Ойын технологиялары
Ойын еңбек пен оқумен қатар – баланың ғана емес, сонымен бірге ересек адамның
қызметінің бір түрі. Ойын барысында жағдаяттар шарты, қандай да бір қызмет түрі,
қоғамдық тәжірибе қалыптасады, ал нәтижесінде өзінің іс-әрекетін өзіндік басқару
қалыптасады және жетілдіріледі. Оқу үдерісін белсендіру мен қарқындатуға үмітті
заманауи мектепте ойын қызметі келесі жағдайларда қолданылады:
өзіндік технология ретінде;
педагогикалық технологияның элементі ретінде;
сабақтың немесе оның бөліктерінің нысаны ретінде;
сыныптан тыс жұмыста.
Ойын технологиясының, оның элементтерінің оқу үдерісіндегі орны мен рөлі көбіне
мұғалімнің ойын қызметін түсінуіне байланысты. Дидактикалық ойындардың
нәтижелілігі, біріншіден, оларды жүйелі қолдануға, екіншіден, олардың бағдарламаларын
мақсатты түрде құруға, оларды әдеттегі дидактикалық жаттығулармен үйлестіруге
байланысты. Ойын қызметіне заттардың негізгі өзіндік белгілерін қалыптастыратын
ойындар мен жаттығуларды айқындау, салыстыру, салғастыру машығы; шынайы
құбылыстарды жалған құбылыстардан ажырату машығын дамытушы, өзін өзі басқару
машықтарын, реакция жылдамдығын, музыкалық қабілетін, тапқырлығын және т. б.
тәрбиелеуші ойындар кіреді.
Іскерлік ойындар жаңа материалды меңгерудің, шығармашылық қабілеттерді дамытудың,
жалпы оқу машықтарын қалыптастырудың кешенді міндеттерін шешу үшін қолданылады.
Ойын оқушыларға оқу материалын әртүрлі тұрғыдан түсінуге және меңгеруге мүмкіндік
береді. Мұндай ойындар имитациялық, операциялық, рөлдік және т. б. бөлінеді.
Имитациялық ойындарда қандай да бір ұйымның, кәсіпорынның немесе оның
бөлімшесінің қызметі имитацияланады. Оқиғалар, адамдар қызметінің нақты түрлері
(іскерлік жиналыс, жоспарды талқылау, сұхбат жүргізу және т. б.) имитацияланады.
Операциялық ойындар нақты спецификалық операциялардың орындалуын
қалыптастыруға септігін тигізеді, мысалы, көпшілік алдында сөз сөйлеу, шығарма жазу,
есептерді шығару, үгіт-насихат жүргізу. Мұндай ойындарда сәйкес жұмыс процесі
үлгіленеді. Олар шынайы дүниелерді имитациялайтын жағдайларда жүргізіледі.
Рөлдік ойындарда нақты тұлғаның мінез-құлық, іс-әрекеттер, қызметтер мен міндеттерді
орындау тактикасы қалыптасады. Осындай ойындар үшін жағдаяттар сценарийі
әзірленеді, оқушылар арасында қатысушы тұлғалардың рөлі бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |