ІІ-кезең «Қай сөз артық?»
Шарты: Тақтада 4 сөзден анаграмма түрінде берілген. Артық сөзді табу керек. Әр сөзге 2 ұпайдан, тарсырмаға 3 ұпай беріледі.
Марамгроп - программа
Ныштақ- тышқан
Дакротре-редактор
Юнем -меню
Артық сөз тышқан
Терчесвин-винчестер
Такидес-дискета
Ссорецпро-процессор
Кашфле-флешка
Артық сөз процессор
Рептьюкром-компьютер
Тамикатема-матиматика
Азикиф-физика
формаинкати -информатика
Артық сөз компьютер
Малімғу-мұғалім
Инрпрет-интернет
Ушықо-оқушы
Кәртіш-шәкірт
Артық сөз интернет
3-кезең: «Қатесін тап»
Шарты: Электронды поштамен келген хатқа вирус кіріп ақпаратты бүлдіріпті. Сіздердің мақсаттарыңыз бүлінген ақпартты қалпына келтіру.
(Вируспен зақымданған нұсқасы)
1-хат: Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын.Тышқанмен әріптерді теріп, сурет шығару керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Микрофон арқылы әндерді тыңдаймын.
(Вируспен зақымданған нұсқасы)
2-хат: Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Компьютерде мәтін жазу үшін Paint текстік редакторды пайдаланамын. Мәтін жазу үшін сызғыш, өшіргіш құралдарын пайдаланамын. Ал сурет салғым келсе WordPad стандартты программасымен саламын. Өз жұмыстарымды сканерден шығарамын.
3-хат: Мен компьютерде жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокка қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдаймын.
1-хат: Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен жүйелік блокты іске қосамын.Пернетақтамен әріптерді теріп, сурет шығару керек болса, принтерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін сканерді қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін принтерге қағаз саламын. Колонка арқылы әндерді тыңдаймын.
2-хат: Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Компьютерде мәтін жазу үшін WordPad текстік редакторды пайдаланамын. Сурет салу үшін сызғыш, өшіргіш құралдарын пайдаланамын. Ал сурет салғым келсе Paint стандартты программасымен саламын. Өз жұмыстарымды принтерден шығарамын.
Достарыңызбен бөлісу: |