Windows операциялық жүйесінің «Сілтеуіш» бағдарламасымен жұмыс
Жұмыстың мақсаты: Компьютердегі ақпарат құрамымен және негізгі мағлұматтармен танысу. Сілтеуіш бағдарламасында файлдармен, папкалармен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру.
Тапсырма:
Әдістемелік құралды қолдана отырып мыналарды орындаңыз:
Бағыттауыш программсын іске қосу
Каталогта өз еркіңізбен папка құрыңыз
Папкамен жұмыс істеу (көшіру, орын аустыру, іздеу, жою)
Лабораториялық жұмысқа есеп бере отырып, қорғау.
Жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау
Сілтеуіш терезесі – Windows жүйесінің файлдармен жұмыс істейтін негізгі программасы. Оның көмегімен дискідегі файлдардың көшірмесін алу, оларды басқа орынға ауыстыру, жою, компьютер желілерінде байланыс ұйымдастыру, программалық файлдарды іске қосу, дискеттерді форматтау т.б. әрекеттерді атқаруға болады. Бағыттауыш программасы кез-келген операциялық ортаның жүйелік қоршаулар деп аталатын арнайы программалар тобына жатады. Windows жүйесіндегі Бағыттауыш терезесінің белгісі Іске қосу батырмасын басқан соң Стандартты бағдарламалар тобында орналасқан. Бұл программада экран бейнесі әртүрлі бола береді. Терезенің жоғарғы жағында меню жолы, оның маңында Аспаптар тақтасы орналасқан. Негізгі терезе екі жартыға бөлінген, оның сол жақ жартысында – компьютердегі негізгі құрылғылар мен программалық компоненттер өз ортасындағы белгілі бір ретімен беріледі.
Сілтеуіш терезесінің оң жақ жартысында – сол жақта белгіленген объектінің ішкі мазмұны көрінеді.
Сілтеуіш терезесі
Мысалы, сол жақта каталог белгіленген болса, оң жақта сол каталогқа кіретін ішкі подкаталогтар мен әртүрлі файлдар көрсетіледі. Файлдар атының алдында олардың қандай программада дайындалғанын, яғни тип бейнелейтін кішкене белгілер де орналасады.
Файлды көшіру – жаңа каталогта оның тағы бір көшірмесін алу, ал файлдың орнын ауыстыру – оның бір каталогтан екінші каталогқа көшірмесін алып, ескі орнынан жою. Бұл әрекеттер әдетте тышқанмен оңай, әрі жылдам орындалады.
Файлдармен жұмыс істеу кезінде көбінесе бір файл емес бірден бірнеше файл өңделеді (көшіріледі, жойылады, және т.б.). Сол үшін өңделуге тиіс файлдар алдын-ала ерекшеленуге тиіс.
Бір файлды ерекшелеу қиын емес, сол файлдың шарт белгісінде тышқанды бір рет шерту керек. Қатар орналасқан бірнеше файлды ерекшелеу үшін:
бірінші тұрған файлдың белгісінде тышқанды бір рет шерту керек;
Shift пернесін басып ұстап тұру қажет,
Соңғы файлға тышқан курсорын жеткізіп, тағы да шерту керек.
Каталог ішінде әр жерде орналасқан файлдарды ерекшелеу үшін:
бірінші файл белгісінде тышқанды шерту керек,
Ctrl пернесін басып, ұстап тұру керек,
керекті файл аттарына тышқан курсорын алып барып, оны біртіндеп шертіп отыру керек. Ерекшелеуді алып тастау үшін курсорды сол файлдардан тысқары жерге алып барып, тышқанды бір рет шерту қажет.
Бағыттауыш терезесінде үлкен және кіші белгілерді пайдалану.
Егер файлдарды кіші белгілер арқылы бейнелесеңіздер, экранның оң жақ терезесіне көп мәлімет орналасады. Үлкен белгілерді пайдалансаңыз, онда жұмыс істеуге ыңғайлы режим орнайды. Бұл режимдерді бірінен екіншісіне ауыстыру үшін Бағыттауыш терезесінің меню жүйесіндегі Сыртқы түр командасының Үлкен белгілер немесе Кіші белгілер командасын орындаңыздар.
Бағыттауыш программысынан қолданбалы программаларды іске қосу бірнеше жолмен жүргізіледі, олар:
программаның командалық файлын таңдап алып, тышқанды екі рет шерту керек,
өңделуге тиіс құжаттық файл шарт белгісін таңдап алып, тышқанды екі рет шертсе болғаны, сонда сол файлға сәйкес программалық файл іске қосылып, оның терезесіне қөпқұжаттық файл шақырылады,
құжаттық файл шартбелгісін тышқанмен іліп алып, оны сол файлдың негізгі программасы белгісіне жеткізу де жеткілікті.
Сілтеуіш терезесінде файлдың атын өзгерту, дискетті форматтау, дискінің көшірмесін алу, файлдың немесе файл топтарының атрибуттарын өзгерту және т.с.с. операциялар атқарыла алады. Бір айта кететін жайт, тышқанның оң жақ батырмасы арқылы шақырылатын динамикалық менюде Жіберу деген командалық жол бар, ол файлды дискетке жылдам көшіріп алу мүмкіндігін береді.
|