Заңды тұлғалар өзінің қатысушыларынан бөлек салық са- лынуға жатады



бет7/8
Дата29.02.2016
өлшемі0.73 Mb.
#34538
1   2   3   4   5   6   7   8

3.3. Кәсіпорынның жылдық жиынтық табысының аудиторлық қорытындысы

Шымкент қаласында 04.04.2006 жылы 2004-2005 жылдарда- ғы «Фитопрепараттар»ФК»жауапкершілігі шектеулі серіктесті- гінің жылдық жиынтық табысына ,қаржы –шаруашылық қызметінің нәтижелері есебіне аудит жүргізілді.Берілген қаржылық есептіліктердің сенімділігіне «Фитопрепараттар»ФК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығы жауап береді.

Кәсіпорын заңды тұлғалардың Мемлекеттік регистріне №18739-1958-ЖШС-мен енгізілген.Аймақтық әділет органына тіркелгенген уақыты 15.11.2002 жыл

Заңды мекен-жайы :Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы,Григоренко көшесі,10

Пошта мекен – жайы : Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы,Григоренко көшесі,10

Қызметтің негізгі мақсаты жарғылық қызметтен таза та- бысты алу . Негізгі қызмет түрі – фармацевтикалық қызмет (ОКЭД бойынша коды-24421),сонымен қатар Қазақстан Респу- бликасының заңдарымен тыйым салынбаған басқа да қызмет- тердің түрлері. Мемлекеттік ОКПО классификаторы бойынша 39765575.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының территориясында фармацевтикалық қызмет ету үшін 2003 жылдың 14 қаңтары- нан номері ИП65904011Р мемлекеттік лицензиясын иемденген.

Шымкен қаласының Салық комитетінде салық төлеушінің тіркеу нөмірі 582100044556 тіркелген,27.05.2003 жылғы куәлігі бар.Қосылған құн салығын төлеуші ретінде 10.05.2003 ж.сериясы 58305 №0007645.

Есеп-айырысу шоты-ТұранӘлемБанкі 001467556.МФО-195801756.

Жауакершілігі шектеулі серіктестігінің үлес қосушылары:

Ахметов Самат Дәуренұлы -100% 2 904 700 теңге.

Жарғылық капитал сомасы- 20 904 700 теңге.

«Фитопрепараттар»ФК»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы”2002 жылғы 24 мау сымдағы №309-II заңына сәйкес жүргізіледі.Есепті жүргізу әдісі сонымен қатар есептеу әдісі.Есептеу әдісі кезінде тауарларды өткізуден,қызметтерді көрсетуден,орындалған жұмыстардың табыстары тауарларды өткізу,қызметтерді көрсету,жұмытарды орындау кезінде және сатып алушыға есеп-айырысу құжаттарын ұсыну сәтінде(ақша қаражаттарының түсу уақытына тәуелсіз) анықталады.

Аудиторлық тексеруге 2004 жылғы корпорациялық табыс салығы бойынша декларация және бухгалтерлік құжаттар ұсынылды.

«Фитопрепараттар»ФК»жауапкершілігі шектеулі серіктес- тігі өзінің балансында кафе,сауна,таксопарк.бильярд клубтары,өндірістік үйлер мен ғимараттар,әкімшілік ғимараттары,құрал-жабдықтар,көлік құралдары бар.

Жылдық жиынтық табыс:тауарларды өткізуден,қызмет көрсетуден,жұмыс орындаудан түскен табыс- 87 427 508 теңге.

-кафеден түскен табыс- 7 095 931 теңге;

-саунадан түскен табыс-488 848 теңге;

-бильярд клубынан түскен табыс-3 444 065 теңге;

-жолаушыларды тасудан түскен табыс-8 840 304 теңге;

-дайын өнімді өткізуден түскен табыс-8 222 130 теңге:

-тауарлы-материалдық қорларды өткізуден түскен табыс-59 336 231 теңге.

Барлық мәліметтер бухгалтерлік есептегі 701,702,704,723, 727 шоттарымен дәлелденген.

Мүлікті жалға беруден түскен табыс-116 618 223 теңге-705 шот.

2004 жылдың басынан мүлікті жалға беруге байланысты 37 келісім-шарт жасалған.

Мүлікті өткізуден сомасы -614 909 теңге зиян шеккен.

2003 жылдың нәтижесі бойынша «Таң» акционерлік қоғамынан сомасы 17 000 000 теңге дивиденттер алынған. «Фитопрепараттар»ФК»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Таң» акционерлік қоғамының 26% акциясын иемденуші болып табылады.

Басқа табыстары – 1 139 746 теңгені құрайды.

Ақырында 2004 жылдың нәтижесі бойынша кәсіпорынның жылдық жиынтық табысы - 221 570 569 теңге.

Төлем көзінен бұрын салық салынған заңды тұлғадан алған дивидендтері жылдық жиынтық табысты түзетуге жатады,сомасы – 17 000 000 теңге.

Түзетуден кейінгі жылдық жиынтық табыс – 204 570 569 теңге.

Шегерімдер:

Тауарларды(жұмыстарды,қызметтерді)өткізу бойынша шығындар – 141 680 162 теңге.Шығындар бойынша мәліметтер бухгалтерлік есептегі 801,802,803,805,808,811,821 шоттарымен дәлелденген.

Теріс бағамдық айырманың оң бағамдық айырмадан асып түсуінен болған шығындар – 591 455 теңге.

Шегерімге жататын салық -7 286 015 теңге.

Тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар -38 222 473 теңге,соның ішінде :

-негізгі құралдар бойынша амортизациялық аударымдар – 25 325 583 теңге;

-материалдық емес активтер боынша- 1 509 532 теңге;

-жөндеуге шығындар – 11 387 358.

Шегерімдер барлығы – 203 204 932 теңге.Декларацияның мәліметтеріне қарағанда 2004 жылдың салық салынатын табысы- 1 365 637 теңге.

Алдағы кезеңдерде жылжытылған зияндардың сомасы-341 938.

Түзетуден кейінгі және жылжытылған зияндардан кейінгі салық салынатын табыс – 1 023 990 теңге.

Корпорациялық табыс салығының сомасы – 307 200 теңгені құрайды.

Бухгалтерлік есептің мәліметтері бойынша салық салынатын табыс – 5 976 870 теңге.4 611 233 сомадағы ауытқушылықтар – шегерімге жатқызылатын шығыстардың нәтижесінде туып отыр:

салықтар бойынша – 152 488 теңге,

амортизация бойынша – 4 763 721 теңге.

Бухгалтерлік есепте амортизациялық аударымдар сомасы декларациядағы сомадан 4 763 721 теңгеге кем.Салық есебінде амортизацияның шекті нормалары ішкі топтар бойынша қолданылады,ал кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде өзінің шешімі бойынша жүргізіледі.

Қорытынды,2005 жылы жылдық жиынтық табыс 2004 жылмен салыстырғанда 210 337 теңгеге кеміген.Шегерімдер 2 253 291 теңгеге кеміген.Салық салынатын табыс – 2 042 954 теңгеге артқан.




Қорытынды

Диплом жұмысын аяқтай келе, қорытынды ойды қарастырылған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Оңтүстік Қазақстан облысының фармацевтикалық нарығындағы орнына тоқталып өтейік.Екі жыл ішінде бұл кәсіпорын жақсы жетістіктерге қол жеткізген.Бұл кәсіпорынның жылдық жиынтық табысы тауарларды (жұмыстарды,қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін табыстардан,мүлікті жалға беруден түсетін табыстардан, шығып қалған тіркелген активтер құнының ішкі топтың құн балансынан асып түсуінен алынатын табыстардан,дивиденттерден,оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуінен түсетін та-быстардан және басқа да табыстардан тұрады.Диплом жұмысын жазу барысында кәсіпорынның бухгалтерлік есебінен мәліметтер жиналды,соның негізінде «Фитопрепараттар» ФК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтерлік есеп жүргізуінің 2005 жылғы нәтижелері қарастырылды :

Негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды және ол №5 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес есептелінеді . Яғни жауапкершілі- гі шектеулі серіктестігінің негізгі қызметінен түсетін табысы –28166163 теңге,ал негізгі емес қызметінен түсетін табысы 188776666 теңге . Сондай-ақ тауарлы-материалдық запастар - сатқаннан, қызмет көрсеткеннен ,кәсіпорынға жататын актив - терді пайдалануға беруден,пайыздардан ,роялтиден , және ди - виденттерден – 12582597 теңгеден тұрады.

Табыс дайын өнімдерден , сатып алынған таурлардан және көрсеткен қызметтерден алынады;олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім-шартта анықталады. Жылдық жиынтық табыс=28 166 163(тауарларды сатудан түскен табыс)+168 838 261(мүлікті жалға беруден түскен табыс)+36 771 (тіркелген активтер-дің баланстық ішкі топтық құнының өсуінен түскен табыс) +12 582 597(дивиденттер)+810 132(оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі) + 6508905 (басқа да табыстар)=216 942 829 теңге

Жылдық жиынтық табысты түзету нәтижесінде:

Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен бұрын салық салынған,Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасынан алынған дивиденттері – 12 582 597 теңге .



Жылдық жиынтық табыс =216 942 829 – 12 582 597 =204 360 232 теңге

Шегерімдер =28 267 533(сыйақылар) + 101 729 457(тауарларды өткізу бойынша шығыстар) + 182 259(әлеуметтік төлемдер бойынша шығындар) +

+8 611 164(салықтар) + 32 314 902(негізгі құралдар бойынша амортизациялық аударымдар)+1 349 938(материалдық емес активтер бойынша амортизациялық аударымдар)+28 496 388(жөндеуге шығындар) =200 951 641 теңге.

Сонымен салық салынатын табыс = 204 360 232 - 200 951 641 =34 085 591 теңге.

Есептелген корпорациялық табыс салығы = 34 085 591 * 30 % = 1 022 577теңге.

2005 жылы жылдық жиынтық табыс 2004 жылмен салыстырғанда 210 337 теңгеге кеміген.Шегерімдер 2 253 291 теңгеге кеміген.Салық салынатын табыс – 2 042 954 теңгеге артқан.

Бұл кәсіпорында басқа шағын кәсіпкерліктің өкілдері секілді өзінің қазіргі нарықтық экономикадағы қабілетін дамыту процесі әлі де жүруде.Нарық кәсіпорынды өзінің шаруашылық қызметін басқарудың жаңа әдістері мен жүйелерін игеруге батыл әрекет жасауға ынталандырады.Өнеркәсібі дамыған батыс елдерінің халықаралық іс-тәжірибесі әкономиканың тепе-теңдігін қамтамасыз етуде және өндірістік,ғылыми-техникалық және қаржылық әлеуетті ұтымды пайдалануда нарықтық тетіктердің тиімді екендігін дәлелдеді.

Аталған кәсіпорынның жылдық жиынтық табысын қарастыру кезінде,бұл көрсеткіштің салық есебіндегі маңызы зор екендігіне көз жеткіздім.Оның себебі,берілген кәсіпорынның табыс алу үшін қызметтің бірнеше түрімен айналысады.Ал табыстың сомасы жоғарыда көрсеткініміздей айтарлықтай.Салық есебінде берілген мәліметтер өңделіп, кәсіпорын өз табысынан мемлекеттік бюджетке тиісті сомасын төлеп отырады.Бұл өз кезегінде Қаржы пәнінде қаралған мемлекеттің бақылаушылық функциясының жүзеге асырылуына ықпал етеді.Қандай да болмасын кәсіпорын өз қызметінің тиімді ұйымдастырылуын және оңтайлы шешімдермен болып жатқан қателіктерді түзеулерін қалайды.Жалпы заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысына кәсіпкерлік қызметтен алынған табыстардың барлық түрлері жатады,олардың ішіне :

өнімдерді (тауарларды, жұмыстарды)өткізуден (жанама салықтарды қоспағанда) түскен табыс;

үйлерді,ғимараттарды,құрылыстарды , сондай-ақ амортиза- циялауға жатпайтын активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінентүсетін табыстар;

сыйақылар түріндегі табыстар;

акциялар бойынша дивидеттер бойынша және кәсіпорында қатысудан түскен табыстар;

тегін алынған мүлік және ақшалар;

тәуелсіз кәсіпорындар арасында тауарларды сатып алумен байланысты тарифтерге,қойылымдарға байланысты түскен табыстар де кіреді.

Бухгалтерлік есептегі жылдық жиынтық табыстың құрылуының үдерісін қарастыра мен бұл кәсіпорынға есепте қателердің болмауы үшін келесі ұсыныстарымды келтіремін:

-бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша өтемақылардың ескерілуі тиіс;

-дивидендтер,кәсіпорынның табыстарына кіреді,бірақ олардың кезінде салық салудан өткенінен кейін жылдық жиынтық табыстың құрамына кірмейді;

-бағамдық айырмада болатын ауытқушылықтар бухгалтер- дің ағымдағы бағамның жағдайын қарап отыру маңыздылығы;

-тіркелген активтердің шекті амортизациялық нормасын кәсіпорынның ішкі саясатындағы нормалармен ескере отырып есептелуі қажет;

-жылдық жиынтық табысты есептеп болғаннан кейін түзетуге жататын Салық заңнамасындағы табыстар қаралуы тиіс;

-өткен салық кезеңі үшін ағымдағы салық кезеңінде төленген салықтар төлем жүргізілген салық кезеңінде шегерімге жатуы тиі;

-жылдық жиынтық табысты алуға байланысты емес шегерімдерді анықтау кезінде үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Кәсіпорынның өндірісті басқару және ұйымдастыру кезінде мынандай бағыттарды қарастыруын ұсынамын:

-кәсіпорынды басқаруда нарықтық механизмнің ең үздік тәсілдерін игеру;

-ғылыми-техникалық прогрестің,озық техниканы және өнім дайындау,жұмыс орындау және қызмет көрсетудің қор сақтайтын технологиясын енгізу;

-менеджментті,бухгалтерлік есепті,ішкі бақылауды және клиент бизнесінің кәсіби аудиті методикасын жетілдіру;

-бизнестің ұйымдастырушылық,диагностикалық және арнайы аудитінің құқықтық және ақпараттық базасын жақсарту;

-шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық байланыстарын оңтайландыру,табыстылықты және қаржылық тұрақтылықты арттыру.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.“Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” 2002 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының №309-II заңы

2.Қақақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы” 1998 жылғы 20 қарашадағы №20заң күші бар жарлығы(2001 жылғы 15 қарашадағы өзгертулер және толықтырулармен.)

3.Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер”2001 жылғы 12 маусымдағы №209-II Қазақтан Республикасының салық кодексі.-Алматы:Юрист,2005 ж.-278б.

4.Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы:Қазақстан Республикасының Заңы.-Алматы:Юрист,2003.-22 б.

5.Бухгалтерлік есеп стандарттары,әдістемелік ұсыныстар, Шоттардың типтік жоспары:құжаттар жинағы.-Алматы . Раритет,2004.-786б.

6.Назарова З.Л.Шаруашылық жүргізуші субъектідегі Бухгалтер- лік есеп,Оқулық,Алматы.Экономика,2005ж.

7.Тулешова Г.К.Финансовый учет и отчетность в соответствии с международными стандартами(часть II).Алматы .- UIB,-2005

8.Әбдіманапов Ә.Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері(халықаралық стандарт).Оқулық,-Алматы 2006 жыл

9.Новодворский Вд.Бухгалтерская (финансовая)отчетность.-М.,2003.

10.Дюсембаев К.Ш.,ЕгемдердиеваС.К.,Дюсембаева З.К.Аудит и анализ финансовой отчетности.Алматы“Қаржы-қаражат” 1998

11.Абленов Д.О.Аудит негіздері.-Алматы:Экономика,2005.

12.Андреев В.Д. Практический аудит.М.:“Экономика”,1994

13.Артеменко В.Г.,Беллендир М.В. Финансовый анализ:М:,Учебное пособие.-Издательство “ДИС”,НГАЭиУ.1997

14.Ержанов М.С.,Ержанова А.М.Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов.-Алматы:Ержанов иК,2003.

15.КирьяноваЗ.В.Теория бухгалтерского учета.-М.:Финансы и статистика,1998.

16.Кондраков Н.П.Бухгалтерский учет,анализ хозяйственной деятельности и аудит.-М.:-Перспектива,1994.

17.Кеулимжаев К.К.,Әжібаева З.Н,Құдайбергенов Н.А.,Жантаева А.А.Қаржылық есеп – Алматы:Экономика,2001.

18.Кеулімжаев Қ.К.,Тулегеноа Э.Т.,Байдаулетов М.Б.,Құдайбергенов Н.А.Субъектінің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп шоттарының корреспонденциясы. Алматы:Экономика,1998.

19.Кутер М.И. Теория и принципы бухгалтерского учета.-М.:Финансы истатистика,Экспертное бюро,2000.

20.Ларионов А.Д.,Ерофеева В.А.,Бабченко Т.Н.Бухгалтерский учет в промышленности.-М.:ГРОССБУРГ-Проспект,1998

21.Нидлз Б.,АндерсонХ.,КолдуэллД.Принципы бузгалтерского учета:Пер.с анг./Под ред.Я.В:Соколова.-М.:Финансы и статистика,1996

22.Ниткин В.М.,Ниткина Д.А.Тоерия бухгалтерского учета. М.:-Дело и сервис,1999.

23.Палий В.Ф.,Палий В.В.Финансовый учет.-М.:ФБК Прес,1998.

24.Подольский В.И. Аудит.-М.:Аудит,Юнити,1997.

25. Радостовец В.К.,Радостовец В.В.,Шмидт О.Н.Бухгалтерский учет на предприятии.-Алматы:Центраудит-Казахстан,1998.

26.Рахимбекова Р.М.,Кеулимжаев К.К.,Атйхожина Л.Ж.,Кинхузова К.К.,Сальменова А.Т. Фининсовый учет на предприятии.-Алматы:Экономика,2003.

27.Крейнина М.Н.Финансовое состояние предприятия. Методы оценки.-М.:ИКЦ«ДИС»,1997.-224 с.

28.Абленов Д.О.Аудит негіздері:Типтік бағдарлама экономика мамандығын дайындайтын студенттеріне арналған.-Алматы:Экономика,2000.-17б.

29.Пятенко С.В.Организация работы аудитора и консультанта:Уч.-практ.пос.—М.:ИД ФБК- ПРЕСС,2001,-376с.

30.Пупко Г.М.Аудит и ревизия:УЧ.пос.-Мн.:Интерпрессервис; Мисанта,2003.-429с.

31.Привалов В.П.,Ковалев А.И.Анализ финансового состояния предприятия.3-е изд.,перераб. И доп.-М.:Центр экономики и маркетинга,2000.-495 с.

32.Хорнгрен Ч.Т.,Дж.Фостер.Бухгалтерский учет:управленчес- кий аспект.-М.:Финансы и статистика,2000.

33.Жылдық есеп – 2004.//Бухгалтер бюллетені,№4,қаңтар,-2004

34.Жылдық есеп – 2005.//Бухгалтер бюллетені,№4-5,қаңтар,

-2005


1-қосымша

Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация



Салық кезеңі – 2004 жыл.

Жылдық жиынтық табыс бөлімі

100.00.001

Тауарларды(жұмыстарды,қызметтер көрсетуді)өткізуден түсетін табыс

87427509

100.00.002

Үйлерді,ғимараттарды,құрылыстарды,сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс




100.00.003

Міндеттемелерді есептен шығарудан

түсетін табыстар




100.00.004

Күмәнді міндеттемелерден түсетін табыстар




100.00.005

Мүлікті жалға беруден түсетін табыстар

116618223

100.00.006

Борышты талап етуді басқаға беруден

түсетін табыстар




100.00.007

Кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім үшін алынған табыстар




100.00.008

Шығып қалған тіркелген активтер құнының

ішкі топтың құн балансынан асып түсуінен

алынатын табыстар

-614909

100.00.009

Кен орындарын игеру зардаптарын жою жөніндегі нақты шығыстар сомасынан кен орындарын игеру зардаптарын жою қорына аударылған соманың асып түсуінен алынатын табыстар




100.00.010

Ортақ үлестік меншіктен түсетін табысты бөлу кезінде алынатын табыстар




100.00.011

Бұрын негізсіз ұсталып,бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа ,борышкерге салынған немесе ол мойындаған айыппұлдар,өсімпұлдар,өсімпұлдар және санкциялардың басқа да түрлері ,егер осы сомалар бұрын шегеріп тасталмаған болса




100.00.012

Бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар




100.00.013

Өтеусіз алынған мүлік,орындалған жұмыстар,

көрсетілген қызметтер




100.00.014

Дивиденттер

17000000

100.00.015

Сыйақылар




100.00.016

Роялти




100.00.017

Әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыстардың шығыстардан артығы қамтылады




100.00.018

Ұтыстар




100.00.019

Оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі




100.00.020

Басқа табыстар

1139746

100.00.021

Жылдық жиынтық табыс

221570569


Жылдық жиынтық табысты түзету

100.00.022

Жылдық жиынтық табысты түзету:

Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен бұрын салық салынған ,Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғадан дивиденттер

Түзетуден кейінгі жылдық жиынтық табыс


17000000
204570569


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет