Заңды тұлғаларды несиелеудi ұйымдастыру Мазмұны Кіріспе


Қаржылық жүйенің ішкі несиелерінің ЖІӨ-ге қатынасы



бет3/5
Дата16.06.2016
өлшемі0.72 Mb.
#138613
1   2   3   4   5

Қаржылық жүйенің ішкі несиелерінің ЖІӨ-ге қатынасы*

(%-да)





1991

1992

1993

1994

1995

1996

1997

1998

1999

2000

2001

Дамыған елдер

Швейцария

224,5

221,0

225,9

233,7

274,9

290,1

298,8

291,5

305,6

311,2

303,5

Жапония

203,3

207,2

209,8

213,0

202,8

202,9

191,9

195,3

201,5

191,4

299,6

АҚШ

95,6

94,9

98,0

95,4

103,3

110,7

120,1

130,8

144,5

144,2

142,7

Жаңа индустриалды елдер

Корея

104,4

112,1

122,5

129,2

124,5

133,5

148,2

170,7

162,8

148,0

155,2

Сингапур

79,7

79,5

79,1

80,0

83,2

87,7

94,2

109,2

110,7

102,7

122,0

Турция

27,2

27,9

28,6

29,4

27,9

34,4

37,1

40,0

49,4

54,1




*көзі: «Международная финансовая статистика», МВФ, раздел финансовый обзор.

Дамыған елдердегі банктік несиелеу механизмін қарастырсақ, Францияда банк клиентке нақты ақша сомасын бере отырып несие береді немесе оны беруге сөз беру арқылы несие беруі мүмкін. Бірінші жағдайда толық мағынадағы несие болса (баланста көрсетілетін), екінші жағдайда банктік қолмен куәландырылған банк міндеттемесі ретінде болады (баланстан тыс есепке алынады). Толық мағынадағы несиелер үш түрлі тәсілмен берілуі мүмкін: коммерциялық құжаттарды есепке алу түрінде, қаржылық құжаттарды есепке алу және кассалық несие. Банктің қолымен куәландырылған несиеге банктік кепіл немесе акцепттерді, сондай-ақ несиенің қолданылмаған бөлігін жатқызады.

Францияда заңды тұлғаларды несиелеу кезінде белгілі-бір обьектімен байланысты несие (коммерциялық қарыздық міндеттемелер, сыртқы сауда операциялары, мемлекетті жабдықтау, қосалқы бөлшектер) түрлерін бөледі, ал обьектімен байланысты емес несиелер тек қосымша роль ойнайды.

Қарыздық міндеттемелерге берілетін несие вексельдерді есепке алу формасында берілуі мүмін. Бұл жағдайда банк екі кепілге ие болады: вексель бойынша қарыз адамның қолы түрінде және осы вексельді есеспке алуға берген кредиттер түрінде.Ал, қосалқы бөлшектерге берілетін несие бойынша кәсіпорындағы дайын өнім қорлары өсіп кеткен жағдайда олардың қолма-қол ақшаға сұранысын қанағаттандыру несиесі немесе маусымдық несие береді .

Германияда басқа елдерде сияқты несиелік операциялар негізгі орынды алады. Бұл елде сыртқы сауданың дамуымен рамбурстық несие кеңінен қолданылады. Ол шикізатты әкелу мен жартылай және дайын өнімдерді шығару кезінде қолданылып, коноссамент кепілі формасында жүреді. Кейде бұл несие сатып алушының тауарды еркін басқару құқын сақтап қалуы шартында беріледі. Ол, әрине, бірінші класты қарыз алушыларға беріледі. Сондай-ақ, Германия мемлекеттік қорларының, қалалық зайым облигациялары, темір жол акциялары мен облигацияларын кепілдікке ала отырып несие береді. Неғұрлым «тиімді» банктер қамтамасыздандырылғанмен бірге бланктік несие де береді. Өтелген және өтелмеген несиелер екі жақты берілуі мүмкін. Қарыз алушы не банктен ақша алады, не вексельді акцепттеуіне болады. Соңғысында қарыз алушы ақша алу үшін басқа банкте вексельді есепке алады. Мұндай несиенің ерекше түрі авальды несие болып табылады. Мемлекеттік жабдықтау, салық органдары алдында алымдарды кейінге қалдыру туралы сұрау кезінде заңды тұлғалар өз міндеттемелерін орындауға кепіл беруі керек.

АҚШ-та да халықаралық тәжірибедегі несиелер беріледі. Бұл елде коммерциялық банктер беретін ссудалардың ішінде мөлшері және мәні бойынша неғұрлым маңызды ссуда категориясы сауда-өнеркәсіптік кәсіпорындарына берілетін ссуда болып табылады. Ол барлық берілген ссудалардың үштен бірін құрайды. Коммерциялық және өнеркәсіптік ссудалардың көп бөлігі тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алу үшін қолданылады, ал олардың мерзімі 1 жыл және одан аз болып табылады. Сондай-ақ, олардың арасында он жылға дейінгі мерзімге берілетіндері де бар. Олар , әдетте, машина құрал-жабдықтарын сатып алуға арналған. Сауда-өнеркәсіптік ссудалар тауарлы-материалды запастармен, құрал-жабдықтармен, кәсіпорынның өзінің құнымен қамтамасыздандырылуы мүмкін.

Судаларды жиі қолданатын және ұқыпты төлеуші ретінде танылған фирма «несиелік линия» арқылы ссуда алуына болады. Бұл несие алуға керекті уақытты үнемдейді және банктерге несие қабылеттлігін талдауға уақыт жібермеуге мүмкіндік береді.

Ұлттық статусын алған банктер заң бойынша банктің меншікті капиталының 15%-нан артық мөлшерде ссуда бере алмайды. Бұл кепілмен толық қамтамасыздандырылмаған ссудалар бойынша жүзеге асырылады. Ал, тез өтетін кепілмен толық қамтамасыздандырылған ссудалар бойынша 25%-ға дейін беруге болады.

Ауыл шаруашылығына берілетін ссудалар жалпы несие көлемінде аз мөлшерін алады. Мүмкіндік болса, фермерлер коммерциялық банктерден ссуда алғаннан ғөрі, Федералды жер банктері және кооперативтерге қызмет көрсететін Банктер сияқты федералды несиелік агентстволардан субсидияланатын пайыз мөлшерлемесі бойнша ссуда алады.

Сонымен қатар, банктік емес қаржылық мекемелерге де ссуда беріледі. Олар мұндай ссудаларды әрі қарай жеке тұлғаларға беру үшін немесе ұзақ мерзімді пайдаланылатын тұтыну тауарларын сатып алуға ссуда беру үшін алады /9. 106-107 бет/.

Жалпы, ірі шетел банктерінде несие процесін ұйымдастыруды несие бөлімі жүзеге асырады. Несиелік талдау бөлімі барлық несиелеу үрдісін жүйелендіріп, қолдап отырады. Ссудалық функция мен несиелік талдауды бөлу несиелік бөлімдер өзінің тікелей жұмысына толығымен жұмыла алатындығын көрсетеді. Кішігірім банктерде және кейбір банк филиалдарында несиелік талдау несиелік қызметкер міндетіне кіреді. Екінші жағынан, екі бөлімді бөлу несиелік талдаудың неғұрлым жоғары деңгейлі обьективтілігіне және несиелік келісім-шартты неғұрлым ойластырып бекітуге ықпал етеді /10. 137 бет/.

Несиелеу процесінің алғашқы кезеңінде несиелік өтінішті қарап, содан соң қарыз алушының несиелік қабылетін талдайтыны белгілі. Осыған байланысты шетелде клиенттердің несиелік қабылеті туралы ақпараттар жинауға маманданған және олар туралы анықтамалар беретін арнайы фирмалар немесе агенттіктер жұмыс жасайды. Бұл тәуелсіз ұйымдар банктерге келісім-шарт негізінде қызмет көрсетеді. Мысалға, фирма «Дан энд Брэд форд» 3 млн. жуық АҚШ-тың, Канаданың, Данияның фирмалары туралы ақпараттар жинақтап, жалпы ұлттық және аймақтық анықтамаларды жариялайды.

Несиелеу – бұл активтік операциялардың маңызды бағыттары болып табылса, несиелік портфель банк активтерінің үштен бірі немесе жартысына дейінгі мөлшерде құралады.

Несиелер бойынша банктердің зиянға ұшырауының өсуіне біршама әсер ететін факторларға жасалған талдау батыстың банкирлеріне мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: дүниежүзілік банктердің мәліметтеріне сәйкес несиелер бойынша банктердің зиян шегуінің басты себебі 67% ішкі факторлар, ал 33% сыртқы факторлар үлесі келеді (4-кесте).


4-кесте
Несиелеу барысындағы банктің зиян шегуіне әкелетін факторлар*
(%-да)

Ішкі факторлар

67%

Сыртқы факторлар

33%

Қамтамасыз етудің жетіспеушілігі.

22

Компанияның банкроттығы.

12

Несиеге деген өтінішті оқып үйрену барысында ақпаратты дұрыс бағалауы.

21

Кредиторлық қарызды қайтаруын талап етуі.

11

Алдын ала ескерту белгісіне кеш көңіл бөлуі және операциялық бақылаудың әлсіздігі.

18

Жұмыссыздық/Жанұя мәселелері.

6

Қамтамасыз етілудің сапасының нашарлығы.

5

Ұрлық/Алдау.

4

*көзі: С.Б. Мақыш. «Коммерциялық банктер операциялары», Алматы, 2003ж.
Несие бойынша банктердің зиян шегуіне себеп болатын сыртқы факторлар қатарында бірінші орында компаниялардың банкроттығының тұруы тегін емес. Банктің кез келген қарыз алушысы мұндай факторларды басынан кешуі мүмкін. Сондықтан, қарыз алушының несиелік қабылетін талдай отырып, банк қызметкерлері міндетті түрде оның қаржылық жағдайын анықтап білуге тиіс. Банкроттықтың басты себептеріне басқарудағы жетіспеушілік, тиімді басқаратын ақпараттар жүйесінің болмауы, нарық жағдайындағы өзгерістр мен бәсекеге төселе алмауы, өз мүмкіндіктерінің шамадан тыс көбейіп кетуі, яғни ресурстарының жоқтығына қарамастан компанияның жылдам кеңеюі, акционерлік капиталдың жетіспеушілігі және зайымдық қаражаттардың үлесінің жоғарылығы жатады.

Несиелік тәуекел несиелік портфель сапасына тікелей байланысты. Несиелік портфель – несие беру бойынша банк қызметінің нәтижесі. Нақты ұйымдастырылған несиелік процесс несиелік тәуекелді минимизациялауға әкеледі. Несиелік процесс екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде несиелік өтініштерді егжей-тегжейлі талдау жүзеге асырылады. Мұнда қарыз алушының несиелік қабілетіне, оның мықты және әлсіз жерлеріне, несиені өтеудің мүмкін болатын мерзімдеріне көңіл бөлінеді. Егер кәсіпорын банктік саясаттың барлық талаптарына жауап берсе, несиелік келісім-шарт жасалады.Онда екі жақтың құқықтары мен міндеттері белгіленеді. Несиені бергеннен кейін екінші кезең басталады, яғни кәсіпорынның ағымдағы қызметін талдап, проблемалық несиелерді айқындайды. Ол үшін банктер несиені өтемеу тәуекелін сапалы және сандық жағынан анықтауға мүмкіндік беретін несиелік классификаторды қолданады. Қарыз алушылардың қаржылық көрсеткіштеріне, несиені қамтамасыз ету құнына барлық құжаттардың дұрыстығына қарай несиелер келесідей бөлінеді:



  1. төмен тәуекелі бар несиелер (сыныпталмайтын);

  2. жоғары тәуекелі бар несиелер;

  3. шекті тәуекелі бар несиелер;

  4. ережеден тыс берілген несиелер (стандартты емес) /11.96-97бет/.

Әр тәуекел кластарына өтелмеген тәуекелдер үшін өтелмеген несиелердің өзіндік үлесі белгіленеді.

Шетелдік банктердің тәжірибесінде қарыз алушының несиелік қабілетін жете бағалау несиелік тәуекелді төмендетудегі басты шара болып табылады.

Несиелердің қайтарылмауынан зиян шегу - кез келген банк қызметінің негативті жағы. Оларды толық жою мүмкін емес, бірақ ең төменгі мөлшерге жеткізуге болады. Американдық коммерциялық банктерде проблемалық несиелердің пайда болу себептерін айқындауға көмектесетін, сол сияқты олардың пайда болуын болжайтын толық жүйе жұмыс жасайды. Бұл жүйеге сәйкес күмәнді несиелердің пайда болуына әсер ететін банкке байланысты және байланысты емес факторлар келтіріледі. Бірінші факторларға несиелік процеспен байланысты, яғни несиелік өтінішке, несиелік құжаттарға және т.б, жасалатын талдауды қамтитын барлық аспектілері жатады. Екінші факторларға қолайсыз экономикалық жағдай және төтенше оқиғалар жатады /4. 204бет/.

Несиелік қабілетін талдағаннан кейін несиелік келісім-шарт жасалады. Әр түрлі елдердің банктерінің клиенттермен жасайтын келісім – шарттарының негізгі ерекшеліктеріне: хұқықтарына мәдениеттің жоғарғы деңгейі ; несиелік мәміле шарттарының егжей – тегжейлі сипаты; несиелік құралдардың түрлеріне байланысты несиелік келісім- шарттар формаларын типтеу жатады.

Несиелік келісім – шарт мазмұнын қарастыру олардың көлемді болып келуін көрсетеді. Кейбір несиелік келісім- шарттар 20 бетке дейін болады. Бұл олардағы шарттардың кеңдігін көрсетеді. Мысалы, АҚШ-тың бір банкінде ұзақ мерзімді несиеге немесе несиелік линия ашу негізінде ағымдағы қажеттіліктерге берілетін несиелерге қатысты неғұрлым ашық формада құрылатын несиелік келісім- шарт бар. Егер несие 30 күнге дейін берілсе, не қысқартылған келісім- шарт, не қарыздық міндеттеме қолданылады.

Германияда бір жүйенің банктері үшін ( жеке, жинақтаушы т.б.) бірдей несиелік шарттар белгіленген. Заңдармен қатар олар несиелік операциялардың хұқықтық негізін құрады. Ортақ несиелік шарт белгілеу- банктердің тәуекелден қорғану шараларының бірі. Ортақ несиелік шарттар банк клиенттеріне жеткізіледі. Несиелік келісім – шарттарда олар қайталанбайды, бірақ қарыз алушының олармен келісімін нақтылацтын пункт жазылады. Олардың толық мәтіні несиелік келісім-шарт бланкісінің келесі бетінде беріледі. Германияда несиелік келісім-шарттар бір түрге келтірілген. Олар кесте макеттері түрінде типографиялық формада көрсетілген, ал қатардағы бөлімдер қысқартылып толтырылады /3.299-301бет/. Несиелік келісім-шарт жасалып, ссуда берілгеннен кейін соңғы кезеңде несиенің қайтарылуын бақылайды. Заңды тұлғаның өтімділігі, қаржылық құрылымы, рентабельділігі тұрақты талдау обьектісі болуға тиіс. Әсіресе, несие қабілеттілігінің аспектілерін талдау кезінде айқындалған әлсіз жерлері үздіксіз талданып отырғаны жөн. Несиелік келісім-шартқа сәйкес несие құрылымы қиындықтар туындаған жағдайда теріс салдарын жоюға мүмкіндік болатындай анықталуы керек. Яғни, мониторингте қолданылатын құралдардың ішінде несиелік келісім-шарт негізгі құрал болып табылады. АҚШ-ның банктеріндегі несиелік мониторингтің маңызды элементі сенімді ақпарат жинап, оны талдап отыру болып табылады. Келесі суреттен несиелік мониторингтік процесінің алгоритмі көрсетілген ( 2-сурет).

2-сурет
Несиелік мониторинг процесі


Мәліметтерді жинау



Несие қабылеттілігі элементтерін талдау



Өзгеріссіз

Несиелік рейтингті тексеру



Түзету шараларын өткізу

Негізінен, банктегі жоғарғы буын басшыларының бірін несиелік мониторинг үшін жауапты еткен жөн. Бұл функция, әсіресе кіші банктерде банктік қызметін басқа бағыттарының мониторингі қызметімен біріктірілуі мүмкін /10.147-148. бет/. АҚШ конгресі тұтынушылары пайыздық төлемдердің мөлшері және басқа да төлемдер туралы толық ақпараттандыруға қол жеткізу мақсатында несиелеу аясында дәйекті ақпарат туралы бірқатар заңдар қабылдаған. Сонымен қатар, несиені орналастырудағы мүмкін болатын теңсіздікті жою, несиені өтеу кезіндегі қателерді түзеуді заңдастыруды енгізу үшін де заңдар қабылданған .





    1. АҚ« Туран Әлем Банк» несие қызметiн ұйымдастыру

«БанкТуранАлем» АҚ несиелiк операцияларының динамикасын талдамас бұрын, бөлiмдердiң активiне талдау жүргiзелiк. Бөлiмнiң таза активтерi 1.01.2004-515200 мың теңге құраған, өткен жылда, бөлiмдердiң активтерi 78560 мың теңгеге өскен, соның iшiнде 84780 м. Теңге бөлiмшенiң жұмыс iстейтiн активтерi- 463680 м. теңге немесе бөлiмшенiң таза активтерiнiң 90% құраған.

2004 жылы iшiнде жұмыс iстейтiн активтердiң құрылымында келесiдей өзгерiстер болған: Ссудалық қарыз үлесi жылдың басындағы 20% дан (78200 теңге) 18%-ға(84500) азайған. Бос несие ресурстарының үлесi жылдың басындағы 48%-н джылдың аяғында 51%-ға дейiн өскен. Жалпы ссудалық қарыз (мерзiмi өткен қарызды есептегенде) 01.01.2003 жылы-84754 теңге құраған, соның iшiнде мерзiмi өткен қарыз 253 мың теңге құрайды.

01.01.2004 жылы барлық ссудалық қарыз бойынша орташа өлшенген ставка –34,9% құраған, соның iшiнде заңды тұлғалардың ссудалық қарызы бойынша-34,4%, жекетұлғалардың ссудалық қарызы бойынша-26,9%.

Ссудаларды сандық жiктеуге және олардың өсу темпiне қатысты мәлiметтердi қарастыралық.

Кесте 6. Қарыз алушылардың мүлiктiк-құқықтық статусы бойынша несие портфелiнiң заңдық аспектiдегi құрылымы.



жылдар

Тұрғылықты халық

Жеке кәсiпкерлер

Заңды тұлға

2002

20

21

59

2003

22

22

56

2004

33

30

37

Кесте-7. 2004 жылдың несиелеу объектiлерi бойынша берiлген ссудалар туралы есеп.



Ссуда типi

Үлесi,%

Беттiк шоттардың саны

А

1

2

Мүлiктi сатып алұға

14

420

Мұқтаждықтарға

19

1340

Шыққаны

33%

1760

Заңды тұлға құрмай iстейтiн кәсiпкерлер

30




Жеке тұлғалар бойынша барлығы

63%




Ұйымдарға ссудалар

37

16

Барлығы:

100%

3536

1.01.2003 жылы тұрғындардың ссудалық қарызының үлесi-20%, 2004 жылы 30%, 2002жылдан бастап тұрғындарға несие беру күрт төмендеген.

2003-2004 жылдарының динамикасында тұрғындар несиесiнiң үлесi бiртiндеп өскен. Абсолюттi мәнде 2003 жылы басында тұрғындардың несиелiк қарызы 76600 мың тенге құраған, 2004 жылдың басында -78200 мың тенге құраған. 2004 жылы тұрғындардың ссудалық қарызы 6300 мың теңгеге өскен. Сөйтсе де тұрғындарды несиелеудiң өсуi аса жоғары емес, өйткенi банктiң бос несие ресурстары тұрақты, 48-51% құрайды.

1.01.2004 жылы ссудалық қарыздың сапалық өзгерiсiндегi жағымды сәт ссудалық қарыздың қарыз алушы категориялары бойынша теңестiрiлуi болып табылады.

Тұтынымдық сауда құрылымын қарастыралық.
Кесте-8. Қатысты шамадағы(% ) ссудалар құрылымы.


жылдар

Ұзақ мерзiмдi

ссудалар


Қысқа мерзiмдi ссудалар

Байланыс

қан


Қызметкер

лерге ссуда



Бағалы қағаздармен кепiлденген

Тұрақтан

дыру ссудасы



Шұғыл мұқтаждық

қа


2002

6

14

4,7

5

0

70,3

2003

21

20

5

3,5

0

50,5

2004

24

27

5

3

0

41

Кесте-9. Абсолюттi шамадағы ссудалар құрылымы (мың тенге)




Жылдар

Ұзақ мерзiмдi

ссудалар


Қысқа мерзiмдi ссудалар

Байланыс

Қан


Қызметкер

лерге ссуда



Бағалы қағаздармен кепiлденген

Тұрақтан

дыру ссудасы



Шұғыл мұқтаждық

қа


2002

4596

10724

3600

3830

0

53850

2003

16422

15640

3910

2737

0

39491

2004

20280

22815

42250

2535

0

34645

2004 жылы ссудалық қарыз құрылымын талдай отырып, ссудалардың басым бөлiгiн кейiнге қалдыруға болмайтын мұқтаждықтарға берiлетiн несиелер құрайтынын көремiз, бiлiмге берiлетiн несие тұрғындар тарапынан талап етiлмеген. Оның себептерiне несиелеу шарттарын қарастыру кезiнде тоқталамыз.

Динамикада ұзақ мерзiмдi ссудалрмен тауар алуға берiлген ссудалар өсуi байқалады. Бұл сатып алу қабiлетiнiң өсуiне, тұрғындардың төлем қабiлетiнiң тұрақтануы мен өсуiне байланысты.

Бағалы қағаздармен кепiлдiгiне берiлетiн ссудалар динамикасындағы керi жағдай кепiлдiкке алынатын бағалы қағаздарға қатаң талап қойылуына байланысты.

Судалық қарызды жабу мерзiмi құрылымында келесiдей өзгерiстерболған: қысқа мерзiмдi несиелердiң үлесi ( 1 жылға дейiнгi) барлық ссудалық қарыздың жыл басындағы 79%, жыл аяғындағы76% қысқарған. Ұзақ мерзiмдi несиелердiң үлесi жыл басындағы 21% жыл аяғында 24% өскен, абсолюттi шамада ұзақ мерзiмдi несиелердiң соммасы 1,24 есе өскен/

Несиелеу объектiлерi бойынша портфель айналымдылығы мен құрылымына талдау жүргiзелiк.

2004 жылдың портфелдегi несие айналымдылығын қарастырайық
Кесте-10. 2004 жыл несие портфелiнiң айналымдылығы.


Қарыз алушы типi


Сөндiру мың тг.

Бiр күнде орташа сөндiру соммасы мың тг.

Ссудалық қарыздың орташа жыллдық соммасы мың тг.

Несиенiң айналымы (күнiне)

Жеке тұлға

1498

973

237,32

4,10

Тұрғын үй сатып алуға

222

0,61

201

329,51

Шұғыл мұқтаждыққа

1043

2,86

591

206,64

З.т.қ.ж.i. кәсiпкерлер

233

0,64

181

282,81

Заңды тұлға

469

1,28

276

215,63

Барлығы

1967

5,39

1249

231,73

Ссудалық қарыздың орташа жылдық қалдығы орташа хронологиялық формуласы бойынша есептелген.

Кестедегi мәллiметтер 2004 жылының несие портфелiнiң негiзiн жеке тұлғаларға берiлген кейiнге қалдыруға болмайтын мұқтаждық несиесiн құрағанын көрсетедi: Олар 2004 жылы жабылған (сөндiрiлген, өшiрiлген) сомманың 53% құрайды, 53,1% осы соммаларды күнделiктi жабу, 77,9% орташа жылдық қарыз соммасының қалдығы. Мұндай қорытынды несие портфелi Құрылымын талдаудан ерекшелiнедi, онда жеке тұлғалардың, жеке кәсiпкерлердiң және кәсiпорындардың несиелерiнiң соммасының шектi салмағы бiрдей. Оның себебi ,несие портфелiнiң құрылымы мәлiметтерi абсолюттi шамамен көрсетiлген және айналымдылық көрсеткiшi есепке алынбаған. Жеке тұлғаларға несие беру басқа қарыз алушылармен салыстырғанда жоғары айналымдылықпен сипатталған (6,9 ай). Бұл шама басқа несие түрлерiнiң айналымдылық көрсеткiштерiнен екi есе жоғары.

2004 жылы портфелдегi тұрғындарға несие беру айналымдылығын қарастырайық:


Кесте-11. 2004 жыл портфелдегi тұрғындар несиесiнiң айналымдылығы


Қарыз алушы типi


Сөндiру мың тг.

Бiр күнде орташа сөндiру соммасы мың тг.

Ссудалық қарыздың орташа жыллдық соммасы мың тг.

Несиенiң айналымы (күнiне)

Жеке тұлға

11609

31,8

2192

69,93

Тұрғын үй сатып алуға

774,97

775,61

225,28

29,05

Шұғыл мұқтаждыққа

1046

2,87

182

63,41

З.т.қ.ж.i. кәсiпкерлер

471,17

470,49

90,55

19,24

Заңды тұлға

11421

31,29

414

13,23

Барлығы

1095,0

1094,06

70,05

6,4

Кестеден көрiп отырғанымыздай 2004 жыл сөндiрiлген қарыз соммасы және сәйкесiнше орташа бiр күндiк сөндiру соммасы жуықтап алғанда 7,5 есеге өскен. Ссудалық қарыздың орташа жылдық Қалдығы 2,5 есеге ғана өскен, ал айналымдылық 231-ден (140) 80 күнге қысқарған.

Жеке тұлға- қарыз алушылармен жағдайдан жабу темпiнiң өсуiнiң, күнделiктi жабу соммасын, ссудалық қарыздың орташа жылдық қалдығын және айналымдылықтың жинақтау банкiнiң мемлекеттiк облигациялары бойынша портфель көрсеткiштерiне сәйкестiгiн көремiз. Жеке тұлғаларға берiлген несие бойынша кестеден несиенi жабудың күрт өскенiн және несиенiң айналымдылығының мерзiмдерiнiң қысқарғаны көрiнедi.

Нсие портфелiн талдауды қорытындылай келе, несие портфелiнiң негiзiн ссуданың барлық түрлерi тең үлесте құрайды деуге болады.

Жеке тұлғаларға берiлген несиелердiң айналымдылығы басқа қарыз алушылар категорияларына берiлген несилермен салыстырғанда жоғарырақ. 2003-2004 жылдың динамикасында тұрғындар несиесiнiң үлесi бiртiндеп өсiп келедi. Бұл тұрғындардың төлекм қабiлеттiлiгi тұрақтанып , жоғарылауына, сатып алу қабiлеттiгiнiң өсуiне байланысты. Бiрақта тұрғындарды несиелеудiң өсу үлесi аса жоғары емес. Банктiң бос несие ресурстары тұрақты 48-50% құрайды. Динамикада қайтарылмаған ссудалардың шектi салмағы 2003-2004 жылы 1-ден 0,3% –ға қысқарған, «БанкТуран Алем » АҚ-ның бос несие ресурстары 51%. Банктiң несие саясатының потенциясы зор деуге болады.

Осы бөлiмдi қорытындылай келе, несие портфелiнiң негiзiн несиенiң барлық түрлерi тең үлесте құрайды. Жеке тұлғаларға несиет беру 2003-2004жылдардың динамикасында өсу бағытында, ол тұрғындардың сатып алу қабiлетiнiң өсуiне байланысты саясатының потенциалы жоғары, өйткенi бос ресурстардың үлесi 48-51 аралығында тербеледi. Несиелеудiң даму перспективалары туралы төменде тоқталамыз. Ол үшiн әр түрлi ссуда түрлерiнiң несиелеу шарттарына талдау жасау керек.

Жоғарыда айтқанымыздай, несие бойынша нақты төленген пайыз жоба ерекшелiгiне байланысты анықталатын жабу графигiне тәуелдi. Мысал қарастырайық:

---- айталық, азық-түлiк жартылай фабрикаттарын (пельмендер,варениктер, манты) өндiру және өткiзумен айналысатын жеке кәсiпкер өндiрiстi кеңейтiп, екiншi цех ашу туралы шешiм қабылдасын. д

---- Ол «БанкТуран Алем » АҚ-нан құрал-жабдық сатып алу үшiн несие алу мақсатында көмек сұрады.

Жобаны қарастырылғаннан кейiн( бизнес-жоспар, жобаның технико-экономикалық негiзделуi және т.б.) несие эксперттерi қарыз алушыны қолында бар цехiнiң кепiлдiгiне қаржыландыруға шешеiм қабылдады.

--- 50000 доллар эквиваленттi несие бiр жылға 24 жылдық пайызбен берiлдi.

--- Ай сайын тең үлеспен негiзгi пайызды және қарызды төлеу арқылы жабу жүйесi қолданылған .

Жабу графигi келесi түрде болады
Кесте-12 Сөндру графигiнiң көрiнiсi келесiдей болады:

Айлар


2

4

6

8

10

12

Жыл


Басындағы

45833

37500

29167

20833

12500

4167

Пайыз


2.0

2.0

2.0

2.0

2.0

2.0

Пайыз соммасы,$



917

750

583

417

250

83

Негiзгi қарыз,$



4167

4167

4167

4167

4167

4167


Қорытындысында қарыз алушы несиенi қолданғаны үшiн 6500 доллар эквиваленттi сомма төледi, ал 24 жылдық пайыздан аз, егер несиенi жабу бiр реткi төлем арқылы несиенi қолдану мерзiмiнiң соңында жүргiзiлсе, қарыз алушы 12000 доллар төлер едi



    1. АҚ «Бәйтерек-А» мысалында несиелiк қабiлеттiктi бағалау

АҚ «Туран Әлем Банк» заңды тұлғалардың несиелік қабілетін бағалау тәжірибесін АҚ «Бәйтерек-А» мысалында көрсетеміз.

АҚ «Туран Әлем Банкте» заңды тұлғаларды несиелеу процесі де қарыз алушыға кеңес беруден басталады. Бірақ АҚ «Бәйтерек-А» Туран Әлем Банктiң бұрынғы клиенті боғандықтан ол жалпы несиелеу шарттарымен таныс.Туран Әлем Банк несиелеу үшін кәсіпорындарға мынадай талаптар қояды:


  • Несиені өтеу үшін нақты ресурстардың болуы;

  • Несиені өтімді кепілмен қамтамасыз ету;

  • Жобаны қаржыландыруда меншікті қаражаттарының қатысуы;

  • Қатаң қаржылық тәртіпті ұстау;

  • Кәсіби менеджмент.

Несиелеудің келесі кезеңі несиеге өтінішті қарау үшін қажетті құжаттарды тапсыру болып табылады. Осыған байланысты АҚ «Бәйтерек-А» мынадай құжаттарды тапсырды:

  • Несие алуға өтініш;

  • Бизнес-жоспар немесе техникалық-экономикалық негіздеме;

  • Басшысының суреті бар қарыз алушының анкетасы;

  • Кәсіпорының қаржылық құжаттары (№1,2,3 формалар);

  • Дебиторлық және кредиторлық қарыздардың тауарлар мен қызметтердің тізімі, пайда болу мерзімдері көрсетілген ашылуы;

  • Ссудалық міндеттемелерінің болуы немесе болмауы туралы анықтаманың түпнұсқасы;

  • Бюджет алдындағы қарыздарының болуы немесе болмауы туралы анықтаманың түпнұсқасы;

  • Құрылтайшылық құжаттарының нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі;

  • Құрылтайшылардың несиені алу туралы жиналысының шешімі.

Құжаттардың толықтығы және нақтылығы заң бөлімімен тексерілгеннен кейін қарыз алушының қаржылық жағдайы, оның несиелік қабілеті және жоба тиімділігі бағаланады. Ол несиелік офицердің эксперттік қорытындысы түрінде рәсімделеді.

Бұл қорытындыда ең бірінші кезекте несиенің негізгі көрсеткіштері қарастырылады:



  • Қарыз алушының аты АҚ «Бәйтерек-А»

  • Жобаның мақсаты айналым қорларын толтыру

  • Несиенің сомасы 15 000 000 теңге

  • Несиенің мерзімі 18 ай

  • Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 17 %

  • Қамтамасыз ету:

  1. айналымдағы тауарлар, кепілдік құны 7 766 324 теңге (56 277 АҚШ доллары);

  2. Жер учаскесі бар кеңсе үйі – 11 267 844 теңге (81 651 АҚШ доллары).

Ендігі кезекте қарыз алушы кәсіпорын туралы мәліметтер келтіріледі:

    • Тіркелу күні: № 43873-1910-ТОО, 07/11/2001 жылы берілген заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес 07/11/2001 жылы құрылды

    • Акционерлiк қоғамның заңды мекен-жайы: Алматы қаласы, Көктем-1, 98/2

Акционерлiк қоғам қызметінің негізгі бағыты: құрылыс материалдарынмен көтерме және жеке сауда.

    • Қарыз алушының ұйымдастыру-құқықтық нысаны –Акционерлiк қоғам

    • Банктердегі есеп айырысу шоттары:

41467861 – теңгеде (АҚ "Туран Әлем Банк " )

АҚ "Бәйтерек-А "ның АҚ "Туран Әлем Банктегі" ағымдық шот бойынша айналымдар 1-кестеде көрсетілген.



1-кесте

АҚ "Бәйтерек-А"ның ағымдық шоты бойынша айналымдар*

(теңгемен)




2002 жыл

2003 жыл

2004

Дт

1 175 731,03

703 783,97

164 946,65

Кт

1 186 680,00

692 835,00

188 321,00

Көзі: АҚ "Бәйтерек-А" банктік шотының көшірмелері
АҚ "Бәйтерек-А" ның" негізгі қызметі:

  • Өткізілетін өнімге деген қажеттілікті, нарықтың сыйымдылығын, алдын ала тапсырыстарды талдау;

  • Өнім ассортиментін таңдау;

  • Жеткізілген өнім үшін төлем;

  • Көтерме-жеке сауда.

Қарыз алушы кәсіпорынның сенімділігін сипаттайтын мәліметтер де өте маңызды болып табылады. Осы мақсатта несиелік офицер Ұлттық банктің несиелік регистр жүйесі бойынша тексеру жасап, мынадай нәтиже алды:

  • Проблемалық несиелері – жоқ;

  • Басқа банктерде ссудалық қарызы – жоқ.

Келесі кезекте қарыз алушы кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасалады. Бұған сәйкес АҚ "Бәйтерек-А" ға қаржылық талдау жүргізу үшін ең алдымен оның бухгалтерлік балансын толық талдап, ондағы өзгерістерді және олардың себептерін анықтау керек. Осы мақсатта АҚ "Бәйтерек-А" ның жинақталған балансы және қарастырылып отырған кезеңдерде болған өзгерістер 2-кестеде және 1-суретте келтірілген.


2-кесте

АҚ "Бәйтерек-А" ның бухгалтерлік баланс баптарының динамикасы*





Көрсеткіш

01.01.03 ж.

01.01.04 ж.

өзгеру, %

01.04.04 ж.

өзгеру, %

АКТИВ

І Бөлім. Негізгі құралдар және басқа да айнамнан тыс активтер

Негізгі құралдар және капиталды салымдар

892 423

793 514

-11

793 514

0

Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар
















Айналымнан тыс басқа да активтер

31 065

26 285

-15

26 285

0

І Бөлім бойынша барлығы

923 488

819 799

-11

819 799

0

ІІ Бөлім. Ағымдағы активтер

Ақша қаражаттары

25 570

0

-100

0

-

Дебиторлармен есеп айырысу

2 343 534

1 341 126

-43

75 245

-94

Запастар және шығындар

15 362 811

15 738 628

2

15 650 178

-1

Басқа да активтер

20 372

0

-100

0

0

ІІ Бөлім бойынша барлығы

17 752 287

17 079 754

-4

15 725 423

-8

БАЛАНС:

18 675 775

17 899 553

-4

16 545 222

-8

ПАССИВ

І Бөлім. Меншікті капитал

Меншікті қаражаттар

3 077 500

9 077 500

195

9 077 500

0

Бөлінбеген пайда

-213 179

1 984 230

-1031

2 223 807

12

Меншікті қаражаттардың басқа көздері
















І Бөлім бойынша барлығы

2 864 321

11 061 730

286

11 301 307

2

ІІ Бөлім. Тартылған капитал

Ағымдық (қысқа мерзімді) міндеттемелер

15 811 454

6 837 823

-57

5 243 915

-23

С.і.: банк несилері
















кредиторлық қарыз

15 811 454

6 837 823

-57

5 243 915

-23

Басқа да міндеттемелер
















ІІ Бөлім бойынша барлығы

15 811 454

6 837 823

-57

5 243 915

-23

БАЛАНС:

18 675 775

17 899 553

-4

16 545 222

-8

*Көзі: АҚ "Бәйтерек-А" ның 01.01.03, 01.01.04, 01.04.04 жылғы қаржылық есеп беру мәліметтері негізінде құрылған
1-сурет

*Көзі: АҚ "Бәйтерек-А" ның 01.01.03, 01.01.04, 01.04.04 жылғы қаржылық есеп беру мәліметтері негізінде құрылған


2-кестеден көретініміздей 01.04.04 ж. баланс валютасы 16 545 222 теңгені құрады. Ол 01.01.2004 ж. көрсеткіштермен салыстырғанда 8 %-ға азайған. Нақты баланс валютасының өзгерісін 4- суреттен көріп отырмыз. Баланс валютасы қарастырылып отырған есепті кезеңдерде жылдан жылға кеміп отыр. Бұл дебиторлық қарыздың 75 245 теңге болып, 94 %-ға азайғандығы есебінен болды. Қаражаттар көздерінің құрылымында 01.04.04 ж. меншікті капитал 68%-ды, ал тартылған капитал 32%-ды құрады. Меншікті капиталдың 12%-ға көбеюі кезең ішінде бөлінбеген пайданың артуы есебінен болған, ал тартылған капиталдың құрылымында азаю кредиторлық қарыздың 23%-ға азайғаны есебінен болды.

Қарыз алушы кәсіпорының тауарлы-материалды запастары да толық талдануы керек (3-кесте).


3-кесте

АҚ"Бәйтерек-А "ның 01.04.2004 ж. таурлы-материалды запастар*


Тауарлы материалды-запастар топтары бойынша аттары

ТМЗ есеп беру күнінде нақты болуы

Әр қайсысының ТМЗ жылпы көлеміндегі үлесі, %

Соңғы инвентаризация күні

Саны

Сомасы

Материалдар:




117 724

0,75

25.03.2004 ж.

Шикізат және материалдар










25.03.2004 ж.

Жартылай фабрикаттар










25.03.2004 ж.

Жанармай




42 885,92




25.03.2004 ж.

Тара










25.03.2004 ж.

Қосалқы бөлшектер










25.03.2004 ж.

Басқа




74 838,08




25.03.2004 ж.

Тауарлар:




15 532 454

99,25

25.03.2004 ж.

Дайын өнім




15 532 454




25.03.2004 ж.

Сатып алнатын тауарлар










25.03.2004 ж.

Басқа










25.03.2004 ж.

БАРЛЫҒЫ




15 650 178

100

25.03.2004 ж.

*Көзі:АҚ"Бәйтерек-А"ның 01.01.03, 01.01.04, 01.04.04 жылғы қаржылық есеп беру мәліметтері негізінде құрылған
Біздің жағдайымызда қарыз алушы кәсіпорынның тауарлы-материалды запастардың құрамында тауарлардың, соның ішінде дайын өнімнің үлесі 99,25 %-ды құрайды. Кәсіпорының негізгі қызметі цемент өткізу болғандықтан тауарлардың үлесі жоғары болғаны орынды болып отыр. ал шикізаттар мен материалдардың үлесі өте төмен болды, ол тек 0,75%-ды құрап отыр. Бұл мәліметтер 01.04.04 ж. мерзімге алынған болатын.

Сондай-ақ, кәсіпорының қаржылық жағдайына дебиторлық қарыздың және кредиторлық қарыздардың әсері үлкен болғандықтан олардың жағдайы да ескерілу керек. Қарастырылып отырған кәсіпорының – АҚ"Бәйтерек-А"ның 01.04.2004 ж. кредитордық және дебиторлық қарыздарының сомасы және мерзімдері 4-кестеде берілген.



4-кесте

АҚ"Бәйтерек-А"ның 01.04.2004 ж. дебиторлық және кредиторлық қарызы



Аты

Сомасы, тг.

Пайда болу күні

Өтелу күні

Ескертпе

Дебиторлық қарыз

1

Салық комитеті

75 245

Қаңтар 04 ж.

Сәуір 04 ж.

ҚҚС




БАРЛЫҒЫ

75 245,00










Кредиторлық қарыз

1

ПКСК Азамат

60 000 

Қаңтар 04 ж.

Сәуір 04 ж.

Дүкенді ұстау үшін

2

ЖШС Iскер

5 076 865

Желтоқсан 01 ж.




Ағымдық қарыз

3

ЖШС ПОЛИМИКС

107 050

Тамыз 03 ж.

Мамыр 04 ж.

Консигнация берілген құрғақ қоспаларға қарыз




БАРЛЫҒЫ

5 243 915










*Көзі: АҚ"Бәйтерек-А"ның 01.01.03, 01.01.04, 01.04.04 жылғы қаржылық есеп беру мәліметтері негізінде құрылған
Осы кестеден АҚ"Бәйтерек-А"ның 01.04.04 ж. дебиторлық қарызы 75 245 теңгені құраса, ал кредиторлық қарызы 5 243 915 теңгені құрады. Дебиторлық қарызының өтелі мерзімі 2004 жылдың сәуірі, қредиторлық қарызының 60 000 теңгесі (ЖШС АЯН) 2004 жылдың сәуірінде өтелуге тиіс. ЖШС ПОЛИМИКС алдындағы кредиторлық қарызының өтелу мерзімі 2004 жылдың мамыр айна түсіп отыр.

Қарыз алушы кәсіпорының қаржылық жағдайын толық білу үшін оның пайда және зияндар туралы есебі талдануы қажет, осы себептен АҚ"Бәйтерек-А"ның пайда және зияндар туралы есебін де талдаймыз (5-кесте).



5-кесте

АҚ"Бәйтерек-А"ның пайда және зияндар туралы есебі*

Көрсеткіштердің аты

01.01.03 ж. Табыстар (+), Шығындар (-)

01.01.04 ж. Табыстар (+), Шығындар (-)

өзгеру, %

Өнім өткізуден түсім

21 856 428

57 841 802

165

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

18 351 617

48 149 791

162

Жалпы табыс

3 504 811

9 692 011

177

Кезеңнің шығындары – Барлығы:

3 717 990

7 707 781

107

Соның ішінде:










Жалпы және әкімшілік

3 717 990

7 707 781

107

өткізу шығындары










Пайыздар бойынша шығындар










Негізгі қызметтен табыс (зиян)

-213 179

1 984 230

1031

Негізгі емес қызметтен табыс










Салық салғанға дейінгі негізгі қызметтен табыс

-213 179

1 984 230

1031

Табыс салығы бойынша шығындар










Салық салынғаннан кейін негізгі қызметтен табыс

-213 179

1 984 230

1031

Күтпеген жағдайлардан зиян










Таза табыс (зиян)

-213 179

1 984 230

1031

*Көзі: АҚ"Бәйтерек-А"ның 01.01.04, 01.01.03 жылғы қаржылық есеп берулер мәліметтері негізінде құрылған
Осы кестенің мәліметтеріне сәйкес 01.01.03 ж. қарағанда 01.01.04 ж. АҚ"Бәйтерек-А"ның өнімді өткізуден түсімі 165 %-ға, өткізілген өнімнің өзіндік құны 162 %-ға артты. Мұның негізгі себебі: өткізілген өнімнің сапасы арттырылып, көп сұранысқа ие болды. Сондай-ақ есепті кезеңде кәсіпорының әкімшілік шығындары 107%-ға артқандығы соншалықты жақсы көрсеткіш болып табылмайды. Бірақ жалпы негізгі қызметтен алған табысы 1031 %-ға өсіп, 1 984 230 теңгені құрады. 2003 жылы бұл көрсеткіш -213 179 теңгені құраған. Бұл кәсіпорын рентабельді болып табылады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

2003 – 2004 жылдардың мәліметтері бойынша АҚ"Бәйтерек-А"ның цемент сатудан айлық түсімдері 6-кестеде көрсетілген.


6-кесте

2003 жылдын 2004 жылдың наурызына дейінгі цемент өткізу*


Айлар

Өткізу сомасы

2003 ж. қаңтар

3 725 113

2003 ж. ақпан

2 508 413

2003 ж. наурыз

3 784 425

2003 ж. сәуір

4 255 565

2003 ж. мамыр

5 055 591

2003 ж. маусым

6 942 744

2003 ж. шілде

7 294 294

2003 ж. тамыз

6 287 901

2003 ж. қыркүйек

4 889 659

2003 ж. қазан

7 616 279

2003 ж. қараша

3 021 715

2003 ж. желтоқсан

2 622 331

2004 ж. қаңтар

2 798 005

2004 ж. ақпан

2 515 508

2004 ж. наурыз

1 122 015

БАРЛЫҒЫ

64 277 330

*Көзі: АҚ"Бәйтерек-А"ның 01.01.03, 01.01.04, 01.04.04 жылғы қаржылық есеп беру мәліметтері негізінде құрылған
АҚ"Бәйтерек-А"ның негізгі қызметінен, яғни цемент өткізуден 2003 жылдан бастап 2004 жылдың наурызына дейін алған түсімдері 64 277 330 теңгені құрады.

Бұл жерде жылдың әр кезеніңде өнім өткізуден түміс әркелкі болып тұрғаны көрініп тұр.

АҚ"Бәйтерек-А"ның негізгі қызметі құрылыс материалдарымен, соның ішінде көбінесе цементпен сауда болғандықтан оны өткізу кезеңдік сипатқа ие. Өткізу көлемінің көп бөлігі жаз және күз айларында байқалады.

Ендігі кезекте АҚ"Бәйтерек-А" бойынша қаржылық коэффициенттерді талдаймыз (7-кесте).


7-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет