Зайсан ауданының 2006 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы



жүктеу 47.91 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі47.91 Kb.
Зайсан ауданының 2006 жылдың   әлеуметтік-экономикалық

 дамуының  қорытындысы  туралы

 

1.Өнеркәсіп.

2006 жылы Зайсан аудандағы өнеркәсіп орындары 344,1 млн. теңгенің тауарлы өнімдерін өндірді, бұл көрсетікіш өткен жылмен салыстырғанда 28,3 %  артты. Соның ішінде:

  Тау кен өндірісі ЖШС «Сайқан» көлемі – 55,9 млн.теңгенің көмірін өндірді, былтырғы жылмен салыстырғанды 3,4 % артты;

 ЖШС «Балық Шығыс» мекемесі көлемі - 129,2 млн. теңгенің өнімін өндіріп, былтырғы жылмен салыстырғанда 3,5 есеге  артты;

АҚ «ВК РЭК» - 30,7 млн. теңгенің өнімін өндіріп былтырғы жылмен салыстырғанда 20 % артты;

 МКГП «Зайсан» - 106,1 млн. теңгенің өнімін өндіріп, былтырғы жылмен салыстырғанда салыстырғанда 4 % артты.

 

 

 



          

 

 



 

2.Ауылшаруашылық.

 

2006 жылы ауыл шаруашылық жалпы өндірген өнімі – 3386850 мың теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 3,4 % артты. Атап айтқанда мал шаруашылығының өндірген өнімі – 218112 мың теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 2,7 % артты. Аудан көлемінде 115362 мың теңгенің 7707 тонна - еті, 892164 мың теңгенің 36205 тонна - сүті, 28606 мың теңгенің 3432 мың дана - жұмыртқасы, 16880 мың теңгенің 184 тонна - жүні  өндірілді.



 

 

                        Зайсан ауданының мал басының өсу қарқыны.



            

 2006 жылы ауданның өсімдік шаруашылығының жалпы өндірген өнімі 120728 мың теңгені құрап, былтырғы 2005 жылмен салыстырғанда 6,8 пайызға артып отыр. Аудан көлемінде 99702 мың теңгенің 7753 тонна - дәнді дақылдары, 476120 мың теңгенің 21703 тонна - картофелі, 385020 мың теңгенің көкөнісі өндірілді. Орташа жан басына шаққанда 203 кг ет, 954 кг сүт, 90 дана жұмыртқа, 572 кг картофел келеді.

2006 жылы Карабұлақ ауылында мал сою цехы ашылып, 15 жұмыс орынын ашып отыр.  2005 жылы АҚ «Аграрлық несие корпорация» арқылы ЖШС «Зайсан несие» (СКТ) құрылды. 2006 жылы 30 ауыл шаруашылық өндірісіне СКТ арқылы 56,7 млн. теңге несие берілді.

 

            Зайсан ауданының егін және мал шаруашылығының өсу қарқыны.



        

 

3.Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық саласы.

Аудан бойынша 2006-2007 жыл жылу беру мерзіміне  қажетті көмірдің мөлшері – 58000 тонна; оның ішінде бюджеттік мекемелерге -13000 тонна; тұрғындарға – 24000 тонна және басқа да мекемелерге – 21000 тонна. 15.01.2007 жылға тасылынған көмірдің мөлшері – 46400 тонна, оның ішінде – 8100 тоннасы бюджеттік мекемелерге; 23100 тоннасы тұрғындарға; 15200 тоннасы басқа да мекемелерге.

2006 жылы аудан бойынша 7 меншік дүкен, 2 наубайхана, 1 шашатараз іске қосылды. Сондай ақ  48 жекеменшік (көлемі 3915 м2)  тұрғын үй іске қосылды, оның 27 тұрғын үйі ауыл аймағында. Атап айтқанда Зайсан қаласында 60 - пәтерлік тұрғын үйдің  30 - пәтері тұрғындардың иелігіне берілді.

2006 жылы Шілікті ауылдық округінде 170 орынды Тасбастау мектебінің құрлысы басталып, республикалық бюджеттен бөлінген 97653,345 мың теңге қаражат толығымен игерілді. Зайсан қаласының орталық Жангельдин көшесінің  күрделі жөндеуге 50300 мың теңге бөлініп толығымен игерілді. «Аққойын – көмір» жолын жөдеуге 10000,0 мың теңге бөлініп толығымен игерілді.

Ауданның денсаулықты сақтау нысанасының күрделі жөндеу  жұмысына - 30,8 млн.теңге бөлініп толығымен игерілді.  



4.Қаржы және ақша айналымы.

2006 жылы аудандық бюджетке түскен барлық қаржы субвенциямен қоса есептегенде - 886873 мың тенге болып 100 пайызға орындалды.  Бюджеттік қаржылардың шығысы - 886873,0 мың теңге жоспарланып, оның – 877320 мың теңгесі игеріліп немесе 9552,8 мың теңге игерілмеді.  Бюджеттің өз кірісі 252160 мың теңге жоспарланып, бюджетке 252355 мың теңге түсып, салықтар мен алымдардың барлық түрлері 100 және одан жоғары пайызға орындалды.

 

5.Халықты жұмыспен қамту.

2006 жылы ақылы қоғамдық жұмысқа қатысқаны 462 жұмыссыз, немесе жоспар 103 пайыз орындалды, оның ішінде ауылдық жерден 223 адам қатысты. Жұмыссыздық деңгейі - 1,5 пайыз. Жыл басынан тіркелген жұмыссыздардың саны 679 адам.

Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаудың бір саласы кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру, қайта даярлау болып табылады, осыған сәйкес 31 тіркелген жұмыссыз оқуға жіберілді. Жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен әр түрлі жұмыстарға 494 адам орналастырылды. Жұмысқа орналыстыру деңгейі 73% құрады, 257 жаңа жұмыс орны ашылды, оның 188-і ауыл шаруашылығында.

                       

                                        Жұмыссыздық деңгейі

              

 

6.Бiлiм. 

Аудан бойынша 7994 оқушыға жыл көлемінде 918 мұғалім білім беріп 2005-2006 оқу жылын аяқтап, 295 мұғалім өз білімдерін жетілдіру бағамдарынан өтті. Білім сапасы 49,5 пайыз, үлгірім 99,9 пайызды құрайды. Өткен жылғымен  салыстырғанда білім сапасы 7,4 пайызға артып отыр. Негізгі мектеп курсын бітірген 868 оқушының 95-і мектепті ерекше үлгідегі күәлікке бітірді. Орта мектеп курсын бітірген 664 мектеп бітірушілердің 648 Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты, өткен жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға артты. Аудан бойынша 2006 жылдың 1 қыркүйекгінен 1-11 сынып бойынша 7797 оқушы жаңа оқу жылын бастап отыр, 5-6 жастағы 998 бала мектепалды даярлық сыныптарын құрап отыр. Ауданның кәсіптік техникалық мектебінің оқу барысы жылдан жылға ілгері. Жүргізуші, трактор жүргізушісі, электрик, сваршик тағы басқа мамандықтарды оқытуда. 2006-2007 оқу жылы 233 оқушы мамандық алуда, оның ішінде 16 оқушы жұмыспен қамту бөліміне тіркелгендер.



7.Денсаулық сақтау саласы.

Зайсан ауданында 2 емхана ,8 жан ұялық емхана, 12 фелдшерлік акушерлік пункті және фелдшерлік пункті халыққа қызмет етуде.  Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық базасын нығайтуға көп көңіл бөлінуде. «Фотекс» электрохирургиялық аппаратын және ЛВС-1 лапараскоп  1,6 млн. теңгенің дәрігерлік құралдары алынды. Жыл көлемінде аудан халқына 178,0 млн.теңгенің медициналық қызметі көрсетілді. Денсаулық саласының нысаналарының күрделі жұмысына барлығы 30,8 млн. теңге қаралып толығымен игерілді. Атап айтқанда орталық емхананың (қазандығы мен кіржуатын орталағын) – 11 млн. теңге, Тубуркулезді емдеу емханасына – 11 млн. теңге, Зайсан қаласының №1 жан ұялық емханасына – 3,8 млн. теңге, Шілікті ауылының жан ұялық емханасына – 5 млн. теңгебөлініп толығымен игерілді.    

            8. Заңдылықтар.

2006 жылдың тоғыз айында  Зайсан ауданының iшкi iстер бөлiмiнің өндірісінде 175 қылмыстық іс тіркелініп, оның 152 қылмыстық іс анықталып немесе 86,6 пайызы ашылды.



9.Демографиялық жағдай.

            2006 жылы дүниеге келген сәбилердің саны 631 бала, бұл 2005 жылдың  осы мерзімімен салыстырғанда 90 балаға көбейді, аудан бойынша 333 адам қайтыс болып; оның ішінде 3-і бір жасқа дейінгі балалар, бұл көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда 20 адамға кеміп отыр. Табиғи өсiм 298-ге жеттi.  Заңды түрде отау тiккендер саны 277 болса, ажырасқандар саны 77 болды.             Ауданға 2006 жылы 1027 адам көшіп келдi, ауданнан басқа жаққа қоныс аударғандар саны – 1301 адам, бұл көрсеткіштер теріс таңбаға шығып 281 адамға азайды, оның iшiнде 19-ы 16-ға дейiнгi балалар.



 

 


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет