Зертханалық жұмыс №3



бет2/2
Дата19.05.2022
өлшемі481.77 Kb.
#457561
1   2
3-зертз ФОТОГР

19-нұсқа

Атауы



I,

H,км



,

,

Ресурс Ф6

1.1

83

250

41

7.2921

398600441.5

Шешуі:
1. c


R = м
2.
3.
4.

tg = = 4.6124104349

5. 100
100 = %
6. = sin0.1146164156

= 0.146139635 1146164156
= 2
= 0.1537531835
7. 100
100 = %


РЕСУРС жүйесі
РЕСУРС - жердің табиғи ресурстарын зерттейтін жалпы мемлекеттік, көп буынды Ресейлік ғарыштық жүйе, ол төмендегілерді қамтиды:

  • “Ресурс-Ф” ЖЖС фотобақылау;

  • “Ресурс-О”, “Океан-О” ЖЖС жедел бақылау;

  • ұшырылатын ғарыштық кемелер мен орбиталық станциялар (тартылатын құрал ретінде);

  • авиациялық құралдар (тартылатындар ретінде);

  • жербеті және теңіз полигондарының торабы;

  • ақпаратты қабылдау мен өңдеудің салааралық орталықтары;

  • ақпаратты тұтынушылар желісі.

Алғашқы буындағы “Ресурс-Ф1” (“Космос” сериясы) ЖЖС әртүрлі модификацияланғаны 1974 жылдан бастап пайдаланылды. Ұшыру шеңберге жуық күн-синхронды орбитаға 200-400 км биіктікпен және 82 көлбеу бұрышымен жүргізілді. Осы сериядағы ЖЖС ұшу бағдарламасы қонатын аппараттың түсірілген фотоүлдірмен қонуын көздейді. ЖЖС жалпы массасы
6300 кг, арнайы аппаратураның массасы 800 кг құрайды, үш ось бойынша бағдарлану нүктесі 1. Түсірістерді стереофотограмметрлік өңдеу үшін түсірістерді берілген көлденең жабылулар бойынша фотографиялау жүргізіледі. Осындай ЖЖС ұшулары бір ай бойында жалғасады.
Екінші буындағы “Ресурс-Ф2” ЖЖС 170-50 км биіктіктегі шеңберге жуық орбитаға 1987 жылдан бастап ұшырыла бастады. Құрылымдары бойынша ғарыштық аппараттары бірінші буындағы ЖЖС ұқсас. Штаттық нысаналы аппараттың құрамы өзгерілген болатын.
Осы сериядағы ЖЖС картографиялық бағыттағы жоғары түсіру мүмкіндікті фототүсірістерімен және ғарыштық ақпараттың негізгі көздері ретінде КСРО-ны, одан кейін Ресейді қамтамасыз етті “Ресурс-Ф3” үшінші буындағы ЖЖС ұшырылды. Бағдарламаға сәйкес жылына 4-5 жер серігі ұшырылуға тиіс. Жоғары түсіру мүмкіндігіті (1м) оптика-электрондық камералармен жабдықталған ЖЖС пайда болуымен ғарыштан ЖЖС фотографиялық әдісінің келешегі аз бола бастады.
“Ресурс” көп буынды жүйесінің үшінші сегменті ұшырылатын ғарыш кемелері мен орбиталық станциялар әртүрлі құралдармен ЖҚЗ мақсаттарына белсенді тартылды және тартылуда. Алғашқы ғарыштық фототүсірілімдер, ЖҚЗ әдістері мен штаттық аппаратураны сынау осы тектес ғарыштық аппараттардан жүргізілді. Ұшырылатын ғарыш кемелері мен орбиталық станцияларды пайдаланудың осындай стратегиясы бортта экипаждың болуымен түсіндіріледі.
Бұл көп жоспарлы, жиі өзгеретін ЖҚЗ бағдарламаларын іске асыруға, аспаптарды жөндеу мен сақтандыруды жүзеге асыруға, оларды жаңасына ауыстыруға мүмкіндік береді.
ЖҚЗ ғарыштық ақпаратын өңдеу технологиясы оны Жерге жеткізу әдісіне және түпкі өнімнің талап етілетін түріне байланысты. “Ресурс-Ф” типіндегі және ПРИРОДА модуліндегі ЖҚЗ-дан жеткізілім құлдилайтын аппараттардан экспонатталған фильмдер түрінде, ал “Ресурс-О”, “Океан-О” типіндегі ЖЖС-тан цифрлық нысандағы радиоарналар бойынша жүзеге асырылады. Радиоарналар бойынша алынған ақпарат машиналық қондырғыларда тіркеледі және шолу жасалады. Шолудан кейін бейнелеу каталогталады және қалыпқа келтіріледі, яғни геометриялық және радиометрлік түзету, масштабталады, берілген картографиялық кескінге келтіру жүргізіледі. Осы рәсімдер үшін радиоарналар бойынша бейнеақпараттармен бір уақытта берілетін телеметрлік ақпарат қолданылады. Картографиялық мақсаттар үшін ғарыштық фототүсірістердің материалдары кеңінен пайдаланылады. Алғашқы сатыда, Жерге жеткізілгеннен кейін фильмдерге фотохимиялық өңдеу жүргізіледі.
Бұдан кейін оларға бағалау жүргізіледі, түсірілімдерді пайдалануға жарамдылары каталогқа енгізіледі және көп салалық өңдеу үшін пайдаланылады.
Кешенді салааралық өңдеу алғашқы сатыдағымен қатар, мыналарды қамтиды:

  • ғарыштық түсірістер материалдарын жинақтау мен сақтау;

  • қосалқы жер серіктік сынақтар материалдарын өңдеу мен сақтау;

  • ұтынушыларды хабарландыру және оларды ғарыштық түсірілімдер материалдарымен және фотокарталар, фотожоспарлар түріндегі туынды материалдармен және т.б. жабдықтау;

  • топографиялық карталарды жасау мен жаңарту;

  • ғарыштық фотоақпаратты өңдеудің, оларды түсіндіру

“Ресурс-Ф” типіндегі ЖЖС-дан алынған ғарыштық фототүсірілімдер материалдары олардың жоғары геометриялық және фотометрлік сапаларының арқасында бұрынғы КСРО аумағында табиғаттану және картографиялық міндеттердің көпшілігін шешу кезінде негізгі болды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет