Зертханалық жұмыс № Өндіріс ғимаратындығы метрологиялық жағдайларды зерттеу Жұмыстың мақсаты



бет2/4
Дата27.04.2023
өлшемі34.67 Kb.
#472901
1   2   3   4
№1 жұмыс микроклимат

3.3 Ауа температурасын анықтау
Зертханада Ассман психрометрінің құрғақ термометрін (сол жағындағы термометр) қолдана отырып ауа температурасын анықтау. Термометр көрсетуін зерттеу хаттамасының 3.2, 3.4 кестелеріне жазыңыз.
3.4 Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау
Аспирационды Ассман психрометрін қолдана отырып, зертханадағы ауаның салыстырмалы ылғалдылық мәнін есептеу. Ол үшін құрғақ және ылғалды термометрлер көрсетулерін алмастан 3–4 мин бұрын, ылғалды термометр қоймасындағы матаны стендтің 2 жайындағы пипетканы алып, суды астынан бере отырып сулау керек. 3 мин-тан кейін желдеткішті сөндіріп, ылғалды және құрғақ термометрлерінің көрсетулерін хаттаманың 3.2 кестесіне жазып алыңыз. Содан соң абсолютті ылғалдылықты (А) есептеңіз, яғни салмақтық бірліктермен (г/м) немесе мм.сын.бағ. су буының қысымы түрінде сипатталған зерттеу мезетіндегі ауаның су буы құрамын анықтаңыз. 
А=Fвл– 0,5(tc–tвл)  Р/755. (3.3)
Мұндағы Fвл–ылғалды термометр көрсетіп тұрған температура кезіндегі қаныққан су буы қысымы, мм.сын.бағ. (А қосымшасындағы 1-кестені қара), 0,5 – тұрақты психрометрлік коэффициент;
tc–tвл –– құрғақ және ылғалды термометр көрсетулерінің айырмасы;
Р–2.1 тапсырмасында есептеліп табылған атмосфералық қысым, мм.сын.бағ.
Одан соң пайызбен сипатталған, абсолютті ылғалдылықтың максималды (М) (берілген температура кезінде ауадағы су буы саннының ең үлкен мәні) ылғалдылыққа қатынасы түрінде салыстырмалы (В) ылғалдылықты есептеңіз.
B=A/M 100, % немесе B=A/Fc 100, %,
мұндағы F– құрғақ термометр көрсетіп тұрған температура кезіндегі қаныққан су буы қысымы, мм.сын.бағ. (А қосымшасындағы 1-кестені қара).
Алынған мәліметтерді хаттаманың 3.2, 3.3 кестесіне енгізіңіз. Содан соң үстелде көрсетілген психрометрлік график – номограмма арқылы салыстырмалы ылғалдылықты табыңыз. Графиктегі тік сызықтар құрғақ термометр көрсетуіне сәйкес, ал қиғаш сызықтар ылғалды термометр көрсеткішіне сәйкес. Салыстырмалы ылғалдылық ылғалды және құрғақ термометрлерінің көрсетуіне сәйкес тік және қиғаш сызықтардың қиылысу нүктесі алынады. Алынған мәндерді 3.2 кестеге енгізіп, есептелген В мәндермен салыстырыңыз. Ауытқуларды пайызбен сипаттайды, ол 5% аспау керек.
3.2 к е с т е - Зерттеу хаттамасы






Аталуы

Параметрлер мәні




1

Өлшеу орны







2

Құрғақ термометр көрсетуі, 0С







3

Ылғалды термометр көрсетуі, 0С





4

Атмосфералық қысым Р, мм.сын.бағ.





5

Ылғалды термометр көрсетіп тұрған температура кезіндегі қаныққан су буы қысымы Fвл, мм.сын.бағ.





6

Құрғақ термометр көрсетіп тұрған температура кезіндегі қаныққан су буы қысымы Fс, мм.сын.бағ.





7

Абсолютті ылғалдылықтың шамасы А, мм.сын.бағ.





8

Салыстырмалы ылғалдылықтың шамасы В,%


9

Номограмма бойынша салыстырмалы ылғалдылықтың шамасы,%







10

Алынған шамалардың айырмасы,%







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет