Заңды тұлғаларды несиелеудi ұйымдастыру Мазмұны Кіріспе



бет2/5
Дата16.06.2016
өлшемі0.72 Mb.
#138613
1   2   3   4   5

Ссудалық шот


ДЕБЕТ

КРЕДИТ

НЕСИЕНІ БЕРУ

НЕСИЕНІ ҚАЙТАРУ

ССУДАЛЫҚ ШОТ ҚАЛДЫҒЫ

(несие бойынша қарыз)






Көзі: /3. 125-бет/

Несиенің берілуі мен өтелуі, қарыздың көрсетілуінің ортақ біртұтас сызбасы барысында ссудалық шоттар өзара бөлінеді:



  • ашылу мақсатына қарай;

  • айналыммен өзара байланысы бойынша.

Ашылу мақсатына қарай ссудалық шоттар депозиттік-ссудалық болып келеді. Мұндай жағдайда, клиент өзінің банктік депозитке салынған меншікті қаражатын жұмсап қойған кезде ғана белгілі бір мөлшерде несие алуға хұқық алады. Егер бұл шотта дебеттік қалдық шықса, онда ол депозиттік шоттан ссудалық шотқа айналады.

Айналымы мен өзара байланысы бойынша ссудалық шоттардың үш типі болуы мүмкін:



  1. айналым-төлемдік;

  2. қалдықты-компенсациялық;

  3. айналым-қалдықтық.

Осы үш типі мәні жағынан несиелеудің үш әдісіне сәйкес келеді.

Айналым-төлемдік шотты ашу барысында клиент әр түрлі қажеттіліктерге байланысты төлем құжаттарын: тауарлар мен қызметтер шотын, жалақыға берілетін чектерді, берешек қарызды өтеуге, салықтар мен басқа да төлемдерді аударуға байланысты төлем тапсырмаларын төлеуге мүмкіндік алады.

Клиент барлық төлемдерді төлеуде қалдықты-компенсациялық шотты пайдалана алады. Клиенттің қанша несиелеу объектісі болса, сонша қалдықты-компенсациялық шоты болуы мүмкін. Бұл ссудалық шот алдындағы екі ссудалық шотқа қарағанда біршама қолайлы және көп техникалық рәсімделуді қажет етеді, Сол сияқты несиенің белгілі бір мақсатқа берілуі қатаң қадағаланады.

Айналым-төлемдік ссудалық шоттың ерекше бір түрін контокорренттік шот құрайды.

Контокоррент шоты – банктік тәжірибеде банктердің бірінші класты несиелік және төмен қабылеті бар қарыз алушыларға несие беруде активті-пассивті (есеп айырысу-ссудалық) шоттарды біріктіре отырып, пайдалануын білдіреді.

Бұл шот банк сенімінің ең жоғарғы формасын сипаттайды. Оның дебет жағы бойынша клиенттік өндірістік қызметіне және пайданы бөлуіне байланысты барлық төлемдер, ал кредитіне клиенттің есебіне түсетін түсімдер және басқа да түсімдер есепке алынады. Бұл шоттың кредиттік қалдығы клиенттің сол уақытта айналымда бар меншікті қаражатын, ал дебеттік қалдығы айналымға банк несиесінің тартылғандығын, яғни ол бойынша пайыз төлеп отырғандығын көрсетеді.

Қарыз алушыларды несиелеуге байланысты операцияларды жүзеге асыру үшін екінші деңгейлі банктер оларға ссудалық шоттар ашады: жай және арнайы.

Арнайы ссудалық шоттар шаруашылық ұйымның төлем айналымының үлкен бөлігін несиенің көмегімен жүзеге асыратын жағдайда және несиеге деген үнемі қажеттілікте болатын қарыз алушыларға ашылады. Қазіргі кезде арнайы ссудалық шоттар бойынша тауарлар қорлары айналымына байланысты бөлшек және көтерме сауда ұйымдары, сонымен қатар сату-жабдықтау ұйымдары несиеленеді.

Кәсіпорынға тек бір ғана арнайы ссудалық шот ашылуы мүмкін. Бірақ та банк кәсіпорындағы жекелеген қандай-да бір тауарлар, шаралары үстіне несиелеу қажет деп санаса, онда оған жай ссудалық шоттар ашуға мүмкіндік береді. Жай ссудалық шоттар бір рет ссудалар беру үшін ғана банктік тәжірибеде қолданылады. Мұндай шоттар бойынша қарыздың өтелуі қарыз алушының келісілген мерзімде мерзімді міндеттеме-тапсырмалар негізінде жүзеге асырылады.

Егер қарыз алушы кәсіпорын бір уақытта бірнеше объектілер бойынша несиені пайдаланса, онда оған бірнеше жай шоттар ашылуы мүмкін және ссудалар әр түрлі шартпен, әр түрлі мерзімге және әр түрлі пайызбен беріледі. Мұндай ерекше ссудаларды есепке алуда қарыз алушылардың алған ссудаларын уақтылы өтеуіне банк тарапынан бақылау жүргізудің маңызы бар.

Несиелеу механизмінің екінші құрамдас бөлігі – несиелік мәмілені құжаттау. Бастапқы кезде банк пен клиент арасында ауызша келісім жасалып, оның соңы банкке несиелік ресурсқа сұралатын өтініштің жазбаша түрде несиенің мақсатын көрсете отырып тапсырылуымен аяқталады. Банкте клиенттің қаржылық жағдайын анықтауға және оның несиелік қабілетін бағалауға мүмкіндік беретін материалдар болуы керек. Сондықтан да, банк клиенттен оның қызметі жайлы соңғы екі-үш жылдағы жыл басына жасайтын кәсіпорынның балансын, қажет болған жағдайларда таяу айдағы күнге жасалған балансын талап етеді. Кәсіпорынның балансына қоса банкке пайда және зиян туралы, ақшалай қаражаттар қозғалысы туралы есептерін береді. Клиенттің белгілі мақсатқа несие алуға, оның қажетті мөлшерін, сыйақы мөлшерін және нақты мерзімнен тұратын несиеге деген қажеттілікті негіздейтін техникалық-экономикалық негіздемесі немесе бизнес жоспары болуы тиіс.

Банк пен қарыз алушы арасындағы жасалатын несиелік мәміленің

құқықтары мен міндеттерін белгілейтін маңызды құжат – несиелік шарт жасалады. Онда екі жақтың экономикалық және заңи жауапкершіліктері көрсетіледі. Елімізде қатаң белгіленген несиелік шарттың арнайы формасы жоқ. Ал, ондай формалар Германия, Австрия сияқты елдердің тәжірибелерінде кездеседі.

Несиелік шарттан басқа кепіл туралы келісім-шарт жасалады. Іс жүзінде, егер кепіл несиелік мәмілеге қатысатын болса, онда міндетті түрде кепіл туралы келісім-шарт жасалуға тиіс.Кейде ол нотариалды түрде куәландырылуы да мүмкін.

Несиелеу процесі барысында клиент банкке басқа да құжаттарды (кепіл-хаты, үшінші бір тұлғаның кепілдемесін, әр түрлі орындардан берілген анықтама қағаздарды) тапсырады.

Несие банктің тиісті қызметкерінің жазбаша үкім шығару барысында беріледі. Бұл қызметкер ретінде: банктің басшысы, оның орынбасары, несиелік департамент бастығы, несиелік бөлім басшысы және банктің несиелік офицерлерінің біреуі болуы мүмкін. Несиенің берілуі туралы үкім клиенттердің шоттары бойынша есеп - айырысу және несиелік операцияларын жүргізумен айналысатын бөлімге түседі. Онда клиенттің аты-жөні, несиенің сомасы, несие беретін шоты көрсетіледі.

Үкім несиенің бағытын белгілейді. Бағыттарына байланысты несиенің берілуі үш түрлі болуы мүмкін:


  1. ссуда клиенттің есеп-айырысу шотына аударылады;

  2. ссуда есеп-айырысу шотына түспей, тауарлы және тауарлы емес операциялары бойынша әр түрлі төлем құжаттарын төлеуге беріледі;

  3. ссуда бұрын берілген несиелерді қайтаруға беріледі.

Жалпы, клиентке берілетін несиенің мөлшері көптеген жағдайларға байланысты. Несиенің мөлшері несиелік келісім негізінде беріледі. Бұл келісімде жазылған сома клиент үшін алуға тиісті ең жоғарғы соманы білдіреді. Бұл сома өзінің мәні жағынан несиелеу лимиті болып табылады. Несие мөлшері мыналарға:

  • қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтыққа;

  • несиенің қамтамасыз етуіне түскен тауарлы-материалды бағалылықтардың нақты жинағына және олардың өтімділік дәрежесіне;

  • маржа деңгейіне;

  • тәуекел дәрежесі мен банктің клиентке сенім дәрежесіне;

  • банктегі бар ресурс көлеміне байланысты.

Әр жекелеген жағдайларда бұл мөлшер қамтамасыз ету құнымен және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне байланысты анықталады.

Несиелеу механизмінің бір құрамдас бөлігі – несиені қайтару тәсілдері. Оның бірегей жасалған үлгісі жоқ. Оның төмендегідей көптеген варианттары болады:



  1. мерзімді міндеттемелер негізінде эпизодтық қайтару;

  2. меншікті қаражаттардың жинақталуының және несиеге деген есеп-айырысу шотына қажеттіліктің азаю шамасына қарай қайтару;

  3. алдын ала белгіленген сома негізінде жүйелі түрде қайтару;

  4. түскен түсімді бірден ссудалық қарызды жабуға есептеу;

  5. несиенің қайтарылу мерзімін созу;

  6. мерзімі өткен қарызды «мерзімі өткен несиелер» шотына аудару;

  7. банк резерві есебінен мерзімі өткен ссудаларды шегеру.

Несиенің қайтарылуын арнайы құжат арқылы немесе қағазсыз, яғни байланыс каналдары арқылы да жүзеге асырады. Несиенің қайтарылуын негіздейтін құжаттарға: клиенттің жазбаша үкімі, банктің өзінің үкімі, соттың бұйрықтары жатады.

Кепілге алынған мүлікті бағалау әдістері де несиелеу механизмінің құрамдас бөлігіне жатады. Кепілді пайдалану кепіл механизмінің қолданылуын талап етеді.

Кепіл механизмі – кепіл туралы шартты дайындау, жасау және орындау процесін білдіреді.

Кепіл механизмін іске асырудың негізгі кезеңдеріне жататындар: кепіл заты мен түрін таңдау, кепіл затын бағалауды жүзеге асыру, кепіл туралы шарт жасау және орындау, кепілді пайдалану.

Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, мүліктік құқықтар жатады. Материалдық-заттық мазмұнына қарай кепіл заттары:


  1. Клиенттің мүліктерінің кепілі:

  • тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі:

а) шикізаттар, материалдар, жартылай өнімдер кепілі;

ә) тауарлар және дайын өнімдер кепілі;

б) валюталық құндылықтар, алтыннан жасалған бұйымдар кепілі;

в) басқа да тауарлар-материалдық құндылықтар кепілі.



  • бағалы қағаздар (вексельдер) кепілі;

  • сол банктегі депозиттер кепілі;

  • жылжымайтын мүлік кепілі (ипотека).

2. Мүліктік құқықтар кепілі:

  • жалгерлік құқық кепілі;

  • авторлық құқық кепілі;

  • жерге құқық кепілі.

Кепіл механизмінің негізгі элементіне кепіл затын бағалау жатады. Осыған байланысты халықаралық тәжірибеде арнайы нұсқау жасалынған:

  1. Кепіл заттары нарықтық құны бойынша бағаланады. Бұл ең жоғарғы бағаны білдіреді және осы бағаға потенциалды сатып алушылар болуға тиіс.

  2. Мүлік үздіксіз қайта бағаланып отыруға тиіс.

  3. Бағалауды арнайы біліктілігі бар мамандар жасауға тиіс.

  4. Мүліктің бағаланатын құнына оған кеткен шығындар қосылуы тиіс.

  5. Өнер шығармаларының антиквариаттың т.б. куәландырылуға тиіс.

  6. Бағалау барысында оның жойылу құны мен сатуға кететін шығындарды дұрыс анықтауға көңіл аудару қажет.

Несиелеу механизмінің құрамдас элементі – несиені беру процесінің өзін- дік кезеңдері болады. Жалпы, несиелік процесті келесі сызбамен көрсетуге бо-

лады (1-сурет):


1-сурет

БАНКТЕРДЕГІ НЕСИЕЛІК ПРОЦЕСС





Несиелік комитетке дайындау












































Несиелік қабілетін талдау

ия

жоқ

Несиелік комитет

Несиелік процесс



Несиені қайтару

Төлемдер.

Мониторинг.

Мерзімі өткен төлем.




1-ші өтініш





2-ші өтініш

Несие беру процесінің 1-кезеңінде банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарайды. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі.

Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған ссудасын қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы бар. Бағалау техникалық-экономикалық есеп негізінде жасалады.

2-кезеңінде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау кезінде қарыз алушының алған ссудасы бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару қабілеті талданады.

Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай факторлар есепке алынады:


  1. ссудаға қатысты қабілеттігі. Қарыз алушыға ссуданы бере отырып, оның атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс;

  2. қарыз алушының іскерлік беделі. Ол қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана емес, сондай-ақ келісім-шартқа байланысты барлық міндеттемелерін орындауын білдіреді;

  3. табыс алу қабілеті. Оны анықтау барысында сату көлеміне, баға шығындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл факторларға: кәсіпорынның орналасқан жері, тауарлары мен

қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады.

Несиелеу процесінің 3-кезеңінде несиелік келісім-шарт жасалады. Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісім-шарт негізінде шешеді.Оның мазмұнын жақтардың өздері анықтайды. Бұл жерде отандық банктер оның типтік формаларын пайдаланады. Несиелік келісім-шартта несиелеу мақсаты, обьектісі, оның мөлшері, ссуданы беру мерзімі және қайтару шарттары; қамтамасыз ету формасы; несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі; қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі; олардың берілу мерзімдері және несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі көрсетіледі.

4-кезеңде нақты несиені беру кезеңі жүзеге асырылады. Бұл кезең ссудалық шот формасын, ссуданы беруді құжаттау тәртібін, ссуданы беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.

Соңғы 5-кезеңде несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасалады. Ссудалар бойынша қарызды қайтару тәсілі ссудалық шоттар формасына, банк қаражаттарын пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналымын құраудағы роліне байланысты. Жай шоттар бойынша банкке қарызы есеп-айырысу шотындағы меншікті қаражаттардан аударатын жарналар жолымен қайтарылса, арнайы ссудалық шот бойынша банкке қарызы тікелей осы шотқа келіп түсетін түсімдер есебінен жүзеге асырылады.

Ссуданың қайтарылуына бақылау жасау үшін банкте ссудалар бойынша мерзімді міндеттемелердің картотекасын жүргізеді.

Банктік тәжірибеде ссуда бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу формулалары қолданылады. Жай сыйақыны есептеу формуласы келесідей түрде беріледі:


J=(i*p*n)/360*100%,
мұндағы: і – сыйақы мөлшері;

р – қарыз қалдығы;

n – сыйақы есептелетін кезеңдегі күндер саны.

Күрделі сыйақыны есептеу формуласы төмендегідей:


J=p * ((1+(i/1200))^n – 1),
мұндағы: і – сыйақы мөлшері;

р – несиенің бастапқы сомасы;

j – несиенің барлық мерзіміне есептелетін сыйақы сомасы;

n аймен берілген несиенің ұзақтығы.

Егер несиелеу мерзімі кезеңінде қарыз қалдығының бір бөлігі мерзімі өткен ссудалар шотына жатқызылса, онда мерзімі өткен ссудалық қарызға сыйақыны есептеу келесідей формулаға байланысты жүргізіледі:
Jg=Q*[(1+ig/1200)^t1-(1+ig/1200)^t2],

мұндағы: Jg – мерзімі өткен қарыз бойынша есептелген сыйақы сомасы;

Q – мерзімі өткен қарыз сомасы;

Ig – мерзімі өткен қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі

(айыппұл);

t1 – несие бергеннен бастап мерзімі өткен қарызға байланысты

сыйақы есептелген күнге дейінгі уақыт мерзімі;

t2 – несие бергеннен бастап мерзімі өткен қарыз пайда болғанға

дейінгі уақыт мерзімі.

Пайызды есептеу барысында шартты түрде айдағы күндер саны – 30, ал жылдағы – 360 күнмен алынады.

Несиелік келісім-шартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған қарыз алушыларға қатысты банк қарыз алушыға әрі қарай несиелеуді тоқтату туралы ескерту жасауға, несиелік шартында қарастырылғандай, беруді тоқтатуға хұқы бар. Қарыз алушы несиелік келісімнің шарттарын жүйелі түрде орындамаған жағдайда банк несиені мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге хұқылы.

Несиелеу процесіне жасалатын бақылау банктің несиелік портфелін мерзімді түрде тексеріп отырумен де толықтырылады. Өйткені, банктің несиелік портфелі оның табыс көзі және несиелік операцияларды жүргізу барысындағы тәуекел көзі болып табылады.



1.3 Шетел тәжірибесіндегі заңды тұлғаларды несиелеу.
Дамыған елдердің банктеріндегі несиелеу тәжірибесін қарастыра келе, еліміздегі банктік жүйенің несиелеудегі қызметінің төмен деңгейін көруімізге болады.

Дамыған елдерде банктік несиелеудің ЖІӨ-ге қатынасы өте жоғары болған және 2001-жылы 89-174%-ға жеткен. Неміс-жапон қаржылық моделіндегі елдерде (Швейцария, Германия, Жапония) бұл қатынас ағылшын-американдық модель бойынша қызмет ететін елдерден гөрі (АҚШ, Англия) жоғары болған.

Жаңа индустриалды елдерде банктік несиелеудің ЖІӨ-ге қатынасы 53-100% аралығында болған. Бұл жерде прогрессивті өсу ағылшын-американдық модельдегі (Турция) елдерден гөрі неміс-жапон елдерде (Корея, Сингапур) көбірек байқалған.

Шығыс Еуропа елдері мен Қытайда банктік несиелеудің деңгейі 33-133% құрайды. Бұл жерде де алдыңғы орында неміс-жапон қаржылық моделін таңдап алған елдер (Қытай, Чехия) болса, ағылшын-американдық моделін ұстанған елдер (Польша) артта жүрген.

ТМД елдерінің ішінде банктік несиелеудің ЖІӨ-ге қатынасы бойынша 2001-жылы Молдавия (27,5) алдыңғы орында тұрса, Ресей (24,3), Украина (23,8), Грузия (20,5) және Беларусь (17,4) одан кейінгі орында тұрған. Тек осы елдерден кейін ғана Қазақстан жүрген. Ол несиелеу деңгейі бойынша тек қана Қырғызстан, Армения және Азербайджан елдерінен озған (2-кесте):
2-кесте
І

шкі банктік несиелеудің ЖІӨ-ге қатынасы*



(%-да)




1991

1992

1993

1994

1995

1996

1997

1998

1999

2000

2001

Дамыған елдер

Швейцария

188,0

182,6

184,8

189,1

183,4

181,8

183,8

178,7

185,2

179,5

173,5

Германия

118,6

124,4

134,5

140,2

127,4

134,9

140,1

145,8

148,1

148,1

146,5

Жапония

138,7

139,1

139,3

137,8

132,3

130,6

129,5

133,8

139,1

141,7

137,7

Англия

120,2

119,5

117,4

119,2

122,3

126,2

125,3

122,4

125,5

134,7

140,5

АҚШ

82,2

80,2

79,2

76,5

76,7

76,9

78,1

81,4

83,0

85,3

87,8

Жаңа индустриалды елдер

Оңтүстік

Корея


57,9

58,0

58,9

60,9

56,6

61,0

69,4

79,0

85,4

91,9

100,1

Сингапур

62,5

61,5

60,2

59,5

62,5

67,3

73,6

88,7

86,1

79,2

94,2

Турция

26,3

27,1

28,0

29,0

27,6

33,7

36,5

39,3

48,3

53,0




Өтпелі экономикасы бар елдер

А) Қытай және Шығыс Еуропа елдері

Қытай

99,2

102,0

95,2

98,4

91,1

97,2

106,2

119,5

130,4

132,7




Чехия







81,7

86,6

75,9

72,2

72,3

64,2

60,2

55,2




Польша

34,9

38,2

40,7

39,2

32,0

33,2

34,1

35,1

37,6

35,5

37,7

Б) ТМД елдері

Молдавия













23,7

23,4

26,0

32,8

28,7

25,2

27,5

Ресей







25,9

31,7

23,6

23,9

24,6

41,3

33,2

23,9

24,3

Украина




83,2

30,6

24,2

15,5

15,2

17,2

24,3

25,9

23,4

23,8

Грузия
















6,8

9,2

11,6

19,8

21,9

20,5

Беларусь













15,0

16,1

17,7

37,4

20,8

19,2

17,1

Қазақстан




65,3

49,5

13,5

9,5

7,9

6,5

8,7

10,1

12,3

11,4

Қырғызстан













25,6

26,1

18,0

19,8

14,7

12,6

9,7

Армения













9,0

9,0

7,9

10,7

10,7

11,5

9,7

Азербайджан
















3,0

13,0

12,9

10,6

9,6

9,1

*көзі:«Международная финансовая статистика», МВФ, раздел монетарный или банковский обзор.
1997-1998жж. азиялық дағдарыс кезеңінің жанып тұрған шағында және одан кейінгі кезеңде Қытай, Оңтүстік Корея және Сингапур сияқты елдер экономиканы несиелеуді өсірген. Бұл оларға дағдарысты салыстырмалы түрде жеңіл өткізуге мүмкіндік беріп, ол біткен соң тез қайтадан орнына келуге ықпал етті.

ТМД елдерінде 1998-ж. несиелеу деңгейінің төмендеуі байқалды, бұл олардағы қаржылық сектордың тұрақсыздығын куәландырды /7. 61-62 бет/.

Сонымен қатар, дамыған және жаңа индустриалды елдерде экономиканы қаржылық жүйенің несиелеуі банктік несиелеу көлемінен гөрі жоғары болғанын атап өткен жөн (3-кесте).
3-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет