К=Nтрилон Б*Vтрилон Б*1000/Vсу
К=0,05×8,2×1000/100=4,1 (орташа кермек су)
Мұндағы:
Nтрилон Б-Трилон Б ерітіндісінің нормальносы(конц)-0,05н
Vтрилон Б- Трилон Б ерітіндісінің кеткен көлемі, мл
Vсу-зерттелетін су мөлшері,100мл
Қорытынды нұсқау (20минут)
Берілген тапсырма бойынша анықталатын қателіктерді талдау.
Бағалау критериелері:
«А»-орындалған жұмыс қатесіз өз деңгейінде жасалынған.
«В»-орындалған жұмыс барысында бір қате жасалынса
«С»-орындалған жұмыс барысында екі қате жасалынса
Бақылау сұрақтары:
1.Физико-химиялық талдау дегеніміз не?
2.Химиялық өнімдерді қалай айдаймых?
3.Судың кермектілігін анықтауды түсіндір,
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Фурмер И.,Зайцев В., Общая химическая технология.-М.:Высш.шк., 1986.-231 с
2.Н.Жакирова. Жалпы химиялық технология. Оқу құралы.-Алматы, ССК, 2018.-1-25 бет
3.Аппаратчик коксохимического производства.Мениович Б. –М.:Металлургия, 1987. 408 с
3.Н.Жаданов.Еңбек қорғау:Оқу құралы.-Астана:Фолиант, 2010.-200 бет
Зертханалық жұмыс№7
Тақырып:Өндірістік санитарияның маңызы мен міндеттері, еңбекшілердің жеке гигиенасы. Өндірістік зиянды факторлары. Зиянды факторлардың белгіленген санитарлық нормалары. Қол еңбегімен атқарылатын жұмыстарды ұйымдастыру
Мақсаты:Өндірістік санитарияның маңызы мен міндеттері, еңбекшілердің жеке гигиенасын уйренеді.
Керекті құрал-жабдықтар:бейнеролик, таратпалар, технологиялық картаТеориялық бөлім
Кіріспе
ӨНДІРІСТІК ГИГИЕНА ЖӘНЕ САНИТАРИЯ
Еңбек гигиенасы — қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық - эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені. Атап айтқанда, еңбек гигиенасы еңбек процесстерінің және өндіріс ортасының адам ағзасына әсер етуін түсінеміз.
Еңбек гигиенасы санитарлық – гигиеналық, ұйымдық және емдік профилактикалық шаралар, кәсіпкерлік аурулардың алдын алуына және еңбек шарттарының денсаулығын жақсартуға жіберуді қамтамасыз етеді.
Өндірістік санитария — зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық - гигиеналық, ұйымдастыру іс - шаралары мен техникалық құралдар жүйесі.
Өндірісте еңбек қауіпсіздік шараларын санитарлық қолайлығын талаптарға сай қамтамасыз етуді, кәсіпорынның аумақтары сияқты, сондай ақ олардың өндірістік және тұрмыстық бөлмелерін еңбекке қолайлы етіп жасап шығару. Санитарлық - гигиеналық талаптардың қанағаттандырылмағаны тек қана кәсіптік ауруларға ғана шалдыра қана қоймай, сонымен қатар өндірістегі жарақаттанудың бірден бір себебі болуы да мүмкін.
Цехтарда жоғары температураның болуы бірден барлық жұмысшылардың жағдайларын нашарлата бастайды, бас айналу және ұйқышылдық пайда болады. Ал төменгі температурада жұмысшыларға сырт киіммен жұмыс істеуге тура келеді, ол қозғалысты ауырлатады.
Төмен (жаман) жарықтандыру кезінде жұмыс жасау көзге тез арада зақым келуін және ауыр жарақатқа әкеліп соғу мүмкіндіктерін туғызады.
Цехтардағы ауа ортасының шаңмен және газдармен ластануы, сонымен қатар шуыл адам ағзасына өте зиянды.
Санитарлық - гигиеналық талаптың жобалануы үшін, сондай - ақ кәсіпорындарды санитарлық - эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіріліп ескеріледі «СЭТ өндірістік объектілерді жобалау» (ҚР ДСМ №334, 08.07.05ж. бұйрығында).
Құрылғыға гигиеналық талаптардың және өндірістік кәсіпорындардың өзіне келесі кезеңдерді қосады: құрылыс алаңын талдау; кәсіпорынды аумақтық сәулелендіру; өндіріс және қосалқы ғимараттардың орналасуы; канализация және сумен жабдықтау; отын жүйелерінің құрылысы, желдету және жарықтандыру, қосалқы бөлмелермен жабдықтау.
Бұл барлық талаптар өнеркәсіпті жобалау кезінде және кәсіпорындардың қолданылуы кезінде міндетті болып келеді.
Кәсіпорын аумағы. Жаңа кәсіпорындар салынатын аймақтарда табиғи жарықпен және желдетумен тиісті қамтамасыз ету қажет.
Кәсіпорындардың арасындағы ара қашықтық және жақын арадағы тұрмыстық үйлер, мәдени тұрмыстық және емдік ғимараттарды санитарлық - қорғайтын аймақ деп атайды.
Барлық өнеркәсіп кәсіпорындары олардың технологиялық процесстер және зиянды, улы заттардың бөлінуіне қарай бес топқа бөлінеді. Кәсіпорынның топтық сәйкестігіне байланысты қорғау аймақтары орналастырлады, олар мынаған тең: бірінші топ үшін -1000, екіншіге -500, үшішісі үшін -300, төртіншісі үшін -100, бесіншісі үшін -50 м.
Кәсіпорындарды санитарлық топтастыру, өндірістердің және объектілерді технологиялық процесстермен, өндірістегі зиянды заттардың қайнар көзі болып табылады, сонымен қатар санитарлық – қорғау аймақтардың мөлшерлерінің сәйкестігіне «СЭТ өндірістік объектілерді жобалау» (ҚР ДСМ №334, 08.07.05 бұйрығында).
Достарыңызбен бөлісу: |