Word құжатында суреттер салу. Word текстік процессорында қарапайым схемаларды,
чертеждер мен суреттерді Вид->Панели инструментов->Рисование командасы арқылы іске қосылатын орнатылған графиктік редактор көмегімен салуға болады.
Графиктік объектілерді біріктіру. Түрлі бөліктерден құралған чертежді немесе схеманы біртұтас сурет ретінде қарастыру үшін ол бөліктерді
Shift батырмасын баса отырып белгілейді де сол жерде контекстік мәзірден
Действия->Группировать командасын орындайды. Объектілерді біріктіруді алып тастау үшін
сол контекстік мәзірдегі Действия -> Разгруппировать командасы қолданылады.
Word процессорындағы графикамен жасалатын жұмыстарды үш бағытқа сәйкес қарастырады:
Басқа қосымшаларда (мысалы, Paint, Ms Drawing, Paintbrush, Excel және т. б.) салынған графиктік объектілерді құжатқа кірістіру;
Құжаттың өзінде Рисование панелінің құралдарын пайдаланып сурет салу;
Тексті көркемдеуде Clipart коллекциясының дайын суреттерін пайдалану.
Графиктік объектінің текстегі орналасуы.
Настройка изображения панелін іске қосыңыз. Ол үшін Вид -> Панели инструментов -> Настройка изображения командасы орындалады.
Пайда болған панелден Обтекание текстом батырмасына шертіледі. Пайда болған мәзірден өзіңізге қажет команда таңдалынып, сол командаға шертіледі. Егер По контуру командасы таңдалса терілген текст графиктік объект контурын жағалай орналасады.
OLE технология. Құжатта әртүрлі типке жататын объектілерді біріктіру үшін, айталық графиктік,
музыкалық объектілер, электрондық кестелер секілді, Windows жүйесінде OLE технологиясы қолданылады. OLE технология – объектілерді кірістіру және байланыстыру. Осыған байланысты текстке енгізілетін объектілерді екі топқа бөлуге болады:
Құжатқа кірістірілген объект құжаттың бөлігі ретінде есептеледі де бастапқы оригинал объектідегі өзгерістер құжаттағы объектіге берілмейді;
Құжаттағы байланысқан объектілер оригиналдары өзгерген жағдайда қоса өзгеріп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: