Оқу үдерісі тараптарының өзара әрекеттестігі тәсілдері
бойынша ұсынымдар
Заманауи мектеп үшін «мұғалім–оқушы» дидактикалық қатынасының дәстүрлі
нұсқасы тек мәселені көтеру үшін қолданылады.
«Мұғалім–оқушы» жұбындағы жұмыс. Ол өзіндік бақылау мен өзіндік бағалау
саласында ерекше маңызды.
Мұғалім консультанттың рөлін атқаратын топтық жұмыс.
Біртіндеп ұжымдық іс-
әрекеттер оқу міндеттерін жекелей шешуге ықпал етеді.
Ортақ заңдылықтарды жалпылауда, шығаруда, жұмыстың
келесі кезеңіне қажетті
іргелі қағидаларды тұжырымдауда ұйымдастырылатын топаралық әрекеттестік.
Оқушының үйде ата-анасымен бірге қандай да бір тапсырманы талқылау, ал келесі
сабақта
сыныпқа ол жөнінде айтып беру, мәселе бойынша оқушылардың
көзқарастары.
Өз бетімен іздену, мәселелі шығармашылық тапсырмаларды
шешуден құралатын
оқушының жеке жұмысы.
Дәстүрлі мектептің оқу үдерісіндегі мұғалімнің іс-әрекеті бейтаныс жердегі
жолсерікті есімізге түсіреді. Дамушы мектепте білім алушылардың дербес оқу
қызметіне баса
назар аударылады, ал оқушылардың оқуына өзіндік «сервистік
қызмет көрсету» мұғалімнің басты міндетіне айналады.
Дамыта оқыту барысындағы мұғалімнің қызметтері
Жекелей мақсат қоюды қамтамасыз ету, яғни оқушының оны не үшін
істеу қажет
екендігін, қандай болжамды нәтижеге бағдарлану керектігін түсінуін қамтамасыз
ету. Педагог қызметінің мақсаты оқушылар қызметінің мақсатымен үйлестірілуге
тиіс.
Сүйемелдеу. Оқушылардың оқуын іштей бағыттау үшін мұғалім жалпы оқу
ізденушілік іс-әрекеттің тікелей мүшесіне айналуға тиіс.
Оқушылардың рефлексивтік іс-әрекетін қамтамасыз ету. Рефлексияның
мақсаттары
– қызметтің негізгі компоненттерін, оның мәнін,
оларды шешу тәсілдерін,
мәселелерін, жолдарын еске түсіру, айқындау және түсіну, жеткен нәтижелерді
алдын ала білу және т. б.
© Материал из ЭС «ACTUALIS: Образование»
https://vip-edu.mcfr.kz
Дата копирования: 16.10.2020