4-параграф. Бұғананың сынуы мен шығуы
161. Оның белгілері: Иық буынын қозғалту кезінде күшейетін бұғана жанындағы ауру, көзге көрінетін ісік. Көрсетілетін алғашқы көмек түрлері мыналар: зақымдалған жақтағы қолтық астының ойына азғантай мақта түйінін қойып, шынтағы тік бұрышта бүгілген қолды денеге қарай бинтпен орау, қолды мойынға орамалмен немесе бинтпен асып қою. Бинтпен орауды ауырған қолдан денеге қарай оралу қажет.
5-параграф. Аяқ-қол сүйектерінің сынуы мен шығуы
162. Оның белгілері: сүйектің ауруы, аяқ-қолдың рабайсыз түрі, буын жоқ жердің қозғалуы, қисаюы (сынған кездегі сүйек сынықтарының жылжуы) және ісуі.
163. Алғашқы көмек көрсету үшін зардап шегушінің сүйекті сындырғаны немесе шығарғаны маңызды емес, себебі барлық жағдайда зақымданған аяқ-қолдың қозғалмауын қамтамасыз ету керек. Шыққан жерді өз күшімен орнына салуға тырыспаңыз, мұны тек дәрігер істей алады. Зардап шегушіні емдік мекемеге жеткізу кезінде де оның зақымданған аяқ-қолына және дененің басқа да жерлеріне қалыпты жағдайды қамтамасыз етеді.
164. Таңғыш қалақты салу кезінде дененің қозғалмауын қамтамасыз ету керек, қалай болғанда да сүйектің екі буынның - сынған жерден бір буын жоғары және төмен, ал ірі сүйек сынған кезде – тіпті үш буынның қозғалмауы қамтамасыз етіледі. Таңғыш қалақтың ортасы сынған жерде болады. Таңғыш қалақ ірі буындарды, жүйке мен сүйектердің шығыңқы жерлерін қатты байланбайды. Таңғыш тақтайды жұмсақ матамен орап, бинтпен баулаған дұрыс. Таңғыш қалақты бинтпен, орамалмен, белдік белбеумен бекітеді және таңғыш қалақ салынбаған кезде зақымдалған қолды денеге, ал зақымдалған аяқты екінші сау аяққа бинтпен байлайды.
165. Иықтың сүйегі сынған және шыққан кезде таңғыш қалақты қолдың бүгілген шынтақтық буынына байлады. Иықтық сүйектің жоғарғы бөлігін зақымдаған кезде таңғыш қалақ екі – иықтық және шынтақтық буынды, ал төменгі бөлігі сынған кезде білектік буынды ұстап тұрады. Таңғыш қалақты қолға бинтпен байлап, қолды орамалмен немесе бинтпен мойынға асады.
166. Білек сынған және шыққан кезде таңғыш (алақан еніндей) қалақты шынтақ буынынан саусақтардың ұшына дейін зардап шеккеннің алақанына ұстап тұрғандай мақтадан, бинттен тығызданған түйін салынады. Таңғыш қалақ болмаған кезде қолды орамалмен мойынға немесе пиджактың шетіне асуға болады. Егер қол (шыққан кезде) денеден салбырап тұрса, қол мен дененің арасына жұмсақ (мысалы, киімнен түйілген) зат қойылады.
167. Қолдың буыны мен саусақтық сүйектері сынған және шыққан кезде (алақанның еніндей) білектің ортасынан бастап саусақтардың ұшына дейін жалпақ таңғыш қалақ салынады. Зардап шегушінің саусақтары бүгілгендей толып тұруы үшін зақымдалған қолының алақанына мақтадан, бинттен және тағы басқа түйілген түйін алдын ала салынады. Қолды орамалмен немесе бинтпен мойынға асады.
168. Жамбас сүйекті сындыру және шығару кезінде ауыратын аяқты сырт жағынан таңғыш қалақпен, таңғыш қалақтың бір ұшы қолтыққа дейін, ал екіншісі өкшеге дейін жететіндей болады. Екінші таңғыш қалақты зақымдалған аяқтың ішкі жағынан аяқтың арасынан өкшенің ішкі жағына дейін салады. Осылайша аяқ толығымен қозғалмайтын қалыпта болады. Таңғыш қалақтарды мүмкіндігінше аяқты көтермей, оларды орнында көтеріңкіреп сынған жерден басқа бірнеше жерден (денеге, жамбасқа, жіліншікке) бинтпен байлау арқылы салынады. Бинт белдің, тізенің және өкшенің астынан таяқша арқылы итеріп өткізіледі.
169. Жіліншік сүйегі сынған немесе шыққан кезде тізелік және жіліншік табанының буындары бекітіледі.
6-параграф. Қабырғалардың сынуы
170. Оның белгілері: дем алған, жөтелген және қозғалған кезде ауыру. Көмек көрсету кезінде кеудені мықтап немесе дем шығару кезінде сүлгімен тартады.
7-параграф. Жарақат алу
171. Оның белгілері: ісіну, жарақат алған жерді ұстаған кезде ауыру. Жарақаттанған жерге «суық» басып, содан кейін қатты таңғыш тағылады. Жарақаттанған жерге йод тұнбасын жағуға, қыздыратын компресс қоюға және мазь жағуға болмайды, себебі бұл тек ауыруды күшейтеді.
8-параграф. Ауырдың астында қалу
172. Зардап шеккенді ауырдың астынан шығарғаннан кейін зақымдалған аяқ-қолын көтеріңкіреп, астына киімнен жасалған жұмсақ жастықты қойып, бинтпен байланады. Бинттің үстінен зақымдалған ұлпалардың ыдырауы кезінде пайда болатын улағыш заттарды сорып алып, ауыруды азайту үшін «суық» басады.
173. Егер зардап шегуші дем алмаса және тамыры соқпаса, дереу қолмен дем алдыру және жүрек сыртынан массаж жасау басталады.
9-параграф. Сіңірлердің созылуы
174. Сіңір әдетте жіліншік табан және білек буындарында созылады. Оның белгілері: буынның қатты ауыруы, ісінуі. Көмек көрсету кезінде бинтпен байлап, зақымданған жердің қозғалмауын қамтамасыз етіп, «суықты» басады. Зақымданған аяқ көтерілген, ал зақымданған қол – орамалмен асылған болады.
12-тарау. Жат заттар түскен кездегі алғашқы көмек
1-параграф. Жат заттар терінің астына түскен кездегі
алғашқы көмек
175. Жат зат терінің (немесе тырнақтың) астына түскен кезде оны оңай және толық алып тастауға сенімді болған кезде ғана жасауға болады. Қандай да бір қиындық туған кезде дәрігерге көрінген жөн. Жат затты теріден алып тастағаннан кейін жарақаттанған орынға йод тұнбасын жағып, таңғыш тағылады.
2-параграф. Жат зат көзге түскен кездегі алғашқы көмек
176. Көзге түскен жат заттарды мақтамен немесе дәкемен стакандағы су ағысымен, ауыз су фонтанын көздің сыртқы бұрышынан (шекеден) ішкі қуысына (мұрынға) қарау бағыттай отырып жуған дұрыс болады. Көзді уқалауға болмайды.
3-параграф. Жат зат тыныс алқымына түскен кездегі
алғашқы көмек
177. Жат зат (мысалы, тамақтың тілімі) тыныс алқымына түскен, бірақ есін жоғалтпаған, тұншығып жатқан зардап шегуші мүмкіндігінше дереу дәрігерге қаралуы керек. Қандай да бір жауырын арасының жанын қысу немесе ұру тыныс алу жолдарын толығымен тығындап қалу мүмкіндігіне байланысты қауіпті болып табылады. Тыныс алу жолдарының жартылай тығындалуы кезінде жат затты алып тастау жөтелу немесе қақыру арқылы мүмкін болады.
178. Есі бар немесе оны ессіз жатқан зардап шегушінің тыныс алқымына жат заттың түсу фактісін анықталған, беттің тез көгеруі байқалған, жөтелу тиімсіз болған және толық тығындалып қалған (жөтел болмаған) кезде тиімді болып саналатын қандай да бір іс-әрекет әрқашанда ақталады, себебі бұл «үміт үзбеу» болып табылады. Мұндай жағдайда зардап шегушіні басы алдыға қарай еңкейіп тұрған немесе ішімен жатқан кезде жауырын арасының жанына білекпен үш – бес рет жайлап ұрады. Егер бұл көмектеспесе, түрегеп тұрған зардап шегушіні арқасынан қысып, көмек көрсетушінің қолы қуықтың соқыр ішек өсіндісі мен кіндік арасындағы жеріне қойылып, зардап шегушінің ішін бірнеше (үш - бес) рет тез басады. Мұндай әрекетті зардап шегуші арқасымен жатқан кезде де жасауға болады: қолдың алақандарын қуықтың соқыр ішек өсіндісі мен кіндік арасына қойып, ырғақты түрде (3-5 рет) ішті басады.
13-тарау. Есінен талу, жылу мен күн өткен және улану кезіндегі алғашқы көмек
179. Есінен талу кезінде (бастың айналуына, жүректің айнуына, өкпесі қысылғанда, ауа жетпегенде, көзі қарауытқан кезде) есінен тану кезінде кенеттен мидан қан кететін болғандықтан зардап шегушінің басын денесіне қарағанда төмендеу қылып жатқызады. Зардап шегушінің киімін шешіп, оған суық су ішкізіп, мұсатыр спиртін иіскетеді. Басына суық және мұзды таңғыштар қойылмайды. Беті мен кеудесін суық сумен сулауға болады. Осы әрекеттерді зардап шегуші есінен танғаннан кейінде жасауға болады.
180. Жылу мен күн өткен кезде қанның миға құйылуы болады. Осының нәтижесінде зардап шегуші кенеттен әлсіреуді, бас ауыруын сезеді, құсып, оның дем алуы үстірт болады. Мынадай көмек көрсетіледі: зардап шегушіні сыртқа немесе ыстық бөлмеден шығару не күннің көзінен көлеңкеге, таза ауа жеткілікті түрде кіретін салқын бөлмеге апарылады. Оның басы денесінен биіктеу қылып жатқызып, дем алуға кедергі келтіретін киімін шешіп, басына мұз немесе салқын таңғыш тағып, кеудесін салқын сумен сулап, мұсатыр спирті иіскетіледі. Егер зардап шегуші есін жоғалтпаған болса оған 15-20 тамшы шүйіншөптің тұнбасын стаканның үштен бір бөлігіне тамызып ішкізіледі.
181. Егер дем алуы тоқтаса немесе әлсіз болса және тамырының соғуы сезілмесе, дереу қолмен дем алдыруды және жүрек сыртынан массаж жасауды бастап дәрігер шақыртылады.
182. Газбен, сонымен қатар иісті, ацетилен, табиғи газбен, жанармайдың буымен және сол сияқтылармен улану кезінде бас ауыруы, «шекенің соғуы», «құлақтың шулауы», жалпы әлсіздік, бас айналу, жүректің қатты соғуы, жүректің айнуы мен құсу пайда болады. Қатты улану кезінде ұйқышылдық, көңілсіздік, немқұрайдылық, ауыр улану кезінде – ретсіз қозғалысты қозушылық, дем алудың болмауы немесе тоқтауы, көз қарашықтарының ұлғаюы орын алады.
183. Барлық уланған жағдайда зардап шегушіні уланған аймақтан дереу көтеріп не ертіп шығарып, дем алуға кедергі жасайтын киімін ағытып, таза ауаның кіруін қамтамасыз етіп, оны жатқызып, аяғын көтеріңкіреп, үстін жылырақ жауып, мұсатыр спирті иіскетіледі.
184. Ессіз жатқан зардап шегушінің құсуы мүмкін, сондықтан оның басын бір жағына қарай бұру қажет.
185. Дем алу тоқтаған кезде дереу қолмен дем алдыруды бастайды.
14-тарау. Батып бара жатқанды құтқару кезіндегі алғашқы көмек
186. Батып бара жатқанды құтқару кезіндегі негізгі талап – ойланып, салмақты және абайлап әрекет ету. Біріншіден, батып бара жатқанды көрген кезде тез арада жағдайды саралау.
187. Барлық жағдайда батып бара жатқанға оның байқалғандығы және көмек көрсетілетіндігі хабарланады. Бұл оны жігерлендіреді және зардап шегушіге күш-қуат береді.
188. Егер мүмкін болса, батып бара жатқан немесе жүзу кезінде шаршаған адамға оны жағаға, қайыққа тарту үшін таяқтың немесе киімнің үшін береді не қолда бар суға батпайтын құтқару затын немесе арнайы құтқару қару-жарағы лақтырылады. Құтқаратын затты лақтыру кезінде батып бара жатқанға тимейтіндей қылып лақтырылады. Егер ондай заттар болмаса немесе оларды пайдаланудың өзі батып бара жатқан не шаршаған адамды құтқаруды қамтамасыз етпесе, онда оған көмек көрсету үшін жүзіп барады.
189. Көмек көрсетушінің өзі жақсы жүзумен қатар, зардап шегушіні тасымалдау тәсілдерін білуі қажет. Оның қолымен ұстауларынан босана білуі және қолмен дем алдыру мен жүрек сыртынан массаж жасайды.
190. Егер жаппай жазатайым оқиға орын алған кезде батып бара жатқандардың әр қайсына бөлек көмек көрсетуге тырысады. Бірнеше адамды бірден құтқару мүмкін емес.
191. Батып бара жатқанға көмек көрсету үшін дереу суға секіру қажеттілігі кезінде аяқ-киім мен киімді шешеді. Жағадан секіру кезінде түбі мен тереңдігін білмейтін жерлерге аяқпен секіреді. Судың ағысын пайдалану үшін суға секіретін жерді таңдаған жөн.
192. Жағадан алыс қашықтықтағы суға киіммен секірген кезде мүмкіндігінше барлық киім мен аяқ-киім шешіледі.
193. Су температурасы төмен болған кезде немесе шаршағанда аяқтың балтыр, жамбас немесе саусақтың бұлшық еттерінің тартылуы мүмкін. Балтыр тартылған кезде арқасына жатып жүзіп, тартылып тұрған аяқты судан шығарып, саусақтарын өзіне қарай тартады. Жамбастың бұлшық еттері тартылған кезде тізені қатты бүгу, оған қоса табанды қолмен жамбастың ішкі жағына қарай тартады. Қолдың бұлшық еттері тартылған кезде қолды жұдырыққа түйіп, судан шығарып, қатты серпеді.
194. Жүзу кезінде шаршаған адамға мынадай көмек көрсетуге болады: көмек көрсетуші өзінің иығын шаршаған адамның созылған қолының астына қойып, оны «брасс» стилімен жүзіп отырып тасымалданады. Егер шаршаған адам көмек көрсетуші адамның қозғалыстарына ілесе отырып, аяғымен жүзсе бұл оған көмек болады. Шаршаған адамның қолдарының көмек көрсетушінің иығынан сырғып кетпеуі бақыланады.
195. Батып бара жатқанға көмекті артынан, оның жабысып ұстауынан қорғана отырып көрсетіледі. Батып бара жатқанның жабысып ұстауынан босанудың бірнеше тәсілдері бар:
егер батып бара жатқан көмек көрсетушінің денесіне немесе мойынына алдынан жабысып ұстап алса, бір қолмен оның белінен ұстап тұрып, екінші қолының алақанымен батып бара жатқанның иегіне тіреніп оның мұрныны қысып тұрып, иегінен қатты итеру қажет. Болмаған жағдайда көмек көрсетуші тізесімен батып бара жатқанның ішіне аяғымен тірелуі және күшпен одан итерілуі керек;
егер батып бара жатқан көмек көрсетушінің артынан мойынын қысып алса, бір қолмен батып бара жатқанның қолының білегінен ұстап, екінші қолмен сол қолдың шынтағын итеру қажет. Содан кейін көмек көрсетуші батып бара жатқанның қолын өзінің басы арқылы жылдам түрде ауыстырады және қолын босатпай тұрып, батып бара жатқанды өзіне арқасымен бұрып алып жаға қарай тартады;
егер батып бара жатқан көмек көрсетушіні қолының білектерінен жабысып ұстап алса, ол жұдырығын түйіп, бір уақытта аяқтарын батып бара жатқанның ішіне итере отырып, сыртқа қарай қатты сілкеді;
егер батып бара жатқан көмек көрсетушінің аяғынан жабысып ұстап алса онда бір қолмен оның басын өзіне қарай қысып, екінші қолмен оның иегінен ұстап, өзінен ары қарай бұрады.
196. Егер батып бара жатқан адамның артына жүзіп бару мүмкін болмаса, онда одан бірнеше метр қашықтықта сүңгіп, жанына жүзіп келіп, бір қолмен оның тізесін итеріп, екінші қолмен аяғын ұстап, оқыс қимылмен оны арқасымен өзіне қарай бұрып, жағаға қарай тартады.
197. Егер зардап шегуші су айдынының түбінде бетімен жоғары қарап жатса, көмек көрсетуші суға сүңгіп, оған оның аяқ жағынан жүзіп келеді. Қандай жағдай болмасын көмек көрсетуші зардап шегушінің қолтығынан көтеріп, аяғымен судың түбінен қатты итеріліп, онымен бірге судың бетіне жүзіп шығуы және оны жағаға тартады.
Батып бара жатқанды бірнеше тәсілмен тартуға болады:
«басынан» тарту тәсілі. Бұл үшін көмек көрсетуші батып бара жатқанды арқасына аударып, оның бетін алақанымен екі жақтан қысып – бас бармақтарымен оның беттерін, ал шынашақтарымен – астыңғы жағын, құлақтарын жауып, оның бетін судың бетіне шығарылған қалпында ұстайды;
арқасымен жүзу арқылы;
«қолынан тарту арқылы» тәсілі. Бұл үшін көмек көрсетуші батып бара жатқанның артынан жүзіп келіп, оның шынтақтарын артына қайырып, өзіне тарта отырып, жағаға еркін стильде жүзеді;
«қолының астынан тарту» тәсілі. Бұл үшін көмек көрсетуші батып бара жатқанның артынан жүзіп келіп, өзінің оң (сол) қолын батып бара жатқанның оң (сол) қолының астына салып, батып бара жатқанды екінші қолының шынтағынан ұстайды. Содан кейін батып бара жатқанды өзіне тартуы және бір жанымен жағаға қарай жүзеді.
Ессіз зардап шеккенді тартып шығару үшін көмек көрсетуші бір жанымен жүзіп, зардап шегушінің шашынан немесе киімінің жағасынан тартып шығарады.
198. Тартып шығарудың қандай тәсілін қолданса да, батып бара жатқан адамның мұрны мен аузы судың бетінде болады.
199. Батып бара жатқанды қайықтан құтқару кезінде оны жанынан емес артымен немесе алдымен келтіреді. Батып бара жатқанды қайыққа алу кезінде оны артынан немесе алдынан алу керек, себебі жанынан алу кезінде қайықтың аударылуы мүмкін. Егер екінші көмек көрсететін адам қайықтың артынан ұстай алмаса, батып бара жатқанды әрдайым қайыққа алуға болмайды.
200. Егер қайықта бір ғана адам болса, суға секірудің қажеті жоқ, себебі басқарылмайтын қайық судың ағысымен кетуі мүмкін. Қайықпен батып бара жатқанды арнайы құтқару қару-жарақтарынсыз құтқаруға шығатын кезде егер ол есін жоғалтса батып бара жатқанға беру үшін өзімен бірге таяқ, қада және сол сияқты заттарды алуы керек болады.
201. Зардап шеккенге көмек оны судан шығарғаннан кейін дереу көрсетіледі. Егер зардап шегуші есін жоғалтқан болса (бозарған, тамырының соғу сезілмесе немесе әрең сезілсе, дем алмаса немесе терең дем алса) оны тірілтуге кірісіп, дәрігер шақырады.
202. Егер қолмен дем алдыру қажет болса, оны бастар алдында оның аузын ашу және оны лайдан, құмнан, балдырлар мен шырыштан орамалмен немесе көйлекпен тазалайды. Содан кейін қолмен дем алдыруға кіріседі. Төменгі тыныс алу жолдарынан суды шығаруға уақытты кетірмейді. Егер зардап шегушінің ұйқы күре тамырының соғуы сезілмесе және көз қарашықтары үлкейген болса, дереу жүректің сыртынан массаж жасауды бастау қажет. Қолмен дем алдыруды және жүректің сыртынан массаж жасауды зардап шегушінің тұрақты дем алуы қалпына келгенге немесе оны медицина персоналына тапсырғанға дейін жүргізеді. Көмекшілер болған жағдайда олар бұл уақытта зардап шегушінің денесі уқаланады және жылытылады. Су мен ауадан созылған асқазанды босату үшін зардап шегушіні қырына жатқызып, ішінің үстіңгі қабатын басып, бетімен жерге қаратып және ішін қолмен қысып, оны жоғары көтеріп суды сыртқа (зардап шеккенді «көтеріп-түсіріп») шығарады. Бұл іс-шаралар тез жасалынады.
203. Зардап шегуші дем алып бастаған кезде оған мұсатыр спиртін иіскетіп, (жарты стакан суға) шүйіншөп тұнбасының 15-20 тамшысын ішкізіп, құрғақ киімді ауыстырып кигізіп, жылы нәрсемен үстін жауып, қою шай беру және медицина персоналы келгенше толық тыныштықпен қамтамасыз етіледі.
15-тарау. Шағу кезіндегі алғашқы көмек
1-параграф. Жылан мен улы жәндіктердің шағулары
204. Улы жыландар мен жәндіктердің шағуы кезінде бастың айналуы, жүректің айнуы, құсуы, ауыздың құрғауы мен ащы дәм, тамырдың, жүректің соғу жиіленеді, ентігу мен демалудың тоқтауы пайда болады. Аса ауыр жағдайларда буындардың тартылуы, есін жоғалту, дем алудың тоқтауы байқалады.
205. Шағылған жерде қатты ауыру пайда болады, тері қызарады, іседі.
206. Шаққан кезде мынадай көмек көрсетіледі. Зардап шеккенді удың тарқауын бәсеңдету үшін жатқызу қажет. Шағылған қолға немесе аяққа тыныштық жасап, оған таңғыш қалақты, тақтайды, таяқты және сол сияқты заттарды таңу керек, егер мұндай заттар қол астында болмаса қолды – денеге, аяқты – екінші сау аяққа бинтпен байланады. Шаққан жердің жанындағы ісік үлкейетін болғандықтан таңғышты, оның денені ойып тастамауы үшін уақыт өте босатып отыру қажет. Тек кобра шаққан кездің алғашқы минуттарында бұраманы немесе орап бұрағышты шаққан орыннан жоғары жерге салады.
207. Зардап шегушіге көп мөлшерде су (ыстық шай берген жөн), (жарты стакан суға) шүйіншөп тұнбасының 15-20 тамшысын ішкізеді.
208. Ешқашан шаққан орынды күйдіруге, тілуге, зақымданған қолға немесе аяққа бұрама салуға, зардап шеккенге алкоголь беруге, уды сорып алуға және тағы басқа әрекеттерді жасауға болмайды. Зардап шеккен емдік мекемеге жіберіледі. Оны жатқан қалпында тасымалдайды.
2-параграф. Жануарлардың тістеуі
209. Қандайда тістеудің түрі болмасын, егер тістеген жануардың түрі қаншалықты жақсы болса да, жарақат алынған және тырналған жердің терісіне йодтың тұнбасын жағып, стерилденген таңғыш тағу қажет. Зардап шегушіні жындануға қарсы дәрі енгізу үшін емдік мекемеге жіберу керек.
210. Дәрігерге сонымен қатар, құтырған жануардың сілекейі терісіне, мұрнына, көзіне немесе аузына түскен тұлғаларды да жіберу қажет.
16-тарау. Зардап шеккенді көтеріп апару және тасымалдау
211. Жазатайым оқиға болған кезде зардап шегушіге дереу алғашқы көмек көрсетумен қатар, оны тез арада және дұрыс жақын орналасқан емдік мекемеге жеткізу қажет.Зардап шеккенді көтеріп апару мен тасымалдау ережелерін бұзу оның денсаулығына түзелмейтін зиян келтіруі мүмкін.
212. Зардап шегушіні көтеру, көтеріп апару және тасымалдау кезінде оның ыңғайлы қалыпта болуын және оны селкілдетпеуді бақылау қажет. Қолмен көтеріп апару кезінде көмек көрсетушілер адымдап жүрмейді. Зардап шегушіні зембілге көтеріп салуды келісе отырып, команда бойынша жүргізеді. Зардап шегушіні оның ауырмайтын жағынан көтеріп, көмек көрсетушілер бір тізелерінде тұрып, қолдарын басының, арқасының, аяғының және бөксесінің астына салу кезінде қолдары зардап шегушінің екінші жағынан көрінетіндей болады. Зардап шегушіні зембілге салу кезінде оны орнынан көтермей, оны жерден сәл көтеріп, екінші біреу зембілді астына салған дұрыс болады. Бұл әсіресе сынған жағдайда маңызды болып табылады. Мұндай жағдайларда біреу сынған жерді ұстап тұрады.
213. Омыртқасы зақымдалған зардап шегушіні тасымалдау үшін зембіл төсемінің үстіне тақтай, ал оның үстіне киім қойылуы және зардап шегуші арқасымен жатады. Тақтай болмаған кезде зардап шегушіні зембілге ішімен жатқызады.
214. Төменгі жақ сынған кезде зардап шегуші тұншығып жатса, оның бетін төмен қаратып тасымалдайды.
215. Іші зақымдаған кезде зардап шегушіні арқасына жатқызып, аяғының тізесін бүгу қажет. Тізесінің астына киімнен жасалған жұмсақ жастық қойылады.
216. Кеуде төсі зақымданған зардап шегушіні жартылай отырған қалпында, арқасына киім қойып тасымалданады.
217. Тегіс жерде зардап шегушіні аяғын алдыға қаратып, ал төбеге немесе баспалдақ бойынша көтерілу кезінде басын алдына қаратып тасымалдау қажет. Зембілге еңістік қалып бермеу үшін төмендегі көмек көрсетуші зембілді көтеріңкіреп ұстайды.
218. Соққыларды болдырмау және зембілді солқылдатпау үшін, зардап шегушілер бірдей аяқпен, тізелерін бүге, аяқтарын қатты көтермей жүрулері керек. Зембілде тасымалдау кезінде зардап шегушіні, таңғыш пен таңғыш қалақтың салынуын бақылау қажет. Ұзақ уақыт бойы тасымалдау кезінде зардап шегушінің жатқан қалпын ауыстыру, оның басының астына салынған киімді дұрыстау, (іші ауырған кезден басқа жағдайларда) шөлін басу, ауа-райының қолайсыздықтары мен суықтан қорғайды.
219. Зардап шегушіні зембілден түсіру кезінде оны оған салу кезіндегідей іс-әрекеттер жасау керек. Зардап шегуші салынған зембілді ұзақ уақыт бойы тасымалдау кезінде көмек көрсетуші оны зембілдің сабына байланған бауды мойынына салу арқылы да тасуы қажет.
220. Ауыр халдегі зардап шегушіні тасымалдау кезінде оны ауыстырып жатқызбай, сол зембілмен бірге астына шөп төсеп арбаға немесе машинаға салады. Зардап шегушіні тасымалдау кезінде абайлап, оның селкілдеуіне жол бермейді.
____________________
Достарыңызбен бөлісу: |