Зайсан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 жылғы қорытындысы туралы анықтама



Дата22.02.2016
өлшемі80.38 Kb.
#938
Зайсан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 жылғы қорытындысы туралы анықтама

Өнеркәсіп
2008 жылы  Зайсан ауданындағы өнеркәсіп орындары қолданыстағы  бағамен алғанда 952177 млн. теңгенің тауарлы өнімдерін өндірді, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 162,6 пайызға артты. Тау кен өндірісінде ЖШС «Сайхан» мекемесі – 124,7 млн. теңгенің көмірін өндіріп, өткен жылдың сәйкес мерзімінен өсімі 184,2 пайызға жетті. ЖШС «Балық Продукт Восток» зауыты 643,6 млн. теңгенің балық өнімдерін өндіріп, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 168,6 пайызға көбейді. Электр энергиясын өндіру және таратуда өнеркәсіп өнімінің  нақты көлемі 44,9 млн. теңгені құрап, 2007 жылдың сәйкес деңгейінен 104,9 пайызға артты.

Бюджет
Аудан бюджетінің барлық (өз кірісі, трансферттер мен субвенция) кірісінің жоспары 2008 жылға 1513,991 млн.теңгені құрап,  нақты 1520,248 млн. теңге түсіп, 100,4 пайызға орындалды. Аудан бюджетінің өз кірісінің жоспары 342,080 млн. теңгеге бекітіліп, нақты 344,497  млн. теңге түсіп, жоспар 100,7 пайызға орындалды.

Ауылшаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2008 жылы 4158,9 млн. теңге болып, 2007 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда  4,2 пайызға артты. Аудан көлемінде 1761,472 млн.теңгенің 9969,0 тонна еті, 1124,388 млн.теңгенің 36289,3 тонна сүті, 33,531 млн теңгенің 3287 мың дана жұмыртқасы, 21,302 млн.теңгенің 215,6 тонна жүні өндірілді. Өткен жылмен  салыстырғанда ет 6,6 пайызға, сүт 0,2 пайызға , жұмыртқа 10,7 пайызға , жүн 11,5 пайызға артық өндірілді.Осы жылы ірі қара саны 57263 басқа жетіп, 2007 жылдың осы мерзімінен 312 басқа, немесе 0,5 пайызға өсті. Қой мен ешкі саны 146803 бас болып, өткен мерзімнен 6 басқа  өсті. Жылқы 10820 бас, өткен уақытпен салыстырғанда 1100 басқа артты, немесе 11,3 пайызға, құстар саны 28948 басқа жетіп, өткен мерзіммен салыстырғанда 331 басқа немесе 1,1пайызға артты.2006-10 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының аймақтық бағдарламасына сәйкес аудан көлемінде дәнді дақыл, картоп, көкөніс, бақша дақылдарына және жерді тыңайтатын бұршақ (соя), көпжылдық шөп дақылдарын егуге көңіл бөлініп отыр. 2008 жылы егістік көлемі 13 мың 950 гектар болды, оның ішінде дәнді астық-3016 га, майлы дақылдар-5123 га, картоп-1435 га, көкөніс-бақша дақылдары-876 га. Өткен жылмен салыстырғанда соя дақылы—367, күнбағыс егістігінің алқабы-1991 гектарға артық егілді.2008 жылы 3183 тонна дәнді астық,  458 тонна соя, 1932 тонна күнбағыс, 12300 тонна картоп, 7181 тонна көкөніс және 125 тонна бақша дақылдары өндірілді

Шағын кәсіпкерлік
2008 жылы аудан бойынша 1942 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, олардан  бюджетке  95 млн 200,0 мың тенге салық төленіп, былтырғы жылдан 53 пайызға артты,  бұл ауданның өз кірісінің 27,6 пайызын құрайды.
Аудан бойынша құнсыздану үдерістеріне бақылау жасау жөніндегі құрылған штаб отырысы тұрақты түрде аптасына 1 рет өткізіледі. Азық-түлік бағаларын қалыпты деңгейде ұстау мақсатында Зайсан қаласындағы дүкендер штаб мүшелеріне бекітіліп, бөлініп берілген. Аудандық «Достық» газетіне азық-түлік тауарларының, жанар-жағар май өнімдерінің бағасы жарияланып отыр.
2008 жылы ауданда бағаны тұрақтандыру мақсатында 5 ірі жанар-жағар май станциялары иелерімен,  24 - нан өндіруші жеке кәсіпкерлермен және 26 сауда дүкен иелерімен өзара ынтымақтастық меморандумы жасалды. Ауылдық округтері  әкімдері мен шаруа қожалықтары күнбағыс майымен қамтамасыз ету туралы екі жақты келісімшартқа отырған. Желтоқсан айында 8 ауылдық округтері әкімдері мен 33 сауда дүкендері, 14 наубайхана иелері, 10 шаруа қожалықтарының жетекшілері арасында  2009 жылға бағаны тұрақтандыру жөніндегі өзара меморандум жасалды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар.
Жұмыс іздеуші ретінде жыл басынан 649 адам тіркелді, немесе өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 103 % құрады.
Есеп беру мерзімінің аяғына жұмыссыздардың саны 248 адам құрады, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 19 адамға кем, немесе өсу қарқыны 93 %. Экономикалық белсенді халықтың ішінен (19921 адам)  жұмыссыздардың үлес салмағы 1,2 %.
Есеп мерзімінде 364 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды немесе жұмысқа орналасу деңгейі тіркелгендердің ішіен    56 % құрайды.
Жыл басынан жаңадан 210 жұмыс орны ашылды немесе жоспарланғанның 140 % құрайды.
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес 2008 жылы осы жұмыстарға 9  жұмыссыз қатыстырылып, бөлінген 142,0 мың теңге игерілді.
Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен ақылы қоғамдық жұмыстарға -450 адам жіберілді, оның  ішінде ауылдық жерге - 215 адам. Осы мақсатқа бөлінген 9500,0 мың теңге қаражат толығымен игерілді. Мекемелермен 450  адамға 130  келісім шарт жасалды.
2008 жылдың басынан аудан бойынша оқуға, біліктілігін арттыруға- 28 жұмыссыз жіберілген болатын, оның ішінде - 6 ауылдық жерден. Оқу аяқталғаннан кейін 25 жұмыссыз тұрақты және уақытша жұмыстарға орналастырылды. Бұл шараға бөлінген 591,0 мың теңге толығымен игерілді.      
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек ауданда аз қамтылған, кедейшіліктің шегінен төмен тұратын адамдарға төленіп келеді .
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 2008 жылға жергілікті бюджеттен 13476 мың теңге, республикалық бюджеттен 4124 мың теңге, жиыны 17600 мың теңге қаражат бөлінген.
2008 жылы  аудан бойынша 326 отбасының 1014 мүшесіне 17600 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленіп, бөлінген қаражат толығымен игерілді..       Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алып отырған аз қамтылған 1014 адамның    710-ы кәмелетке толмаған балалар, немесе көмек алып отырған адамдардың 70 пайызы балалар; 7 жасқа дейінгі балаларды күтумен айналысатын адамдар саны 173 немесе 17 пайызды құрайды.      
«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік балалар жәрдемақысына жергілікті бюджеттен  37000 мың теңге, Республикалық бюджеттен 5500 мың теңге , барлығы 42500 мың теңге қаражат бөлініп отыр .
2008 жылды аудан бойынша 1536 отбасының 3765 баласына 42500 мың теңге мемлекеттік балалар жәрдемақысы тағайындалып, толығымен  төленді.
«Табысы аз отбасыларға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметтеріне ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру Ережесіне» сәйкес табысы аз 109 отбасыға 1404,0 мың теңге тұрғын үй көмегі төленді.       
Аз қамтылған, тұрмысы нашар отбасыларына жергілікті бюджет арқылы материалдық көмектер көрсетіліп тұрады, жыл басынан бері әлеуметтік көмекті қажет ететін 197 адамға 2200 мың теңге материалдық көмек төленді.
«Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған Батыр аналарға, І-ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған, 4 және одан көп кәмелетке толмаған 18 жасқа дейінгі балалары бар аналарға бір жолғы материалдық көмек ретінде 1036 анаға 10360 мың теңге бөлініп төленді.
Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оған теңестірілгендерге ай сайын 5 мың теңгеден коммуналдық шығындарын өтеу үшін 132 адамға 7940 мың теңге бөлініп төленді.
Жергілікті жердің шешімі негізінде аз қамтылған отбасылардан шыққан 27 баланың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін 4405,8 мың теңге бөлініп төленді.
Ауылды жерде жұмыс істеуге ниет білдірген, жоғары оқу орнын бітіріп келген 6 жас маманға 720 мың теңге қаражат бөлініп төленді      Мүгедектерді әлеуметтік медициналық кәсіптік жағынан оңалту іске асырылуда. Балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету, техникалық көмекші құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарынымен қамтамасыз ету болып табылады.
Дәрігерлік тексеруден өткен 582 мүгедекке жеке оңалту бағдарламасы берілді. Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен бөлінген 5784 мың теңгеге гигиеналық құралдар сатып алынып, 46 мүгедекке таратылып берілді, оның ішінде 28-і балалар.
Сондай-ақ 18 адамға кресло-арба, 12 балдақ, 52 таяқ, 30 сағат, 1 телефакс, 5 тифлоплейер, 2 плейер, 1 диктафон табыс етілді. Облыстық протез орталығынан 14 мүгедекке кеуде, аяқ, қол протездерін, 8 мүгедек жаздық, қыстық аяқ киімдер жасатып алды, 16 мүгедекке есту аппараты берілді.
Мүгедектер мен ардагерлердің денсаулығын жақсарту мақсатында  «Уба» санаторийіне 102 жолдама, оның ішінде 24-і мүгедектер, «Қарғалы» пансионатына 17 жолдама, оның ішінде 8-і мүгедектер, сондай-ақ 6 жолдама «Мойылды» санаторийіне беріліп, мүгедектер емделіп қайтты.
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік, дәрігерлік-педагогикалық қолдау арқылы оңалту туралы» Заңы негізінде ауданда 106 кемтар балаға  тұрақты түрде әлеуметтік қызметкерлер қызмет көрсетуде. Жалпы 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны 183.
Үйде оқып-тәрбиеленгендері үшін жыл басынан бері 41 балаға 2729 мың теңге материалдық қамсыздандыру төленді. 
Аудан бойынша жалғыз басты, қараушысы жоқ  қарттардың саны-167, оның ішінде 101 қарттарға күнделікті көмек көрсетіледі. Соның ішінде 3 соғыс ардагері, тыл ардагерлері-32. Қарттар үйіне 3 адам жеткізілді.
 
Білім саласы
2008  жылы ауданда 30  мектеп, оның 1-і мектеп-интернат және 2 мектептен тыс мекеме, 3 мектепке дейінгі мекеме, 1 КТМ жұмыс істейді. Аудандағы білім беру саласы бойынша жұмыс істеп тұрған 3 мектепке дейінгі мекемеде  265  2-4 жастағы балаларға мектепке дейін тәрбие берілсе, 24 мектеп жанынан ұйымдастырылған шағын орталықтарда 3-4 жастағы 591 балаға мектепке дейінгі тәрбие беріліп, аудандағы  269 мектеп жасына дейінгі балалардың  16,6 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып отыр, бұл мектепке дейінгі тәрбиенің өткен жылмен салыстырғанда  2,9 пайызға өскенін көрсетіп отыр.
Сонымен қатар бүгінгі күні 30 мектепте 7157 оқушы 99% үлгірім, 52% сапа көрсетіп отырса, денсаулығына байланысты 47 балаға үйден оқыту ұйымдастырылып,  722 баланың мектептен тыс мекемелерде жеке қабілеттері шыңдалып, дарыны дамытылуда. Өткен есепті кезеңмен салыстырғанда оқушылар саны  25 %-ға азайып, 13 класс- комплекті қысқартылып отыр.
Ауданда білім саласы бойынша 2008 жылы   бюджеттен  40 млн 132,9 мың теңге білім беру мекемелерінің материалдық - техникалық базасын нығайтуға бөлініп, игерілді. Жыл ішінде 5 физика (Ю. Гагарин, М. Дауленов, Айнабұлақ, А.Орманбетов, Сарытерек), 2 химия (Қаратал, Сарытерек), 1 биология (Абай), 2 дәрігерлік кабинет (Гагарин, Қаратал), 2 мультимедиялық кабинет Амангелді, Шілікті мектептеріне алынды, өткен жылғы аудан тұрғындары алдындағы есеп беруде Жарсу, Үлкен - Қаратал ауылдарындағы  2 мектепке (10+1) конфигурация және тағы  8 мектепке 9 информатика кабинеті алынды. 13 мектепке өндірістік қажеттілікке жеке компьютерге 2 млн 274,0 мың теңге, 10 мектептің жылу қазандығының электр двигательдері мен насостарын ауыстыруға  1 млн 880,0 мың теңге қаржы жұмсалды, мектеп асханаларына 6 өндірістік электр плиталары, 3 тоңазытқыш, 552,0 мың теңгенің асхана ыдыстары алынды. 5 мектепте 142 баланы тасымалдап оқыту ұйымдастырылып, оларды тасымалдайтын автобустар мен мектептердегі басқа автобустарды оқушының игілігіне пайдалануға бюджеттен 3 млн 295,0 мың теңге қаржы бөлінді. Шілікті орта мектебі жанындағы интернатқа 1 млн бөлініп, интернат жиhаздары алынды.
Аудан мектептерін бітірген 610 мектеп бітіруші Ұлттық бірыңғай тестілеуде 71,4 орташа балл көрсетіп облыста ІІІ орынды еншіледі.

Сәулет және қала құрылысы, құрылыс
. 39 жекеменшік, 15 ипотекалық бір пәтерлі үй салынып берілсе, 60 пәтерлі үйдің құрылысы басталды.
Білім беру объектілерін күрделі жөндеуден өткізуге 2008 жылы 14,542 млн.теңге бөлініп, Сартерек орта мектебінің жылу жүйесі, Әуезов атындағы орта мектептің төбесі, №1 балабақшаның  жылу қазандығы мен жылу жүйесі жөнделді.
Аудандық мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарына  2 жылда  65,0 млн. теңге бөлініп, игерілді, оның 40,0 млн теңгесі 2008 жылы игерілдіп, биыл пайдалануға берілді.
2008 жылы Зайсан қаласының бас жоспарын жасауға 6,0 млн теңге бөлініп, игерілді.
Зайсан қаласындағы Спамбетов атындағы көшеде 60 пәтерлік арендалық тұрғын үй құрылысына 46,84 млн теңге бөлініп  игерілді.
Зайсан қаласындағы «Сайқан» стадионының реконструкциясына (сметалық құны – 34,8 млн теңге) 24,6 млн теңге бөлініп,  игерілді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
Жол құрылысы мен жол жөндеуде біршама жұмыстар атқарылды. Құны 115 миллион тенге Зайсан қаласының Жеменей өзеніндегі  көпір құрылысы аяқталды.    Аққойын көмір жолының күрделі жөндеуіне 80,7 млн тенге, Біржан жолына 70 млн тенге республикалық бюджет есебінен бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізілді.       
Су құбырларын күрделі жөндеуге  74,13 млн. теңге қаржы қаралып, оның ішінде  «Сауыр» мөлтек ауданында – 27,2 млн. теңге, Кеңсай ауылдық округінде – 21,3 млн. теңге,  Біржан ауылдық округінде – 25,5 млн. теңге игеріліп, Сауыр мөлтек ауданының су құбыры жүйесі пайдалануға берілді. Ауданішілік  292 км, оның ішінде 33 км асфальттанған жолдарды орташа және ағымдағы жөндеуге, қалыпты ұстап тұруға 40,3 млн. теңге қаралып, игерілді. Қала көшелері, Біржан, Сартерек, Кеңсай ауылдарына кіреберіс жолдар орташа жөндеуден өткізілді. Омск-Майқапшағай-Жамбыл, Дайыр-Көкжыра, Біржан-Ақарал, Омск-Майқапшағай-Жаңабаз, Кеңсай-Шілікті, Зайсан-Шүршітсу жолдары және Қарабұлақ ауылына кіреберіс жол ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Қоғамдық тәртіп
Құқық қорғау органдары нақты көрсеткішке жетті. 2008 жылы тіркелген қылмыстар саны 969 болып ашылуы өткен жылдан 2,3 пайызға артып, 87 пайызды құрады. Соның ішінде ауыр, аса ауыр қылмыс, ауыр дене жарақатын салу, әйел зорлау, тонау, әлімжеттілік қылмыстары толық ашылды.
15 жол транспорт оқиғасынан 4 адам қаза болып, 17 адам жараланды, 1525 жол жүру ережесін бұзғандар анықталып, 199 адам мас күйінде ұсталды, 1654 адамға 6 млн. 457  мың 788 теңгенің айыппұлы салынып, 5 млн. 211 мың 148 теңге өндірілді. Облыс әкімінің қолдауымен Ішкі істер департаменті жақында ауданға қосымша 17 полиция штатын берді, оның 10-ы кәмелетке толмағандардың инспекторы. 2008 жылы 72 өрт оқиғасы тіркеліп, одан 869 мың теңгенің материалдық зиян келді. Өртке тікелей кінәлі азаматтарға 25 мың 112 теңге айыппұл салынып, 60 өрт оқиғасы ішкі істер бөліміне тексеруге жолданды. Өткен жылы аудан бюджетінен өрт сөндіру мақсатында 20 ранцы сатылып алынып, 3 өрт сөндіру тірек пункттері қызмет жасады.  

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет