Зайсан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2009 жылғы 9 айдағы қорытындысы Өнеркәсіп



жүктеу 38.78 Kb.
Дата24.07.2016
өлшемі38.78 Kb.
Зайсан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2009 жылғы 9 айдағы қорытындысы

Өнеркәсіп

2009 жылғы 9 айда Зайсан ауданындағы өнеркәсіп орындары 1027,4 млн. теңгенің тауарлы өнімдерін өндірді, өткен жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда табиғи көлем индексі 84,1% болды. Тау-кен өндірісінде ЖШС «Сайқан» мекемесі 75,7 млн. теңгенің көмірін өндіріп, өнімнің өткен жылдың сәйкес мерзіміндегі табиғи көлем деңгейіне (индексі 100,0%) жетті. ЖШС «Балық Продукт Восток» зауыты 295,8 млн. теңгенің балық өнімдерін өндіріп, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда табиғи көлем индексі 77,4% болды.

Өнеркәсіп өнімінің өткен жылғы деңгейден төмендеуінің неізгі себебі - «Балық Продукт Восток» ЖШС-нің балық зауытында шикізаттың жеткіліксіздігінен өнім өндіру көлемі азайып отыр. Зауытта 2008 жылғы 9 айда 478 тонна балық өнімдері өндірілсе, 2009 жылғы 9 айда 370 тонна балық өнімдері шығарылды. Жағдайды түзеу мақсатында аудан әкімшілігі кәсіпорын басшыларымен бірлесе жұмыс атқарып, зауыттың толық қуатына жетуіне қол жеткізілді. Тамыз айында 22 тонна өнім болса, қыркүйек айында 113 тонна өнім шығарылды, бұл алдыңғы 8 айда өндірілген өнімнің 44%.
Ауылшаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2435,0 млн. теңге болып, 2008 жылдың сәйкес мерзіміндегімен (2379,7 млн теңге) салыстырғанда  3,6% артты.

Аудан көлемінде 5116,8 тонна ет, 28355,4 тонна сүт, 2410,6 мың дана жұмыртқа, 231 тонна жүн өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 3,1%, сүт 4,0%, жұмыртқа 6,9%, жүн 7,1% артық өндірілді. Ірі қара саны 70044 басқа жетіп, 2008 жылдың осы мерзімінен 1270 басқа, немесе 1,8% өсті. Қой мен ешкі саны 177786 бас болып, өткен мерзімнен 5151 басқа, немесе 3,0% өсті. Жылқы 12330 бас, өткен уақытпен салыстырғанда 657 басқа артты, немесе 5,6%, құстар саны 44612 басқа жетіп, өткен мерзіммен салыстырғанда 4425 басқа немесе 11,0% артты.


Құрылыс, тұрғын үй құрылысы, жол жөндеу және абаттандыру
2009 жылға арналған аудандық бюджетте Зайсан қаласының су жүйесінің реконструкциясының жобалық-сметалық құжатына 7482 мың теңге, Қаратал ауылы су жүйесінің жобалық-сметалық құжатына 3704 мың теңге, Жарсу ауылы су жүйесінің жобалық-сметалық құжатына 2803 мың теңге қаржы қаралған, тендер өтіп, мердігерлер анықталды. Біржан су жүйесінің электр желілері құрылысының жобалық-сметалық құжатын аяқтауға 860 мың теңге қаржы қаралып, игерілді. Какен-Талды ауылында скважина қазуға және жобалық-сметалық құжатына 3056 мың теңге бөлініп, 2989 мың теңге игерілді.

Зайсан қаласындағы орталық стадионның реконструкциясын аяқтауға 7482 мың теңге бөлініп, пайдалануға берілді.

Аудан орталығында УЭФА стандарттарына сай шағын футбол алаңын салуға 6 млн теңге бөлініп, пайдалануға берілді.

Республикалық бюджеттен Зайсан қаласындағы 60 пәтерлі үйдің құрылысына биылғы жылы 195288 мың теңге бөлінген, игерілгені 121294,9 мың теңге; инженерлік желілерінің құрылысына 17041 мың теңге бөлініп, игерілгені 9110,9 мың теңге.

Аудандық бюджеттен Зайсан қаласындағы №1 балабақшаның күрделі жөндеуіне 4000 мың теңге бөлініп, толық игерілді.

Ағымдағы жылы аудандық бюджеттен Мұжықсу мектебінің қазандығын электр қазандығына айырбастауға 1397,7 мың теңге бөлініп, толық игерілді. Жаңа-Тұрмыс мектебіне 1023,7 мың теңге қаралып, толық игерілді. Жамбыл мектебіне 1001,3 мың теңге бөлініп, толық игерілді. Мұстафина мектебінің жылу қазандығын жөндеуге 3114,9 мың теңге бөлініп, 2754,4 мың теңгесі игерілді. Қазақстан мектебі ғимаратының ағымдағы жөндеуіне 1500 мың теңге қаралып, бүгінгі күнге толық игерілді. Абай мектебінің электр желілерін ауыстыруға 1800 мың теңге бөлініп, толық игерілді. Білім бөлімінің ғимаратының төбесін жөндеуге 1485 мың теңге қаралып, толық игерілді.

2009 жылдың 9 айында барлығы 3133 ш.метр тұрғын үй салынып, пайдалануға беріліп, өткен жылғы сәйкес мерзімдегімен (4372 ш.м.) салыстырғанда 71,7% болды.

Кеңсай су жүйесінің күрделі жөндеуіне 20000 мың теңге бөлініп, 19633 мың теңгесі игерілді; Біржан су жүйесінің күрделі жөндеуіне 5000 мың теңге бөлініп, 4660,1 мың теңгесі игерілді.

Боқажанов көшесінің күрделі жөндеуіне 52764 мың теңге қаралып, толық игерілді.

Аудан бойынша жолдардың ағымдағы жөндеуіне аудандық бюджеттен 10647 мың теңге бөлініп, бүгінгі күнге толық игерілді. Зайсан қаласының көшелерін ағымдағы жөндеуге 8479 мың теңге бөлініп, көшелер жөнделді.

Елді мекендерде көшелерді жарықтандыруға аудандық бюджеттен 14693 мың теңге қаралған, оның ішінде Зайсан қаласына 7000 мың теңге, Дайыр ауылына 2225 мың теңге, Қаратал ауылына 3320 мың теңге, Шілікті ауылына 2148 мың теңге.

Бюджет

Аудан бюджетінің өз кірісінің жоспары 269,3 млн. теңгеге бекітіліп, нақты 274,0  млн. теңге түсіп, жоспар 101,7% орындалды. Заңды тұлғалардан алынатын мүлік салығынан басқа барлық салықтар мен төлемдер болжамы орындалды. Шығындар жоспары 1756,5 млн теңге орнына 1701,4 млн теңге болып, 96,8% орындалды.



Инвестиция

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1417,6 млн теңге болды, бұл өткен жылғы сәйкес мерзімдегіден 3,9 есе артық.



Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар.

Ресми тіркелген жұмыссыздардың саны 491 адамды құрады. (2008 жылдың 1 қазанына – 493 адам). Есеп беру мерзімінің аяғына жұмыссыздардың саны 235 адам құрады, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 3 адамға кем. Экономикалық белсенді тұрғындар санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,1% құрады ( 2008 жылдың 1 қазанына – 1,2%).



195 жаңа жұмыс орындары ашылды. 325 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, жұмыспен қамту деңгейі 66,2% құрады ( 2008 жылдың 1 қазанына – 58,6%). Ақылы қоғамдық жұмыстарға 404 адам тартылды, кәсіптік оқытуға 31 адам жіберілді.

2009 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша 15971,4 мың теңге ( 968 адам) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 1116 мың теңге ( 68 отбасы) тұрғын-үй көмегі, 3713 балаға 35841,8 мың теңге сомасында балалар жәрдемақысы төленді.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет