. Сабақ соңында оқушылармен «Сауалнама әдісі» арқылы рефлексия жасалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет