Заголовок слайда отсутствует



бет5/6
Дата01.03.2024
өлшемі0.99 Mb.
#493822
1   2   3   4   5   6
Сақтар туралы слайд

Басқа халықтар сияқты сақтар да табиғаттың тылсым күштері – күнге, оның күркіреуіне, найзағайға табынған. Жыртқыш қырандар бейнесі де күн құдайдың символы болған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған.

  • Басқа халықтар сияқты сақтар да табиғаттың тылсым күштері – күнге, оның күркіреуіне, найзағайға табынған. Жыртқыш қырандар бейнесі де күн құдайдың символы болған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған.
  • Сақтардың әлемнің құрылымы жөнінде өзіндік түсінігі болған. Әлемдегі тәртіп үйлесімі – гармония, олардағы бар нәрсенің ұйымдастырушылары Митра, Индира, Варуна секілді құдайлар.
  • Сақтардың “аң стилі” сақ тайпалары дүниетанымының заңды көрінісі, олардың мифологиялық бейнелеу өнеріне келіп сіңуі, көшпелілер идеологиясын көрсететін айрықша белгілер жүйесі ретінде құрылып қалыптасты.

Мәдени мұра

  • Есік обасы Алматының шығысында 50 км жерде. 1969-1970 жж. зерттелінді. Іле Алатауы баурайында. Обаның диаметрі 60, биіктігі 6 м. Топырақ үйіндісінің астында екі қабыр - орталықтағы және бүйірдегісі бар. Орталық қабыр тоналған. Бүйірдегісі аман жетті. Жерленген 18 жасар ханзада. Ол киіндіріліп, қару-жарақ таққан күйінде жерленген. Ыдыс-аяқтар, бүйіріне 26 таңбадан тұратын екі жол сөз жазылған күміс тостаған жатыр. Өліктің басына биік былғары қалпақ-дулыға кигізілген, оның сыртына алтын бұтақтарына құстар қонған, сирек ағашты тау бейнеленген. Дулығаның төбесіне тәж ретінде титімдей арқар бейнесін қойған. Марқұмның мойнына ұшы барыс бастарымен безендірілген алтын өңіржиек салынған, құлағына бирюзадан салпыншағы бар сырға тағылыпты. Екі саусағында алтын жүзіктері бар. Белбевінің оң жағына қызыл түсті ағаш қынапты, ұзын сессер ілініпті. Семсер темірден, оралмалы-орам бедері бар сабы имектев. Сол жағына ақинақ-қанжар ілінген. Есік обасының салынған кезі б.з.д. 6 ғ. деп есептеледі. Оны зерттеген археолог К.Ақышев (Курган Иссык. М., 1973г).

Қорытынды

  • Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани мәдениетінің аса маңызды бастау деректері — қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Археологиялық зерттеулері Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан сақтардың аса жарқын, байырғы мәдениетін ашуға мүмкіндіқ берді. Сақ тайпасынан мұраға қалып отырған жәдігерлер қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның басты байлығы болып табылады. Себебі, бұл жәдігерлер біздің ата-бабаларымыздың бізге қалдырған өсиеті деп айтсақ қателеспейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет