Зертханалық жұмыс №1 Тақырып: ms access мәліметтер қорын басқару жүйесі мақсаты



бет3/44
Дата23.04.2024
өлшемі2.12 Mb.
#499592
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Зертханалық жұмыс 1-15

Веб-торап тақтасы.

  • Оң жақта Есептер облысы (Область задач) орналасқан.

    Мәліметтер қорына қорғаныс орнатуға болады. Ол үшін құрған мәліметтер қорын Файл мәзірі арқылы ашу терезесінде Ашу (Открыть) батырмасының қасындағы бағыттауышқа басып, Монопольно командасын таңдаймыз. МҚ ашқан соң, Сервис – Қорғаныс (Защита) – Пароль құру (Создать пароль) командасын орындаймыз. Парольді осы жерде екі рет тереміз. Енді МҚ жауып қайта ашқанда бізден пароль сұрайды. Бұл қорғанысты қайта алып тастау үшін осы мәзірге қайта барамыз.


    Бақылау сұрақтары:

    1. Мәліметтер қоры дегеніміз не?

    2. Мәліметтер қорын басқару жүйесі дегеніміз не?

    3. MS Access қандай мәліметтер қорына жатады?

    4. Негізгі объектілерін атаңыз.

    5. Қандай тақталар бар?



    Зертханалық жұмыс №2
    Тақырып: “МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН ҚҰРУ”
    Жаттығу: объектінің қалай құрыла­ты­нын анықтау, өрістер сипаттамаларын енгізу, өрістер қаси­етін анықтау, кестенің құрылу режимімен таныс­у мақсатында берілген жаттығуларды орындаңыздар.
    Есеп беру: Сабақ соңында жаттығулар нәтижесін компьютерде қорғау.


    Лабораториялық жұмысты орындауға арналған әдімтемелік нұсқаулар:
    1 Мәліметтер типі және өріс қасиеттері
    Әрбір Access мәліметтер базасының құрамында бір немесе бірнеше кестелерден тұратын байланысқан объектілер суреттеледі. Өрістер объектінің атрибутына немесе қасиетіне сәйкес құрылады. Әрбір өріс үш элемент арқылы сипатталады:

    1. Өріс (Поле – fіtld name) – өріс аты, кестеде қайталанбауы тиіс;

    2. Мәліметтер типі (Тип данных – Data type) – өрістегі мәліметтер ти­­пі;

    3. Сипаттама (Описание – Descrіptіon) – өріс қызметіне түсі­нік­­­теме беру;



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет