Бақылау сұрақтары:
VLAN-ды бірнеше коммутаторда тұрғызуға болады ма? Оны қалай істеуге болады?
Кадрдың идентификаторының (tag) қызметі? Ол қайда орналасқан?
Транк дегеніміз не? Коммутатор мен маршрутизаторда ол қалай жасалады?
Интерфейске VLAN-дв тағайындау үшін қандай командалар қолданылады?
Транктық қосылуларды жасау үшін қандай командалар қолданылады?
VLAN верификациясы үшін қандай командалар қолданылады?
8 Зертханалық жұмыс №8. WiFi сымсыз желісі. Оны келтіру
Жұмыстың мақсаты: сымсыз құрылғылардың енім нүктесіне қосылуының негізін, енім нүктелерін келтіруді оқып-үйрену.
Тапсырма: енімнің сымсыз нүктелерін келтіруді жүргізу және интернет желісіне шыға алатын екі дербес компьютерлердің жергілікті желісін ұйымдастыру.
Эмуляторда 24 суретке сәйкес желі құрамыз.
Провайдер сервері үшін 212.10.10.2 IP-адрес беріңіз. Серверде DNS және DHCP қызметтерін келтіріңіз.
Сымсыз маршрутизаторда бірнеше интерфейстерді келтіру қажет.
«Internet» бөлімінде DHCP бойынша провайдерден алынған параметрлерді келтіру керек.
24 сурет - Сымсыз желі. Internet желісіне қосылу
Lan бөлімінде 192.168.0.1/24 адресін қондырыңыз.
Әрі қарай Wireless бөлімінде SSID желісі мен WEP шифрлау кілтін беру қажет.
Сымсыз желіні дербес компьютерлерде келтіру үшін Ethernet интерфейсін сымсыз желінің PT-HOST-NM-1W интерфейсінің алдыңғы панеліне ауыстыру қажет. Wireless қосымша бетінде SSID желісі мен WEP кілтін келтіріңіз. Қосқаннан кейін ping командасымен жұмыс станцияларының арасындағы және жұмыс станциясынан провайдердің серверіне дейін байланыстың болуын тексеріңіз.
Бақылау сұрақтары:
Деректерді сымсыз тарату қандай принципке негізделген?
SSID не үшін қажет?
WEP кілті не үшін қажет?
Достарыңызбен бөлісу: |