19-бап. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту
1. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі принциптері:
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдығы;
шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі;
шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсіпкерліктің барлық субъектілері үшін қолжетімділігі;
шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.
2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту:
1) қаржылық қолдау көрсету;
2) шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының желісін ұйымдастыру;
3) бизнес-инкубаторлардың қызметін ұйымдастыру;
4) бір жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттік меншік объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға беру;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшiн жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға берiлген мемлекеттiк меншiк объектiлерiн және олар алып жатқан жер учаскелерін шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен көзделген шарттарды олар орындаған жағдайда шарт жасасқан кезден бастап бiр жыл өткен соң өтеусiз беру жолымен жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда, осы шарттар сауда-делдалдық қызметті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.
3. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау:
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) кепiлдік берілген көлемiн сатып алу.
2) екінші деңгейдегі банктер арқылы кредит беруді ұйымдастыру;
3) экономика салаларында әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру;
4) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) бюджет қаражаты есебінен қарыздар беру;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8) лизинг жолымен жүзеге асырылады.
2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтары халықты жеке кәсіпкерлікке тарту, жаңа шағын кәсіпкерлік субъектілерін құру мақсатында құрылады.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының міндеттері:
1) кәсіпкерлік ахуалды, отандық және халықаралық нарықтарды, экономиканың салалары мен секторларын талдау;
2) маркетинг және менеджмент саласында қызметтер кешенін көрсету;
3) инвестициялық және бизнес-жобаларды әзірлеу жөніндегі қызметтерді, консультациялық және басқа да қызметтер көрсету;
4) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің инновациялық белсенділігін арттыруға жәрдемдесу;
5) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіби өсуіне жәрдемдесу;
6) ақпараттық және сараптамалық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету;
7) семинарлар, тренингтер өткізу;
8) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің деректер базасын қалыптастыру;
9) шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ақпаратты және оны дамытудың проблемалық мәселелерін талдау мен қорыту болып табылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бизнес-инкубаторлар шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуына және дамуына жәрдем көрсету үшін құрылады.
Бизнес-инкубатордың міндеттері:
1) бизнес-инкубаторға орналастыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу;
2) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне білім беру, маркетингтік, консалтингтік және басқа да ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтер көрсету болып табылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Сауда-делдалдық қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті және қызмет көрсету саласын ұйымдастыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бір жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттік меншік объектілері сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берілуі мүмкін.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалға алу немесе сенімгерлікпен басқару шарттарының талаптарын орындауын бақылауды республикалық және коммуналдық меншікке иелік етуге уәкілетті тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
20-бап. 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
21-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік қолдау
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік қолдау олардың бәсекеге қабілетті тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) шығаруға мүмкіндік беретін кәсіби деңгейін арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
2. Шағын кәсіпкерлікті оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік қолдау:
жеке кәсіпкерлікті жүргізу мәселелері бойынша оқу семинар-тренингтер және ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру;
жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру практикасы, жаңа технологиялар нарығы туралы әдістемелік құралдар, ақпараттық бюллетеньдер тарату;
өңірлерде ақпараттық, консалтингтік орталықтар желісін құру;
өңірлерде шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқытуды ұйымдастыру үшін менеджерлер даярлау жолымен жүзеге асырылады.
3. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік қолдау бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
22-бап. Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау
1. Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау республикалық және өңірлік деңгейлерде жүргізіледі және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледі.
2. Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетудің мерзімі, көлемі мен шаралары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.
2009.10.07 № 178-IV ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
23-бап. Жеке кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету
Барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар таратуға шек қойылмаған, оның ішінде осы Заңның 5-бабында көзделген ақпарат пен материалдарды тегін негізде тарату үшін интернет-ресурстар құруға және олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге және олардың жарнамасын, сондай-ақ осы ақпаратты жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты жаңартып отыруды қамтамасыз етуге міндетті.
5-тарау. ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ БІРЛЕСТІКТЕРІН
ҚҰРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРГЕ САРАПТАМА ЖАСАУҒА ҚАТЫСУЫ
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 24-бап өзгертілді
24-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерi
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу үшін аккредиттелуге үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері:
республикалық деңгейде - жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің одағы (қауымдастығы), республикалық салааралық, салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік субъектiлерiнiң республикалық бiрлестiктерi;
облыстық деңгейде - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық бірлестіктері;
қалалық, аудандық деңгейлерде - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері түрінде кәсіпкерлер бірлестіктерін құрады.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін қаржыландыру жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ерікті мүшелік жарналары және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қамтамасыз етіледі.
25-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу
1. Жеке кәсіпкерлердің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларына сараптама жасауға қатысуға үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда аккредиттелуге жатады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Аккредиттелуге:
республикалық деңгейде - жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің одағы - (қауымдастығы), шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық бірлестік, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық салалық бірлестіктері;
облыстық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық, облыстық бiрлестiктерiнің филиалдары, шағын кәсiпкерлiк жөніндегі республикалық, облыстық бiрлестiктер филиалдары;
қалалық, аудандық деңгейлерде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық, облыстық, қалалық, аудандық бiрлестiктерiнің филиалдары, шағын кәсiпкерлiк жөніндегі республикалық, облыстық, қалалық, аудандық бiрлестiктерінің филиалдары жатады.
3. 2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Егер аккредиттелуге бір әкімшілік-аумақтық бірлік, бір қызмет саласын білдіретін екі және одан да көп коммерциялық емес ұйым үміткер болған жағдайда, онда азаматтардың неғұрлым көп санын біріктірген коммерциялық емес ұйым аккредиттелуге жатады.
5. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 26-бап өзгертілді
26-бап. Сарапшылық кеңестер
1. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестерге Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.
Сараптамалық кеңестің отырысы бір тоқсанда кемінде бір рет жүргізіледі.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері мен коммерциялық емес ұйымдар орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестің құрамына ұжымдық мүше ретінде кіреді және өкілеттігі сенімхатпен расталатын өз өкілі арқылы әрекет етеді.
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестердің құрамы мемлекеттік органдар басшыларының шешімдерімен бекітіледі.
3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлейтін мемлекеттік орган, мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, оны сарапшылық кеңестің қарауына енгізеді.
3-1. Сараптамалық кеңестің нормативтік құқықтық актілердің жобасын қарауы осы Заңның 5-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны сараптамалық кеңестің мүшелеріне жіберу арқылы отырыс өткізбестен жүзеге асырылуы мүмкін.
3-2. Егер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселе тиісті мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, осындай кез келген мәселе сараптамалық кеңестің қарауына шығарылуы мүмкін.
4. Сарапшылық кеңестер туралы үлгі ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5. Сарапшылық кеңестердің жұмысын талдау мен оның мониторингін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның жанынан құрылатын үйлестіру кеңесі жүзеге асырады.
Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның басшысы үйлестіру кеңесінің төрағасы болып табылады.
Үйлестіру кеңесінің құрамын уәкілетті органның басшысы қалыптастырады.
6-тарау. ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІН ТІРКЕУ ЖӘНЕ ТАРАТУ
27-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу
2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Заңды тұлға құрмай жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу кезiнде мәлiмделген орналасқан жерi бойынша салық органында (бұдан әрi - тiркеуші орган) дара кәсiпкер ретiнде есепке қою болып табылады.
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Мына шарттардың біреуіне сай келетін:
1) тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын;
2) жеке кәсіпкерліктен Қазақстан Республикасының заңдарында жеке тұлғалар үшін белгіленген салық салынбайтын жылдық жиынтық табыстың мөлшерінен асатын мөлшерде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген жылдық жиынтық табысы бар дара кәсіпкерлер міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.
Аталған дара кәсіпкерлердің қызметіне мемлекеттік тіркеусіз тыйым салынады.
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланбайтын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мынадай табыстарды:
1) төлем көзінен салық салынатын;
2) мүлік табыстарын;
3) өзге де табыстарды алу кезінде дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы.
2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мерзімсіз болып табылады және тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылады.
Дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2007.12.01. № 224-III ҚР
Достарыңызбен бөлісу: |