Қашау тас. Көлемі – 27,5х44 см, түсі –қызғыш. Жылқыға салатын ер тәрізді. Қаракөншектен табылған Отырар өңірінен табылған тастан жасалған заттар- қайрақ, диірмен, ұршық бас, ауырпалық. Ауырпалық деген аумен балық ұстаған кезде аудың асты көтеріліп балық өтіп кетпес үшін пайдаланған. Ауыртпалықты тастан қашап жасаған. Ортасын жіп өткізіп ауға бекіту үшін тескен. Қоңыр төбеден 1981 жылы табылған қалам тас диаметрі 3,5х4 см. Қалам тастың бір шетінде тесігі бар. Оны сызу, жазу үшін пайдаланылған.
Қазақтың ұлттық қолөнерінде ағаштан көптеген заттар жасалды. Балташылар, ағаш ұсталары, ершілер, үйшілер ағаш ойып, шыбық өріп талды пайдаланған. Ағаш ұстасы, асадал, кебеже, сөре, тарақ т.б. заттарды жасаған. Ағаш оюшылар оны жалпы күйдіріп, бояп, өрнектеген. Тоқушылар қамыстан, шиден заттар жасаған. Бұл жұмысқа бұтақсыз ақырасы жоқ бүтін ағаштар таңдап алынған. Ағаш шеберлері балта, пышақты, үстірік (сүргі) бұрғы, ағаш түрпісі, тез, қысқы, үскі, қашау, станок сияқты құрылғыларды пайдаланады. Блардан басқа түрлі өлшеуіштер мен үлгілер біз, қырғылар, желім сияқты көмекші құралдар да болады. Ағаштан бұйым жасайтын шеберлер: емен, қайың, самырсын, үйеңкі , қызыл қарағай, шынар, қара ағаш, ырғай, шырғай, тас жарған, мойыл, қайыңның түбірі (безі)сияқтыларды пайдаланды. Бұлардың бірі қатты, бірі жонуға оңай, жылтыр, ал кейбіреулері жарылмайтын, қаңсымайтын болса, енді кейбіреуі иілгіш, жеңіл, су сіңбейтін, біраз бояу сіңгіш, желім ұстағыш болады.
Әрбір істің ерекшелігіне қарай әртүрлі сападағы ағаштар пайдаланылады. Мысалы, қазақ шеберлері әрі жеңіл, әрі жонуға жақсы деп арбаның тас ағашын, кереуеттің басын қайыңнан істейді. Күйменің тарамтастың өрме ағаштарын әрі солқылдақ әрі мықты болады деп үйеңкі мен мойылдан жасаса, найзаның сабын, садақ жебесін, соқа мен арбаның оқтық және т.б. бөлшектерін темірдей берік деп еменнен мал суаратын науаны (астауды )су сіңіп, ісінбейді деп самырсыннан жасайды. Құстың тұғыры, балдағы пышақтың сабы, қасық, шөміш сияқты заттар әрі жеңіл, қызыл көк, ақ түстер аралас иісі жақсы болғандықтан арша ағашынан жасалады. Балтаның, балғаның, қамшының саптары көбінесе ырғай мен шырғай ұмқат ағаштарынан, тобылғыдан істейді. Қазақ үйдің уық керегелерін талдағы қара мойылдан, шаңырағы мен маңдайша табалдырығын қайыңнан істейді. Оюластырып шегелеп өрнектеу емен мен қызыл ағашқа жасалады.
Отырар өңірінен табылған ағаштардың саны көп емес. Ағаштан жасалған бұйымдардың сақталуы қиын болғандықтан аз кездеседі.
Сирек табылған ағаштар ҮІІІ-ІХ ғ.ғ. жатады. Оның ұзындығы 25 см, ені 13 см, қалыңдығы-4,5 см.
Ағаштан жасалған зат арша ағашынан жасалған.
Ағаш қалдықтары Құйрық төбеден табылған. Бетіне әр түрлі өрнектер түсірген-гүл тәрізді, жапырақты өрнектер түсірген. Бұл ағаштар өртенгендіктен қара түске айналған.
Құйрық төбеден табылған арша ағашынан жасалған зат ұзындығы –36см, ені-10,5 см, қалыңдығы- 2 см. Бетін ойып өрнектелген ҮІІІ-ІХ ғ.ғ. тән бұл зат нашар сақталған.
1.4. Отырардың егіншілік мәдениеті
Отырарда егіншілік мәдениеті мықтап дамып, бұл алқапта тары, күріш,жүгері, бидай т.б. азақтық дақылдардан, мақта мен мақсарыдан, асқабақтан, қауын-қарбыздан, жүзім-алмадан, басқа да жеміс-жидектерден жоғары өнім алынған. “Өз шығармаларында заманалық үлкен оқиғаларға да үн қосқан, тарихи тақырыпқа да қалам тартқан ақын”/28/ (Рахманқұл Бердібай ) Сәдуақас Жақашұлының:
Батыс жақта Жалпқтөбе,Отырар,
-Ескі қала тарихтағы аты бар.
Отырардың ордасы екен сол төбе ,
Не жүз мыңдап миллиондаған халқы бар.
Өлі дала, жалпақ жатқан тегісі,
Уақытында болған елдің егісі.
Алпыс екі дақыл түгел егіліп,
Жеткілікті болған түгел жемісі,- деуіне қарағанда Отырар диқандары ирригациялық құрылыс жұмыстарын, өсімдік тану ғылымын жетік меңгерген нағыз ауыл шаруашылық кәсіпкерлері болған.
Ежелгі заманнан бастау алған Отырар суландыру жүйесінің даму тарихы адамзат қоғмының саяси-әлеуметтік, экономикалық дамуына орай бірнеше кезеңдерге бөлінеді.
Археологиялық – топографиялық зерттеулеріне қарағанда жерді қолдан суару әдісі Сырдария мен Арыс өзендерінің жағасында ерте Темір дәуірінен басталады. Бұл дәуірде егісті ызаға еккен (біздің эрмызға дейінгі бір мың жылдықтың ортасы ) . Бұл біздің дәуіріміздің І-ҮІ ғ.ғ. дейін жалғасқан. Ал, ҮІІ-ІХ ғ.ғ. мемлекеттің қалыптасып қала шаруашылығының өркендеуіне байланысты егінді ызаға егу әдісі бірте-бірте тоғандап, байлап, керегінше ағызып ала беруге болатын тасқын суда пайдалану әдісіне және кәрізге ауыса бастаған. Осының негізінде магистралдық каналдар қазылып оның жер бетінен төмен тарамдарына көлден тартылған арықтарға шығырлар орнатылды.
Отырарды осындай механикаландырған магистралды қуатты су жүйесінің болуы осы алқаптағы елдің кәсібінде, егіншіліктің дамуына зор ықпал еткен.
Отырар өркениетінде су жүйелерін құру ісі тікелей мемлекет ықпалында болған. Отырардың ер жүрек әкімі Қайырханның (лақап аты Ягантугди) тұсында ерекше қарқында жүргізілді. Бірақ ХІІІ ғасырдағы монғол шапқыншылығы Қазақстанның оңтүстігіндегі адамзатқа орасан зор пайда келтіріп тұрған атақты Отырар суландыру жүйесін талқандап, бұл өлкеде суармалы егіншіліктің дамуын тежеп, оның мүлдем құлдырауына әкеп соқты. Әйтсе де ХІІІ ғасырдың 40 жылдарынан бастап монғол империясының мүлделілігінен, бір жағы Отырар дихандарының азаткерлік еңбекқорлығының арқасында бұрынғы бұзылған су жүйелері қайта қалпына келтіріліп егіншілік қайта жандана бастайды.
Монғол империясының саяси-әлеуметтік әсері әлсіреп, ұлттың, мемлекеттің саяси-әлеуметтік құрылымдық белгілері айқындала бастаған тұста ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. Отырар суландыру жүйесін ерекше дамиды. Қазіргі Шәуілдір қыстағының оңтүстік-шығыс жағындағы ұзындығы 40 шақырым, секундына 5-7 текше метр су жіберетін атақты Темірарық осы кезеңдерде қазылса керек .
Қазақ хандығының қалыптасу тарихында маңызды роль атқарған Отырар суландыру жүйесі ХҮШ ғасырдың басында өмір сүруден қала бастайды. Мұның себебі; біріншіден Орта Азия билеп-төстеушілерінің Сыр бойы үшін толастамаған шабуылдары мен жоңғар шапқыншылығының зардабы болса, екіншіден өзара ішкі қырғи қабақтың салдары болды.
Отырар алқабына 1762 жылы П.И.Рычков келгенде Отырарда егіншілікпен айналысып отырған 40 үй ғана бар екен/29/ (В.А.Грошев). Бұлар қалмақтардан бас сауғалай Самарханға, қашқындардың тоғай, құм паналап, тығылып қашып, кейін ес жиған соң туған қаласына қайта келгендер еді. Бұлар кейін Шілікке, Түркістан мен Шымкентке көшіп кетіп, әлемге белгілі Отырар қаласы құм басқан Отырартөбеге айналып, оман-арықтары көміліп, олардың сілемі ғана қалды. Сөйтіп қазақ мемлекеттігінің қалыптасуына зор ықпал етіп Орта Азиядағы ондаған қалаларды, қуатты армияны азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрған Отырар суландыру жүйесі-егіншілігі жойылды. Әйтсе де отаршылдықтың, саяси экономикалық ойранына ұшыраған бұл өлкеде ел қамын ойлаған есті азаматтар әр кезде де Ежелгі Отырар суландыру жүйесінің ізімен канал қаздырып, оған су шығарып, егіс егіп, елді диқаншылыққа жұмылдырып ашаршылық апатынан арашалап қалып отырған. Солардың бірі ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақтың белгілі ақыны Майлықожа Сұлтанқожаұлы еді.
“Ғылым” баспасынан 1983 жылдың соңында жарыққа шыққан ғалым Әсілхан Оспанұлының “Қаратау атырабының ақындары” атты үлкен монографиясында “Ақынның өмірбаяны, ақындық қызметі туралы, ел адамдары айтқан жеке оқиғалар, аңыз-әңгімелер аз емес. Елдің берік бірлігін насихаттаумен бірге, күнделікті тұрмыс-тіршілік қамын тиімді ұйымдастыруды қарастыру арлы, абыройлы еңбекқор, табанды адам тәрбиелеу – Майлықожа өмірінің бар мақсат, биік арман-мұраты іспетті. Сырдария өзенінің ернеуін жырып, алдын тоғандай тосқауыл жасап, арық тарттырғаны, сол арық бойымен жағадағы ауыл жанына су ағызып, талай жерді суландырғаны, сөйтіп бір жағынан диқаншылықпен шұғылданғаны да мәлім. Ақын қаздырған арық-атыз бүгінгі Шардара ауданына қарасты “Сүткент” совхозының өзеннен өтер өткелі тұрған жер – Қызылжарда осы күнге дейін сақталған”- деп жазды. Осы дерек бойынша Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің бөлім меңгерушісі А.Жұмашевтің ұйымдастыруымен 1984 жылдың шілде айында Қазақ ССР ғылым академиясының Оңтүстік Қазақстандағы кешенді археологиялық экспедициясымен бірлесе отырып, ақынның Қызылжардағы мекен-жайына археологиялық топографиялық зерттеулер жүргізілді. Экспедицияға көлік пен қаржы жағына көмектескен әдебиетші, жазушы Әдіһам Шілдерханов болды. Зерттеулерге қарағанда мұнда ХІХ ғасырда Сырдариядан басталып Қызылжардың етегімен Қожатоғай ауылының солтүстік-батыс жағындағы Саяқ тоғайына дейін канал қазылып , онымен талай жер суландырылып, егіс егілгені анықталды.
Майлықожадай ел шайырлары бас болып жоғарыдағыдай диқаншылықпен игілікті іс тындырғанымен отаршыл мемлекеттің зәредей де көмегі болмай, жалпақ елдің шаруашылығы күйзеліп, ақыры бұл өлкеде 1916-1917 ж.ж. үлкен аштық алапаты болып өтті. Бұл кез Майлықожа мен Құлыншақтың өмірден өтіп, Молда Мұса мен Ергөбектің, Қызыл жыраудың тас жетімдей күй кешіп жатқан шақтары еді. Осы аштықта аштықтан екі жарылып есі танған елмен бірге Жанкелді жайлаған Ергөбек ақын:
Артымда аштық қаҺары- деп Ташкент жағына кетсе, Маяқұмда жайдаған Қывзыл жырау:
Бақтияр бұл да тозды өрде жатқан,
Мамырлап қаз-үйрегі көлде жатқан.
Әулие ата , Шақпақ пен Піспек, Тоқпақ,
Ақ Жайық берекелі жерде жатқан.
Ақ мешіт бұл да тозды Қазалымен
Сары, ноғай, мұжық-орыс, қазағымен.
Мың-дағы жылан жылы төмен кеттім,
Тек жүрмей ол жақта да өлеңдеттім,- деп Қазалы, Арал, Ақтөбе жағына кетеді. Олар жай кеткен жоқ, аштық сұмдығын елмен бірге көріп, аштық эпопеясын жазып кетті. Оман-арық қазып, оған су шығарып, егін екпей, мемлекет оған көмектеспей ашаршылық апатынан адамзаттың құтыла алмасын меңзеп кетті. Қызыл Жырау 1917 жылы сөйтіп төмен кетті.
ХХ ғасырда ежелгі Отырар суландыру жүйесін қайта құру әрекеті 1914 жылдан басталады. Оны алғаш қолға алған Шілік болыстығының азаматтары болатын. Олар Сырдария губерниясының губернаторынан Арыцс өзенін бөгеп , су шығарып, егіс егу үшін ақша қаражатын сұраған. Бұл келе жатқан 1916-1917 жылғы үлкен аштықтың алдын алудың бірден бір мүмкін жолы еді. Бірақ патша чиновниктері бұл ирригациялық құрылыс ісіне біршама көңіл бөлгенімен, олар оның іздестіру-зерттеу, схемаға түсіру жұмыстарынан әрі аса алмады.
Кеңес үкіметі орнағаннан кейін бұл өлкедегі егіншілікті дамытудың бірден-бір кепілі – Отырар суландыру жүйесін қайта құру екендігі туралы. Бірінші рет баспасөзде пікір айтқан жерлесіміз, Өзбекстан мен Қазақстанда Су шаруашылығы министрі болған Дүйсенқұл Сарқұлов еді.
Орта Азия ирригация тарихынан мол хабары бар, ауыл шаруашылығының ірі маманы Д.Сарқұлов сол кездегі “Ақ жол”, “Еңбекші қазақ ” газеттерінде Орта ғасырдағы Отырар суландыру жүйесінің ізімен Арыс өзенін тоғандап, егістікке су шығару жөнінде мемлекеттің назарын аударарлық ел арман тілегін білдіретін заманалық ой пікірін айтты.
1926-1927 жылдары ел тарапынан тағы да талпыныс жасалып, Темір станциясынан шыққан Нарбеков Қамбарбек, Маябасов Сәдібек деген азаматтар халықтан қаржы жинап, “Су серіктігін” құрып, жер маманын (землемер) шақыртып, Арысты бөгер су шығаруға әрекеттенеді. Бірақ қаржы тапшылығы, мемлекет тарапынан қолдау көмектің болмауы, талантты ұйымдастырушының жоқтығы бұл жұмыстың да нәтижесіз болуына әкеп соқты.
Ел ішінде елес боп кезген осындай ой-ағымдардың , іс-әрекеттердің тоғысы Кңес үкіметінің ұжымдастыру саясатымен дөп келіп, Қазақ АССР Су шаруашылығы басқармасын ежелгі Отырар суландыру жүйесінің ең тиімді саласын айқындау, белгілеу мақсатымен 1928-1929 жылдары ирригациялық ғылыми экспедиция жіберді. Осы экспедицияның ғылыми – зерттеу, сараптау жұмыстарының негізінде Дүйсенбай Алтынбековтың талабымен 1930 жылы 1 қарашада Қазақ АССР Су шаруашылығы басқармасы техникалық Кеңесінің ұйғарымы бойынша Отырар-Шәуілдір суландыру жүйесінің техникалық жобасы бекітілді.
Жоба бойынша Арыс өзенінен уақытша және түпкілікті плотина салынып, екі магистралды канал және оның бірнеше кіші тармақтары қазылып, онымен 3100 гектар егістік, 3700 гектар шабындық суландырылуы тиіс болды. Бірақ бұл жоба ә дегенде жаз айларында , су қары азайғанда, бір мың гектардан артық жерді суландыра алмайды, тиімділігі аз деген ғылыми негізсіз себептермен қысқартылып тасталады.
Әлшері Смайылов, Мөлке Шойманов, Жүніс Сәрсенбаев, Амантай Қуанышбаев, Арқабай Құрманбаев т.б. ел азаматтары ақылдаса келе бұл ұжымдық басшылыққа, бір жарыса сонау Торғай облысының бір ауданында прокурор болып істеп жүрген осы ауылдың азаматы Алтынбеков Дүйсенбай жарар деген байламға келген. Сөйтіп көп ел атынан Тұрғанбай Бозшабаев түсті. Қазақстан облысының атқару комитетіне тікелей Дүйсенбайдың өз атына ұсыныс жазып. Дүйсенбайды осында шақыртады. Бұл істе Тұрекеңе көп саясатта ақылшы боп, көмек берген Түркістан аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі Отырардың аяулы азаматтарының бірі Мөлке Шойманов болып еді. Бұл кісі кейін де Шәуілдірдегі канал қазу ісімен тығыз байланыста боп, Дүйсенбайға талай ақыл-кеңес беріп, 1930 жылы 7 қарашада ежелгі Отырар суландыру жүйесін қайта құруға – Шәуілдір канал құрылысын бастауға арналған (қазіргі Дүйсенбай каналының сағасы) салтанатты митингіде партия комитетінің атынан жалында сөз сөйлеп, тарихи аймақтағы тарихи істі те…… бастап, тез аяқтауға өз жерлестерін үндеген.
Сол митингіде аяулы Мөлке бұл алда келе жатқан ашаршылық апатының алдын алудың бірден-бір жолы екенін де ашық айтқан. Айтса айтқандай 1932 жылы Қазақстанда саяси-экономикалық асыра сілтеудің кесіріне ашаршылық басталды. Ашаршылық зобалаңынан Ақтөбе, Қарағанды , Қарсақбай жағының елі осы өлкеге ауғанда, Отырар суландыру жүйесінің бір тармағын қалпына келтіріп, егіс егіп үлгерген Отырар елі аштық апатынан аман қалып, қайта аштыққа ұшыраған босқындарға көмек берген.
Ертеректе, Байылдыр ауылында Жібек, Қатша деген ардагер әжелеріміз өткен екен. Сол кісілер айтты деген қасіретті жылдардың кей оқиғалары елдің есінде сақталып қалыпты. Бірде ішінде Жібек, Қатша жежелеріміз де бар колхозшылар Байылдырдың солтүстік батыс жағында мақта шауып жатады. Мезгіл таңертең болса керек. Көз ұшында Түркістан жақта тұрып жығылғандай бейне қимылды екі қарайған көрінеді. Олар түс әлетінде ғана бұларға жетіп жығылады. Бейшаралар аштықтан әбден ісіп-кеуіп, әлсіреген жігіт пен келіншек екен. Оларды көрген жұрт мұнда жастықтың күшімен жеткен ғой деседі. Бригадир тез ат арба алдырып, аштарды соған мінгізіп, қасына бір колхозшы әйелді қосып, поселкеге тамақтандыруға жібереді. Әйел үйіне барған соң асығыс- атала- быламық пісіріп, екеуіне береді де, қалғанын қазанда қалдырып, шабыққа қайтып кетеді. Кешке келсе, жігіт пен келіншек қазанда қалған быламықтың қалғанын тоя ішіп, ашөзегіне түсіп тамның көлеңкесінде өліп қапты.
Шәуілдір қыстағынд тұратын байырғы ардагер ұстаз Келдебек Жабатаев ағайдың айтуынша сол қасіретті отызыншы жылдары Қызыл Түркістан колхозының мақташылары аштықтан өліп қалған балалы әйелді тауып алады. Емізулі баланың әлі жаны бар екен Анасы аштықтан емшегінен сүт шықпаған соң үш-төрт бидай дәнін жаулығының ұшына түйіп, баласының аузына салып, сорғызып кеткен. Бейшара бала бидайдың нәрімен аман қалған.
Еңбек ардагері Төлеген Әлиев ағай былай дейді: белгілі революционер Әліби Жанкелдин сол жылдары аштыққа ұшыраған бір ауыл туыстарын сонау Орталық Қазақстаннан осында, қазіргі Ескі Шілік маңындағы Қаратөбе деген жерге көшіртіп әкеліп, колхоз ұйымдастырып, мақта еккізіп,ашаршылықтан аман алып қалған.
Міне осындай алапат аштық апатының алдында ел қамын ойлаған азамат Тұрғанбай Бозшабаевтың көп тілегінен туған шақырту хатын алған, Торғайда 1929 жылы контрреволюция бүлігі кезінде бұзылған Советтік заңдылықпен тәртіпті қайта орнатуға Республика прокуратурасы тарапынан жіберілген тәжірибелі прокурор, ержүрек табанды заң қызметкері Дүйсенбай Алтынбеков ондағы жұмысы орныққан соң екі жылдық демалысын алып, хатта айтылған елдегі болып жатқан жағдаймен танысу үшін туған жерге келеді. Бұл 1930 жылдың шілде айы болатын.
Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығының негізгі салалары егіншілік болды. Егіншілік Сырдария, Келес, Шу, Арыс өзендерінің бойларында, Қаратау бөктерінде дамиды.
Оңтүстік Қазақстан облысының қазақтары өздері өсіретін барлық дақылдарды “ақ егіс” және “көк егіс” деп екіге бөлетін Ақ егіске- бидай, арпа және тары жатса, көк егіске түрлі бақша көктері мен жүгері жатады. Жерде “жер ағашпен” жыртатын жер ағаш екі түрлі болып істелетін. Бұл үшін кейде онша жуан емес айыр бұтақты қарағашты кесіп алады да түп жағын айыр жеріне жақындатып кесіп, бұтақтың біреуін оқтық есебінде қалдырады да екіншісін жарты метрдей етіп қысқартып кесіп, ұшын сүйрелейтін кесілген бұтақтың ұшына шойын немесе темір тістер кигізген. Бұдан соң тұтас жасалған оқтық пен жер ағаштың төменгі ұшының үстіндегі жағынан кейін көлбете сап орнатады да оның ең жоғарғы ұшын көлденең тесіп тұтқа өткізеді.
Жазба деректерде жазылғандармен қоса археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған заттарды, ыдыстарды салыстыру арқылы Отырардың егіншілік мәдениеті туралы анықтауға мүмкіндік туды.
Дәнді сақтайтын шұңқырдың, балшықтан жасалған хұмдардың табылуы егін шаруашылығының дамығанын көрсетеді./30/
Археологиялық қазба жұмыстары барысында жерді қолдан суару әдісінің белгілі мөлшері болды. Олар қарапайым түрде қолданылды.
Отырар өңіріндегі мекендеген ертедегі диқандардың шаруашылығын, мәдени өмірін зерттеу арқылы егіншілік мәдениетінің дамығандығын, қала мәдениетінің көтерілуіне отырықшылық өмір себеп болғаны белгілі болды.
Егін еккенде пайдаланатын құрал ерте темір дәуірінен белгілі ол-жер ағаш болған.
Жер жыртуға арналған құрал-сайманнан ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғасырдың басында кеңінен тарағаны сабан болған./31/ (дөңгелекті соқаның жергілікті түрі) Оңтүстік Қазақстанда ат сабан деп атаған. Сабанның діңгегі, қос дөңгелекті білігі, малды жегетін оқтықпен байланыстырып тұратын белағашы болған.
Егіншілікпен айналысатын жерлерде кетпен, күрек, орақ кеңінен пайдаланылған.
Отырар өңірінде ертеден темір дәуірінен бастап егіншілікпен айналысып отырықшы өмір сүргені туралы археологиялық қазба байлықтары темірден жасалған б.д. ІІ ғ. тән тастан жасалған дән үгіткіш дәлел бола алады. Сондай-ақ Ү-ҮІ ғ.ғ. тән мақта, бидайдың күйген қалдықтары ҮІІ-ІХ ғ. тән су құбырларын қалдықтары Отырар өңірінде егіншщілік мәдениетінің жоғары болғанын көрсетеді. Б.д. ІХ-ХҮ ғ.ғ. тән астық сақтайтын хұмдардың қалдықтары да бұған дәлел бола алады. Демек Отырар отырықшы мәдениетінің бірден-бір ошағы деп айта аламыз.
1.5. Отырардағы тұрғын үй құрылыстары
Отырар өңірінде отырықшы мәдениет пен көшпелі мәдениет қатар дамығандықтан тұрғын үйдің жылжымалы және тұрақты түрлері қатар дами берген. Отырар өңіріндегі тұрғын үйлердің қандай үлгіде болғанын археологиялық қазба жұмыстары мен жазба деректер дәлелдей түседі.
ҮІІ-ҮІІІ ғ.ғ. алғашқы жартысындағы тұрғын үйлер Құйрықтөбе қаласының орнын қазу жұмыстарынан мәлім.
Көлемі 63,8 шаршы метр болатын бір бөлмелі үй аршылды. Оған деңгейі еденнен жоғары сырттан кіретіндіктен кіре берісі жалпақ рандус түрінде жасалынған. Есік қуысында есік пен табалдырықтың жақтауы сақталып қалған. Бөлменің үш жағына биіктігі 0,4 м-дей сәкілер салынған. Оңтүстік және батыс қабырғалары жағындағысы 0,7 м. Екі бөлмелі үйлердің қосымша бөлмелері болған.
Көкмардандағы табылған үйлердің де қосымша бөлмесі болған, онда астық сақтайтын болған.
Археологиялық қазба жұмыстары барысынан белгілі болған ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. тән үйлердің көлемі 20 – 30 кв.м. Бөлмелері төрт немесе бес бөлмелі, төрт қабырғасы бірдей, квадратты болып келген. Екі бөлмелі болып келген үйлердің бір бөлмесі кішілеу, ал екіншісінде тандыр бар. Үйлердегі тандыр түтіні еден асты арқылы кеткен. Төрт бөлмелі үйлердің 2 бөлмесі шеберхана болған, ал екі бөлмесі күнделікті пайдаланатын бөлме болған және де үлкен дәлізі болған.
ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. тұрғын үйлердің барлығы тандыр арқылы жылытылды. Екі немесе үш бөлмелі үйлердің көлемі 80-100 кв.м көк секциялы үйде 300 кв.м. Шағын аулалары бір үйлердің есіктерімен жалғастырыла салынған үйлері болған. Баспаналардың шағын аулалары болған.
Екінші түрлі үйлер шаршы пішінді болып келген, крест тәрізді төрт бөлікті болып келгені де бар. Екі бөлмелі үйлердің бір тандыр және екі тандыр бары да кездеседі.
Тұрғын жайдың ішкі көрінісінде өзгерістер болғаны қабырғаны қудалай салынатын жіңішке сәкі - суфа жайдың көп бөлігін алып жататын жалпақ суфаға орын берген./32/ Бөлмелерде орналасқан тандыр әрі ошаққа айналған, өйткені оты төмен қарай жанған, түтіні жайдың едені астын аралап шыққан.
ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. тұрғын үйлердің 2 түрі белгілі болды. Біріншісіне жайлары қаз-қатар немесе бір белдік бойымен орналасқан үйлер жатады. Екінші түрі 4 бөлме кейпінде сипатталады.
Барлық үйлерде азық-түлік қоймасы болған. Оларда астық ұн келтіретін жеміс пен жүзім сақталатын, саз жәшік қойылған, кей үйлерде жертөрелер болған. Кей үйлердің аулалары біріктірілген, біріне ортақ шыға берісі болған.
Қала тұрғындары дәулетіне қарай, әлеуметтік топтарына қарай бөлініп тұрды. Бұлар үйлерді салыстырғанда байқалды. Бай кварталдағы үйлердің бөлмелері үлкен болып келді. Қабырғалары қалың мықты тұрғын үйлердің қасында жеміс пен астық сақтайтын қоймалары бар. Кварталдарда ерекше сәнділігімен ерекшеленіп тұратын бай үйлер бар. Едендері күйдірілген кірпіштен қаланған бұлар ХҮІ-ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ. тән.
Этнографтар ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. Орта Азия мен Қазақстанда жеке семьялардың үстемдік еткенін, әр ауданда әр түрлі орта есеппен әр семьяда 57 адамнан болғанын есептеді./33/ Бір кварталда 30-50, тіпті 70 ке дейін адам тұрған. Қаланың 200000 метр жерінің 150000 шаршы метрін тұрғын үйлер алып жатты.
Отырардың 90 кварталында 4500-6300 тұрғын болған деген қорытындыға келеміз.
Орталық Азияның батыс бөлігінде орналасқан Отырарда отырықшы мәдениет пен көшпелі мәдениет қатар дамыды.
Қазақта тұрғын үйдің түрлері осыдан 3 мың жыл бұрын пайда болған. Үйлер арба үстіне орнатылған. Ол жайында Гильон де Губрук, Әбу Абдаллах ибн Баттута, Фазаллах ибн Рузбихан Антони Джениксон секілді шетелдік авторлардың жазып қалдырған.
Арба үстіндегі “Доңғалақты үй” ағаш кеспектерінен құрастырылған бұтақтармен шабақталып, сөйтіп ақ киізбен қапталады. Бұл арбаларда 22 өгіз жегілген екен. Үйлердің төбелері биік болған.
Көшпелі өмірде қолданатын баспана киіз үй болса отырықшы өмірде қоржын үй болған. Бұл тұрғын үйлердің ең алғашқы түрлеріне тоқталатын болсам, киізбен жабылатын бспананың ең алғашқы түрлерінің бірі-қос. Сырты жонылып тәртіпке келтірілген, ұштарында басын қосып байланыстыратын қайыс, жіп өткізетін арнайы тесіктері бар 2,5-3 метрдей сызықтардан құрастырылатын болған./34/ Сырықтары бір-біріне байластырып, араларын ашып немесе ішікпен жауып, іргесін бес арқанмен бастырған. Қос көшіп қонуға өте ыңғайлы болған. Кейінірек қосты көшіп қонғанда қосымша қазан-ошақ, ыдыс-аяқ қоятын астық сақтайтын, құрт,ірімшік, қайнататын орын ретінде пайдаланған. Тұрғын үйдің бұл түрі ХХ ғ. Басында қолданудан шығып кеткен.
Қостан кейінгі тұрғын жайдың ең көне нұсқасы- күрке болған. Бұл тұрғын үй көшіп қонуға өте ыңғайлы болған, үш қанат кереге арқылы уықтардың басын қабыстыра салатын болған, сырты киізбен жабылатын болған.
Тұрғын үй жайлы ең көп зерттеген Ө.Жәнібеков болды. Оның зерттеу бойынша қостан кейінгі шаңырақ, пайда болған үйдің түрі Абылайша деп аталады. Мұның бастапқы аты белгісіз .
Көпшілік жұрт қостың бұл түрінің пайда болуын жоңғарларға қарсы бүкіл халықтық қозғалысқа басшылық етіп, талай-талай шайқастарда көзсіз ерлік көрсетіп, ел арасында үлкен абыройға ие болған. Абылай ханның (1711-1781 ж.ж.) есімімен байланыстырады./35/ Шаңырағы кішкене үш қанатты киіз үй кейіпінде болған. Сырты киізбен жабылып, ағаштан жасалған есігі болған.
Сыр өңірінде көшпелі және отырықшы мәдениет қатар дамыды. Сондықтан киіз үй ежелден көшпелі өмірге ыңғайлы жылжымалы үй болды. Дешті – қыпшық киіз үйі жайлы ХҮІ ғ. Рүзбехан былай деп жазады; “Мен оның киіз үй жайлы білмеген едім, мен оны алғаш рет Яссы (Түркістан) қаласынан көрдім. Мен оның құрылысына тәнті болдым, себебі кейбір киіз үйлер әр түрлі жіптермен безендіріліп арбаларда орналасқаны да болды. Сұлтандар мен әміршілердің үйлерінің жанына шатырлар тігілді, әсемдік пен шеберліктен басың айналады”/36/- деп Шайбани ханның Түркістанға жасаған жорығына қатысушыларды еске алу.
Деректер мен материалдардағы Қазақстанның өткен тарихы сб І, А. 1935 г. Тұрмысы төмен адамдардың туырлық үй деген төрт қанатты уықтары кішігірім шаңыраққа қадалатын туырлықтарымен жабылатын үйі болған.
Сырты ақ киізбен жабылатындықтан “Ақ үй ” деп аталатын биіктігі 135-140 см 15 басты алып қанаты керегеден, күмбезін құрайтын ұзындығы 240-250 см-дей 80-90 уықтан, диаметрі 180-190 см. шаңырақтан, маңдайша табалдырыққа бекітілген қос қанатты ағаш есіктен құрастырылады.
Сырты қоңыр киізбен жабылатындықтан қараүй немесе қараша деп аталған. Бұл үй Ақүймен қатар тігіліп, Асхана ретінде пайдаланатын болған, көлемі кішілеу және аласалау болды.
Отау үй деген алты қанат ақ үйдің кішірейтілген түрі. Мұндай үйді қалыңдыққа ұрын барған үміті алда күйеу жігітке, жаңадан от басын құраған жастарға арнап тігілетін үй.
ХҮІІІ ғ. Бастап киіз үй көптеген географ, саяхатшылардың еңбектерінде жазылды.
Киіз үйдің құрылысы мен жабдықтары туралы О.Пемель, М.П.Балька, Б.С. Палиое, М.Георги, Ч.Ч.Валиханов, Б.Залесский, Б.А.Федченко, А.И. Якоби, Медведский, В.В.Лотин, Б.Е.Маковедский, А.М.Харузина, А.К. Гейне еңбектерінде жазылған. Үлкен киіз үйдің 12,15,18 қанаты болған. Бұлар ХІІІ ғ.- ХІХ ғ.ғ. дейін (1-ші жартысында) болды. Ал ХІХ ғ. 2-ші жартысынан бастап істен шықты.
Киіз үйдің кереге, уықтары көбінесе өзен жағасында өсетін әр түрлі талдан жасалатын болған. Оған сәмбі тал, көк тал, қара тал, боз тал, құба тал сияқты түрлері пайдаланылады. Ірі байлар, билер, киіз үй сүйегін қайыңнан жасайтын болған. Қайыңнан жасайтын болған. Қайыңнан жасалған үйлердің көлемі үлкен және салмақты болған.
Киіз үй сүйегіне жарайтын ағашты, үйшілердің өздері өте ерте көктемнен бастап әзірлейді, бір жыл бұрын немесе бес ай бұрын оны көлеңкеде кептіреді. Шаңырақты қайың ағаштан жасаған, ол ұзын болады және бұтақсыз блады. Ағаштың қабығын сыдырып қоятын болған, себебі дер кезінде сыдырылмаса, біріншіден ол кеппейді, екіншіден шіри бастайды. Әбден кепкен үй ағашын үйшілер “Қақсал кепкен ағаш” дейді және ол жоғары бағаланады./37/
Киіз үйдің ең көп тараған түрі алты қанат үй.
Х.Арғынбаевтың деректеріне қарасақ киіз үйдің қанат саны 6 дан асса керегелі тор көзденіп келеді, ал 4-6 аралығы жол көз керегелер болады. Бай дәулетті адамдардың үйі тор көз керегелі болған.
Кереге мен шаңырақ арасын біріктіріп, киіз үйдің төбесін шығарып тұратын иінді ұзын ағаштарды уық деп атайды. Киіз үйдің маңдайшасына 6 уық байланады, 6 қанат киіз үйдің уығының ұзындығы 15-16 қарысқа дейін барады. Уықтың ағашы мықты болу керек. Уық басу үшін оны қозға салып түзетеді. Содан кейін сыртын жонып тазалап, өңдеген. Уық иінін тезге басып иеді де, тықыр жерге белгілі тәртіп бойынша қағылған қалып қазықтар арасына қыстыра береді. Мұндай қалыптың болуы үйшінің уық біркелкілігін сақтай отырып, жылдам істеуін қамтамасыз етумен бірге, жаңа иілген уық иінінің қатпай жатып жазылыңқырап кетуіне мүмкіндік бермейді./38/
Шаңырақ киіз үйдің төбесін шығарып тұратын шеңбер төбе жағы жарық түсіп тұратын түндік деп аталады. Сол арқылы ошақтың түтіні жоғары қарай шығады. Егер жайсыз ауа райы болса киіз үйдің бір бұрышы арқылы әліппен тартып жауып қойған. Шаңырақты қайың кесіндісінен немесе қараталдан жасаған. Шаңырақ ағашын алдын ала дайындап, сыртқы қабығын сыдырып, көлеңкеде кептіреді. Ел арасында жиі кездесетіні шаңырақ 1,8 м немесе 2 м. Шеңберінің ұзындығы 3-5 м, шаңырақ ағашының сыртын тегістеп, жауып, құрым киізге орап дымқыл жерге көмеді. 10 тәуліктен соң өз бойына дымқыл жинап, ылғал артып үлгерген кезде оны қазып алады. Үстіне себілген су бойына сіңген кезде (оны қазып алады) дайын қозға көмеді. Қозда 1,5 сағат жатып әбден жібітіп шаңырақ ағашын арнайы қалыпқа салып иеді. Шаңырақ диаметріне сай етіп жер бетіне дөңгелетіп кірпіш қалап қатырып қояды. Шаңырақ қалпын –“байым” дейді. Біркелкі болу үшін уық қаламындай етіп соғылған қалам-темір “не көзеу” деп аталатын аспапты отқа әбден қыздырып алып, шаңырақ көздерін күйдіріп жөндейді. Бұл күйдіру жұмысын көзеу деп атайды. Дәулетті адамдардың шаңырағының бөлшектерінің көрінетін жақтары өрнектеледі- геометриялық, символдық, өсімдік тәрізді зооморфтық мативтер элементтерінен тұрады. Қобы – деген құрал арқылы шаңыраққа өрнек жүргізіледі. Байлар шаңырақты сүйектеген және күмістеген киіз үйдің есігі сықырлауық деп аталады. Оның есігі екі ашпалы болды. Маңдайшадан, табалдырықтан екі босағадан тұрады.
Босағасы жіңішкеріліп әсемделіп өрнектелген және сүйектеліп безендіріледі. Кейде бәсекелес төрелер мен байлар киіз үй есіктерінің ішкі жағын түгелдей әр түрлі өрнекті сүйек , күміс әшекей және түрлі түсті асыл тастармен де сәндейтін болған./39/ Ашпалы есіктің сыртқы жақтары өрнектеліп, сырланған өрнектері қашалып, өрнек айқындала түседі. Өрнектері өсімдік, символдық , зооморфтық болып бөлінеді. Киіз үй есіктерінің барлығында өрнек болмайды. Түнде киіз есікпен жапқан. Ол түрлі түсті жіптермен тігіліп, безендірілген. /40/
Сықырлауық есіктерінің шегесіз біріктірілуі көшіп-қонғанда қолайлы болған. Киіз үй есігінің биіктігі 170-175 см, ені 120-122 см. Маңдайшаның ені 10-12 см, екі босаға мен табалдырық ендері 7-8 см. Есікті ашып жапқанда сықырлаған дыбыс шығатындықтан сықырлауық деп аталады.
Киіз үй жасайтын адамды үйші деп айтамыз. Үйшінің жабдықтары тез,сықаурын, жонғы, қуыс жонғы, балта қашау, қол ара,ою пышақ, үскі блып табылады. Кереге, уық, шаңырақты жасау үшін қарапайым қалып пен кепкен ағашты жібітуге арналған қоз, мор, обын деп аталатын ыстық пеш болады. Осы аталған керекті жабдықтарды өздері жасап алатын болған. Киіз үйдің ағаштарын жасайтын ең басты құралдың бірі – тез деп аталады. Тезді – сүйегі ауыр, тығыз, жарыла қоймайтын қарағаш, қайың, жиде ағшынан жасаған. (ұзындығы 80-100 км) Тез ағашын қатар өскен екі ағашын таңдайтын болған. Тез басуды түрегеп тұрып жасаған. Сықаурын әбден кепкен ұзындығы –1,5 м қайыңнан жасалады. Қисық ағаштарды түзулеп, түзу ағашты иеді. Кепкен үй ағашын тезге салып түзету үшін алдымен от қызуына қақтап, балқытып алу керек. Қоз салу дегеніміз жағылған оттың қозына жібітеді. Қоз жасау үшін тез жанына қой немесе түйе құмалақтарын жағып, күлін орнында қалдырады. Ертең күлдің үстіне тағы от жағып кебе қоймаған дымқыл құмалақ, тезек қалап, лапылдатып жандырмай бықсытып қояды, от астындағы күлге су бүркілген ағаштарды сұғып, 20-30 минуттан соң суырып алып, тезге салып өңдей бастайды. Қозды құмнан да жасай береді, ол үшін тездің жанына көп қылып құм үйеді. Оны біраз жаймалап, үстіне қи жағады. Құм қызған уақытта үй ағаштарын балқытып,жібітетін қоз болып шыға келеді. Темірден соғатын жоңғы деген құралды ағаштың кем кетістігін тегістеу үшін қолданылады. Сабы ағаштан жасалып, жүзі өткір болады. Мұның түзу жонғы, қуыс, ойыс жонғы, тісті немесе ыру жонғы деп аталатын түрлері болады./41/ Үскі кереге желісінің көк өткізетін көздерін және уық алақандарындағы уық бау өткізетін көзді тесу үшін арнайы жасалған құрал. Үскінің бірнеше түрі болған. Ең көп тараған түрі – араларын 20-25 см етіп жерге қағылатын 2 қазықтың бас жағында бір-біріне қарама-қарсы тесіктері болатын, оған темір үскі орнатылатын түрі./42/ Үскінің жұмырланған ағаш бөлігінің өн бойында ұсақ кертпектер жасап қояды. Кертпектер үскінің нық және жылдам айналуына себін тигізді. Өйткені үскіні айналдыратын ұзын қайыс бау осы ағаш бөлікшеден 23 рет шалынып алынады да, 2 ұшына бір кісі екі қолымен кезек тартып отырады,сонда үскі айналады. Ал үйші айналып тұрған үскіге кереге шыбықтарын тосып, оның алдын-ала белгіленген көк өткізетін көздерін лезде тесіп шығады.
Киіз үйдің жабдықтары. Киіз үйдің төрінде түрлі-түсті жібектермен кестеленген тұс киіз, төселген оюлы сырмақ, текемет, кілемдермен қатар ерекше көзге түсетін жабдықтар бар. Ақ басқұр және ала басқұр деген болады. Оны киіз үйдің сәндік үшін пайдаланатын болған. Ақ басқұр ақ түсті жіптен қақпа алаша тоқылу әдісімен тоқылған өрмек үстіне түкті кілем тоқу мәнерімен өрнектеледі. Ақ түске қызыл,сары, көк, жасыл жіптермен термелеп өрнектер салады. Ала басқұр киіз үйдің керегесі мен уығының біріккен жерін жасырады. Басқұр терме алаша секілді тоқылады. Ұзындығы 8-15 м, ені 25-40 см. Киіз үйге әсемдік үшін тағылатын әр түрлі баулар болған, жел бау, бас бау, иін бау, аяқ бау, уық бау, уық шалғыш бау.
Жел бау киіз үйдің шаңырағын қатты жел аударып кетпес үшін шаңырақтың күлдіреуіш ағашынан төмен тартып бастыруға пайдаланатын шашақты бау. Бас бау туырлық үзіктің жүннен есіп жасаған жоғарғы баулары. Иін бау киіз есіктің 2 жақ иінінде ілінетін өрнектеп тоқылған құр бауы. Аяқ бау киіз үй ішінде сәндік үшін уықтың иінінен төрт жерден байланатын шашақталып жасалған бау. Уық бау керегенің бастарына уықтың аяғын бекітетін бау. Уық шалғыш бау уықтардың арасынан қашыртпау үшін уықтың иілген иығынан таңып байланатын бау.
Таңғыш екі керегенің қанатының қосылған жерінің жігін біріктіріп байлайтын термелеп тоқылған жіңішке құр. Сондай-ақ киіз үйдің жабдықтарына қоржындар, аяққап, сандыққап, қолдорбалар, жүк жапқыштар, киіз үйдің сәнділігіне ажар береді. Әбдіре жапқыш ақ киізден ою-өрнекті жиектеп салып кестелеп тоқылады. Сандықтың бояуы мен ою-өрнегін сақтау үшін пайдаланады. Желіні киізден жасаған, түкті, түксіз алашалар қырынан жасалады. Көлемі 50х100 см. Екі жанына шашақтар салынады. Түбіне кесте тігіледі. Жағ жағына өрілген 2 бауы болады. Осы баумен киіз үйдің керегесіне байлап қояды желіні жұмсақ заттар, кілемшелер , киімдер салуға пайдаланады. Қоржынға зат салған немесе тамақ салған түкті, түксіз болып бөлінген. Аяққап – ыдыс салатын дорба оны мал шаруашылығында, қазан басында ұсталатын ыдыс аяқты жинақтап, таза сақтау үшін жасалған. Бұрын кілем , алашаның өрнекті тұстарын ойып алып жасаған. Кесеқап, ыдыс-аяқ сақтайтын зат. Оны ақ киізден өрнек салып, құрақтан құрып жасаған. Шәйнекқап ыдыстарды сындырмай сақтауға арналған ақ киізге ою-өрнектер салған. Ірге киіз- керегенің төменгі жағынан топырақ, шаң, жел кірмес үшін киіз үйдің, іргесіне ұстайтын киіз. Туырлық-керегенің аяғынан басына дейін киіз үйді айнала бойында баулары болады. Осы бау арқылы түндіктің бір бұрышын ашып жабуға пайдаланады. Түндік түнде жабылып, таңертең ашылады.
Киіз үйдің ортасына от жағылған жерді шамалы қазып, жерде от жаққан. Ошақ басындағы есіктің қарама-қарсы жүк жинаған жүк аяқ үстіне сандық қойған. Жүктің үстін өрнектелген жүннен жасалған кілеммен немесе кестеленген жапқышпен жапқан. Жүктің қасындағы жер төр деп аталады, ол жерде үй егесі және пахса құрылысын пайдаланды. ХІІІ ғ. Монғол шапқыншылығынан кейін ХҮ-ХҮІ ғ.ғ. қала өмірі гүлдене бастайды. Қазаққа тән тұрақты мекен жайдың ең көне нұсқасы – шошала болды. Шошалалар сияқты дөңгелек жеркепелер жиі кездесетін. Бұл үшін тереңдігі ересек адамның кеудесінен келетін дөңгеленген шұңқыр қазады да оның ортасынан төрт діңгек орнатады./43/ Діңгектердің бастарын қатарымен сүйей отырып жеркепенің конус тәрізденген төбесін шығарады да үстіне жыңғыл, жантақ шауып салып қалың топырақпен бастырып тастайды.
Қазақ құрылысшылары шошала тұрғызу үшін оның іргетасын дөңгелек етіп қаластырып үстіне 10-15 сырықтан түзілетін сүйір құрылғы орналастыратын да ағаш бұтақтармен шабақтап киізбен жапқан. Шошаланы шымнан, қамыстан, қамкесектен, қыштан, таутастан тұрғызған. Кейінірек шошаланы асхана ретінде пайдаланған. Азық түлік қоймасы етхана, асхана, отынхана ретінде пайдаланған.
Жер кепе –домалақ жартылай жерге кіреді. Қамысты сазбен сылап артына топырақ үйген. 1916-1917 ж.ж. дейін егіншілік, аң аулау, балық аулау кәсібімен айналысқан қазақтар жер кепеде отырған көбінесе кедейлердің үйі болған. 1 - 1,5 м тереңдікте жерге көмген, кірпіш, тас пайдаланған. Оны қазба үй, жер кепе, жер төле, жер үй деп те атаған.
Жеркепенің ішіне жарық түсіп тұру үшін оның нақ төбесінен төрт бұрышты тесік қалдыратын да түнге қарай киізбен не болмаса қамыстан жасалған арнаулы жамылғышпен жабылған. Мұндай жеркепеде жатақтар желтоқсан айынан сәуірге дейін тұрып, жазға қарай киіз үйге шығатын./44/
Жер төлені тұрғызудың ең қарапайым әдісі жерді жартысынан қазып топырағын босатқаннан кейін үстіне су құйып, қидаланған малдың қылымен, қой жүнімен, сабанмен иін қандыра араластырып, балшық илейтін, қазылған шаршының жиегіне бірінің үстіне бірін қатар етіп жұмбаз ұрып, құрылыстың қабырғасы көтеріле беретін. Күн түсетін жақтан жалғыз терезе, есік шығарылатын іші-сырты лаймен сылап, төбесін қамыспен, шөппен жапқан да лаймен сылап тастаған. Жер төлені шымнан, қам кесектен, тақтастан соққан.
Қақыраны – төрт қабырғалы етіп кіре берісімен қоса тайланған шөптен, қамыстан, шабақтан, балшықтан тұрғызған. Қақыра іші-сырты, төбесі сылақ арқылы тәртіпке келтірілетін, оттық арқылы жылытылатын болған.
Тұрғын үйлердің төбесі бір қабат, жадағай немесе жартылай шатырланған жамылышпен жабылады. Үйдің еденін балшықпен сылайды.
Тұрғын үйдің ең соңғы нұсқасы қоржын үй деп аталады. Оның төбесі қамыспен жабылып, лаймен сыланған, арасы дәлізбен бөлінетін болған. Қоржын үй қазақ және оның ата-бабасына әуел бастан үйреншікті бола бастаған құрылыс материалдарының ыңғайына орайластырылған тұрақты мекен-жайдың алғашқы үлгісі болар./45/ Оңтүстік өңірінде диқаншылық пен мал ұстауды бірдей кәсіп еткен. Сыр бойындағы (қоржын үй) қоржын үйлердің түрі қоржын үй мен тоқалтам болған. Қыс мезгілінде қоржын үйлерде тұрып, ал жаз айларында киіз үйлерде тұрған.
Қоржын үй құрылысы туралы деректерді Отырар өңіріндегі көне көз қариялардан және этнографтардың еңбектерінен зерттедім. (Ө.Жәнібеков, Х.Арғынбаев)
Қоржын үй тұрғызу үшін ауладағы егістіктің бақшаның жауын-шашынның суы жинала қойматын биіктеу жер таңдалып алынады, оны кетпенмен тегістеп, сабан түйеқарын, кепкен жантақ, т.б. шөп шалау төселгеннен кейін малдың тұяғымен таптайтын болған. Қайтадан үстіне су құйған жер дайын болғаннан кейін қабырға тұрғызылатын шаршыға дуалдың енімен бірдей ор қазып оған барынша қалың етіп қамыс төсеп соның үстіне үйдің қаңқасын тұрғызады. Оны сабан мен араластырған қам кесектен қалап сабан қосылған лаймен сылаған. Төбесін қамыспен жауып, топырақ төгіп лаймен сылаған. Қоржын үйдің астықты бөлек-бөлек қоятын қамбалары, қақ, қауын құрт кептірілген жеміс, ірімшік, құрт, дирменге тартылған ұн қоятын орындары, ет ілетін адалбақан болған. Үйдің терезесі күншуақты жағынан болған. Оты дәлізден жағылған. Қоржын үйдің ауласында сәкісі болған. Қоржын үй отырықшы қазақтың негізгі баспанасы болған.
Сыр өңірі қазақтарының тұрғын үйлерінің ішкі жасауларында ерекшеліктер болған. Басқа жерлерге қарағанда мұндағы өзгешелік ұлттық үй бұйымдарының көптігі- алашалар, кілемдер, қоржындар, ыдыс сақтайтын дорбалар, сандық қаптар т.б. Үйдің төр жағына ағаштан сәкі жасап қоятын болған, ол жылылықты сақтап тұрған және ылғалдан сақтаған жерге текемет төселіп, дуалға тақап ағаш кереуеттер қойған. Жастық, көрпеше, көрпелерді қазақтар құрап тіккен. Төрде жүк жиналып тұрған, оны жүк аяқтардың үстіне жиналған. Көбіне төсек алдында шымылдық болған. Жүкті әйнек ортасына немесе кереует жанына жинаған. Жүктің төбесін жапқыштармен жапқан. Үйдің кіре берісінде ағаш стол тұрған. Кереует тұсына түскиіз ілген оны ақ киізден жасаған. Ағаштан жасалған сөрелерде кітаптар болған. Ауыз үйге текемет, алаша төселген. Асадалда ыдыс қойылған. Ауыз үйде пеш орнатылады. Қоржын үйде төсеніштер теріскей жағынан тұтылған. Тұрақты тұрғын үйлерде ең бірінші көзге түсетін биік етіп жиналған 4 қатар жүк.
Өткен ғасырда Қазақстанда болған жатжұрттық саяхатшылардың шығыстанушы, тарихшы этнографтардың көпшілігі қазақтың үйіне кіріп келгенде ең алдымен көзге түсет іні төрдің қақ ортасында бір-бірімен тіркестіре 2-3 тіптен 4 қатар етіп жиналған жүк болатынына көңіл аударған./46/ Сыр өңірінде ағаштан шабылған әр түрлі бояулармен толықтырылған темір нақыштармен әшекейленген жүк-аяқтарға әбдірелер қойылған, үстіне жүк жинаған. Алдымен текемет жиналып, көрпелер жиналып, екеулік жастықтар жинаған. Тоқалтам қоржын үйдің баламасы болып табылады, оны этнографиялық әдебиетте “қарсы есікті” деп атаған. Төбесі қамыспен жабылып төбежабыны тып-типыл етіп сыланады. Отырар өңірінде сондай-ақ Жамбыл облысы, Қызылорда облыстарында кездеседі.
Отырардағы баспананың негізгі ұясы деп жазған археологтар. К.Акишев, К.Байпаков, Л.Б.Ерзакович- дәлізді немесе түнекті бөлме сол сияқты көп бөлмелі тіркеспелер отырықшы қазақтардың үйлеріне ұқсас. Сыр бойының отырықшы халқының бәрінде өздері тұрып, екіншісінде қонақ күтетін дәлізбен ажырасқан. 2 бөлмелі “Қоржын үй” оның өн бойына астық құятын түнек-қойма салатыны археологтар пікірін растайды./47/
Оңтүстік Қазақстан облысының зерттелген аудандарының материалдық мәдениетіндегі ерекшеліктерінің бірі- олардың тұрмысында киіз үйдің осы күнге дейін ерекше орын алып келуінде./48/ Бұл мал өсіру ерекшеліктеріне байланысты болды. Киіз үй малшыларға өте қолайлы болды.
Оңтүстік қазақтарының тұрғын үйлерінің ішкі жасауларында да бір қыдыру ерекшеліктер байқалады. Өзгешеліктер-ұлттық үй бұйымдарының көптігі, киіздер, термелі қарапайым алашалар, түкті кілемдер, қоржындар әр түрлі ұсақ заттардысақтауға арнаған киіз дорбалар.
1.6. Дәстүрлі киім үлгісі
Қазақ халқының ұлттық киімдерін зерттеп білу этнографияның басты мәселелерінің бірі.
Ұлттық киім үлгілері арқылы халықтың, ұлттың мәдениеті жайлы білуге болады. Әрбір халықтың ұлттық киімдерінде сол халықтың ұлттық мәдениетін көре аламыз.
Қазақ халқының ұлттық киімдері туралы саяхатшылар мен ғалымдар жазған. Мұхаммед Хайдар Дулати, Г.И.Спачкий, П.И.Рычков, А.И. Левшин. Қазақ ұлттық киімдер үлгісінен халықтың эстетикалық талғамын, өмірін, әлеуметтік жағдайын көре аламыз./49/
Киімді мал терілерінен (түйе, қой, ақбөкен, құндыз) және жүннен тоқитын, тігетін болған.
Ортағасырларда ұлы Жібек жолы арқылы Үнді, Қытай, Орта Азия, Россиядан түрлі маталар әкелінді.
Қытайдан жібек,бархат, парша (алған) әкелінген, оны айырбас сауда арқылы алынды.
Қазақтың ұлттық киім үлгілері Қазақстанның барлық өңірінде бірдей болған. Кейбір ерекшеліктер бас киімінде, белдік, әшекейлерде, мейрамдарда киетін киімдерінде болған. Кей киімдердің бұрынғы формалары сақталып, кей жерлерде, киімнің жаңа түрлері шыққан./50/
Түйенің және қойдың терісінен шекпен, тон, аң терісінен шекпен, тон, аң терісінен ішік. Түкті жоғарғы сортты жібектен тоқылған киім – бас тон деп аталады. Қымбат тон болып саналатын паршадан қапталған парша тон деп аталады. Ал ботаның терісінен жасалғанды бота тон деп айтады. Қозы, лақ терісінен- жарғақ тон жасаған. Ешкі терісінен шапан тігетін болған. Киімдердің ең көне нұсқасы шекпен деп аталады. Оны түйе терісінен жасаған, жаңбыр өтпейтін болған ол қатты суықта да жылы болған. Сыйлы қонаққа барарда киетін шекпен боялған жүннен тоқылған, қысты күні де кез келген киім сыртынан киіп кететін болған.
Шапан – қазақ халқының ең негізгі және ежелгі киім түрлері. ІХ-ХІХ ғ.ғ. қыпшақтардың тастан жасалған бейнелерінде оның бейнесі салынған. Шапанды Жібек және мақтадан жасалған матадан тоқылған. (Шапан) Қазақ халқының ұлттық киімі шапан туралы П.С. Паллас, М.Георги, Н.Рычков жазған, М.И. Венноков “барлық қайсақтар шапан киетін болған” деп жазған. Т.Аткинсон қазақтың өмірі туралы көптеген суреттерде бейнеленген. ХІХ ғ. қазақтардың мерекелік киімдері туралы жазады. “Менің басшым қара бархаттан шапан киген, басында әдемі тоқылған бас киімі, аяғында қызыл етік болған, етіктің өкшесі биік” болған, ал әйелдер сары, қызыл, жасыл түсты жібек шапан киген.
Қазақтың мерекелік киімі туралы О.Кошаров, А.Ф.Чернышев т.б. суретшілер өз еңбектерінде жазған. Белгілі әншілер, ақындар әшекейленген шапан киген, жастар жеңсіз киім және бешмет киген.
Ең жақсы матерал бархат болған ХІХ ғ. киімнің ең кең тараған түрі шолақ жең қамзол болды. ХХ ғ. жеңі қысқа нымшалар киетін болған./51/ Мұндай жеңіл киімдерді үйлерінде киген ал сыртқа шыққанда ұзын шапан киген. Оны мақтадан жасалған матадан тіккен.
Қысқы киім теріден жасалған тон мен ішік болған. Ішікті қой, қасқыр, түлкі терілерінен тіккен. Жарғақты бай адамдар киген. Мұны ХІХ ғ. аяғына дейін киген.
Күпі –ертеректе киген киім, түйе, қой, жүнінен тоқыған, оны маусым, шілде айында қырыққан қой жүнінен тоқыған.
Ерлер киімі жейде, бешмет, шалбар болған. Жейденің сыртынан жеңіл киім киген. Ал бешметті бархат, жібектен тоқыған.
Оңтүстік Қазақтарының киімдері отырықшы және көшпелі өміріне, ауа райына байланысты болды. Жігіт киімі қысқа бешмет, жамбастан сәл төмен қоңыр, қанық көк матадан бархаттан тіккен, ерлер киімінің жеңдері тік болған. Әйелдер киімді жас ерекшеліктеріне қарай киген. Қыздар қосетек көйлек киген. Оған желбезек салынған.
Жамбастан төмен түсіп тұратын қамзол киген. Ересек әйелдер көйлек сыртынан ұзын қамзол киген, басына кимешек киген. Суық күндері жылы шапан киген және тұрмысқа шыққан қыздар 2-3 бала туғанша киген. 30 жастан асқан соң түрлі-түсті матадан безендірілген көйлек киген.
Көйлектің сыртынан шолақ жең киген әйелдердің киетін шолақ жеңі ерлердікіне қарағанда алды ашық, жағасы жоқ болған, қапсырмамен қадалған. Жеңсе немесе жеңше деген киімді шолақ жең ішінен киген. Оны бархаттан немесе басқа қатты матадан тіккен. Мешпенттің шолақ жеңнен айырмашылығы жеңі ұзын болды. Шолақ жеңді мерекеге киетін пүліш, бархаттан тіккен.
Ерлер мен әйелдердің бас киімдері, желек, кимешек, сәукеле, телпек, тақия. Жазда киетін бас киім қалпақ жұқа ақ жүннен тоқылған. Төбесі биік ақ жүннен жасалған бас киімді ақ қалпақ деп атайды.
Киізден жасалған ақ қалпақты әшекейлеп те жасаған. Бөрікті қыздар да ерлер де киген төбесіне құстың қанаты қойылған (үкі , дегелек).
Егер алтынмен тігіліп безендірілсе – алтын бөрік деп атаған. Бөрікті суық күндерінде ыстық күндерінде де киген. Ал қыста тымақ киген.
Қыста киілетін бас киім-тымақ деп аталады. Түлкі терісінен жасалған бір бас киімге бір тері кеткен.
Тақия- жазда киетін жеңіл бас киім оны бархат, паршадан тіккен. Күміс пен алтын жүргізілген жіптермен безендірілген. Жібек, алтын, күмістеліп тіккен тақияны зер тақия деп атайды. Оны жастар киетін болған./52/ Тақияны теңге, моншақ, сүйекпен безендірген. Түкті бас киімді бай семьядағы қыздар киген.
Ұзатылғанда киетін бас киімнің бірі- сәукеле болды. Сәукеле – ең ертеректегі жас келіншектердің ұзатылған қыздардың киетін бас киімі. Сәукеле туралы ХІХ ғ. И.Георги, Г.И. Спасский, П.И.Небольскии, Ч.Ч.Валиханов, И.И.Ибрагимов жазған. Сәукелені күйеуге шыққанда ең алғашқы жылдары 1 жылға жуық киген, одан кейін тек мерекелерде ғана киетін болған. Оны 4 немесе 5 жыл киген./53/ Оның биіктігі 70 см дейін болған, оны атласпен, қара және қызыл бархаттармен тіккен, алдын моншақтармен безендірілген. Төбесінен төмен қарай арқасын түгел ақ тормен жапқан. Келіншек ең алғаш рет үйге кірген кезде осы ақ тормен бетін жапқан. Ең қымбат сәукеле ХІХ ғ. 1000 сом болған немесе 100 атқа тең келген. Оның металлдан алтын немесе маржан тастармен де безендіргені болған./54/
Сәукелені ең мықты шеберлер жасаған кейде сәукеле жасау үшін 1 жыл отырған шеберлер де болған. Кей сәукелелер маржан, бриллиант, ақық тастармен безендірілген. Сәукеленің сыртындағы ою-өрнегі өсімдік тәрізді және геометриялық түрде болған. Келіншектер басына жібек орамал таққан, бұны желек деп атаған.
Балалы болған жас келіншек кимешек киген. Оны 25-45 жас аралығындағы келіншектер киген. Бала көтерген әйелдер де кимешек киетін болған. Оны ақ матадан, жібектен тіккен. Ал алдындағы жағын түрлі-түсті жіппен тіккен. Сыртқа шыққанда әйелдер шылауыш таққан. Оны жаулық немесе орамал деп те атаған. Шылауышты 40-50 жасқа дейін таққан.
Белдікті теріден, бархат және жібек матадан таққан. Теріден жасалған белдік өрнектелген, бағалы тастармен, күміспен безендірілген. Жас жігіттің белдіктерінің қапсырмасы жүрекше тәрізді болып келген. Әйелдердің белдіктері кең болған, әсемделген жібектен жасалған. Әйелдердің белдіктері әр түрлі металлдармен безендірілген, ұшбұрышталып жүрекше тәрізді безендірілген. Белдіктің ұзындығы 2-3 метр болады.
Ерлердің аяқ киімі мәсі мен кебіс болды. Ересектер теріден тігілген аяқ киім- көксауыр киді. Ал кедейлер аяқ киімі- шоқай деп аталды.
Жас әйелдердің аяқ киімінің ерлердікінен айырмашылығы өкшесі биік болған. Байлардың аяқ киімінің артқы жағы күміспен безендірілген.
Күнделікті киімге шекпен тоқымасы мата, бөз, кенеп, шыт, сәтен. Сеңсең терісі, қолдан ұқсатылған тері-терсек, көн секілді қарапайым материалдар жаратылса, салтанатты киім-кешекке барқыт, масаты , мәуіті, шұға, жібек, қырмызы, бәтес, мақпал кездемелері кәмшат, сусар, бұлғын, құндыз терілері, жылқы шегірені пайдаланылды./55/
Әсіресе жігіттің киімі мен қыздардың киімі әсемдігімен көз тартатын болған. Егде тарта бастаған еркектің киім кешегі әдетте жігіттің киіміне тән элементтерден тұрғанымен, пішімі молдау, шалбары кеңдеу болған.
Еркек қыста сеңсен тон, түлкі, қасқыр терісінен тігілген қаптал ішік, киіз байпақтар, саптама етік, басына тымақ, малақай киген./56/
Кісе белдіктің кәдімгі белдіктен айырмашылығы аңшылардың садақ жебесін салатын қорабы, оқ-дәрі салынатын оқшантайлары іспетті салпыншақтың болуымен байланысты кісе металл шытырларымен безендірілген.
Қазақстанның оңтүстігінде, сыр бойында отырықшы, жартылай отырықшы қазақтар жазда арнайы басылған жұқа ақ киізден үшкілдеп, сүйірлеп пішілетін, қайырмасы қара бархатпен тысталатын қалпақ киген.
Қалыңдық үйлену тойында сәукеле орнына қосаба киген. Қосаба көне түркіше алтын зерлі деген мағына береді./57/ Ол дөңгелек етіп пішілетін желкесіне қарай бірте-бірте ойытқа түсетін құламасы болған. Көгілдір күрең барқаттан тігілген. Қосабаның маңдайына түрлі інжу-маржан тастармен безендірілген.
Қазақы киім-көненің көзі. Оны ескерткіш ретінде болашақ ұрпаққа сақтау керек, этнографиялық экспедициялар арқылы көненің көзі ұлттық киім үлгілерін жинастыру қажет. 1800-1930 ж.ж. Оңтүстік Қазақстанның өткен тарихын жазып қалдырған ақын Сәдуақас Жақашұлы өз еңбектерінде (билік уақыттары) киім үлгісі туралы деректер жазған. Қариялардан сұрастырып, өзінің көргендерін қағаз бетіне түсіріп келер ұрпаққа жазып қалдырған.
Сіргелі руларында болған ересек қыздар құндыз бөрік киетін, бота белбеу дейтін ардақты белбеуді өте толық етіп беліне орнатын болған.
Келіншектер ұзатылып келгендегі сәукелесін немесе қосабасын тастап бетіне (шытыра) күмістеген кимешек киетін. Жалпы әйелдер көйлекті өте шұбатып , жеңіл кең істеп киетін.
Кейбір уақытта көйлектің етегін жеңінің ауызын тапса жібекпен, таппаса жіппен жөрметоз кестелеп көк, сары, қара, қызыл түрлермен оймыштап мәнер беріп, сәндеп киетін. Мұндай көйлекті той, жиын күндері киіп, басқа уақыттарда жиып қоятын. Ерлер көк шалбардың балағын жүрметоздайтын. Бұл әдет сиректеп, 1927 жылға дейін кейбір руларда рәсім болып келеді келеді.
Әйелдерде шалғы деген болатын, жобасы юбка сияқты. Бұны да кестелеген. Бұл да сиректеп 1927 ж. дейін келіп жойылды.
Сыпайы киімді, бір ауыл киген. Мысалы бір ұрпақтан өрген 40-50 шаңырақтың үйленетін жігіті сол киімді кезек киіп барып үйленіп қайнынан келген соң негізгі егесінің үйіне сақтап қояды екен. Бұл әдет 1850 жылға дейін келген. Ол кездегі аяқ киімге ардақты көн үнике көн мен әйбике былғарыдан істелген малдың көні болған. Кедейлердің киетіні жылқы терісінен істелген ақшоқай дейтін аяқ киім болған, ақшоқай 1900 жылға дейін сиректеп жалшылар аяғында киіліп келді . Өте қадірлі көн-көк сауыр. Сондықтан “Көк етікті келмей, көн етікшіге бермей ”- деген мақалдар ел аузында осы уақытқа дейін бар Әйелдер кимешекті шытырақтап киеді екен. Екше қоңырат әйелдерінде ұлы жүзде сіргелі руларында болған. Киім кешек тігуге қазақ әуелде Үндістаннан әкелінетін шытты, батсайыны, Қытай, Орта Азия жібегін, барқытты, зерлі бедерлі көздемелерді, мәуітіні, масатыны, шұғаны жаратқан./58/ ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ. Жібек жолындағы “сауда арқылы” келе бастады.
Күн суытса бешпет, шекпен, қаптал шапан киген. Қыста қой терісінен тігілген тон, қасқыр ішік, басына түлкі тымақ, аяғына саптама етік киген. Ішіктің кәмшат, сусар терілері ең сәнділері болып есептеледі.
Оңтүстік Сыр өңірінде халықтың отырықшы жартылай отырықшы тұрмыс салтына орай, ауа райының ерекшелігіне байланысты киім үлгілері жеңіл – желпі болып келеді.
Жігіттер бешпет, кеудеше, биік өкшелі шалбар киген. Басына тақия мен ақ киіз қалпақ киген, көйлегі тік жағалы болып келген.
Үйлену тойына қалыңдық кейде сәукеленің орнына көнетүркі бас киімінің негізгі элементтерін бойына сіңірген қосабаны (алтын зерлі деген мағына береді) да киген./59/ Қосаба – тұрпаты дөңгелек, желкесіне қарай ойыңқылау, биіктігі әр түрлі болып келетін бас киім. Төбесіне үкі тағып, жан-жағын әр түрлі етіп безендірген.
Отырар өңіріндегі археологиялық қазба барысында табылған заттардан да киім үлгілері белгілі. Мысалы Кедер қаласының орнынан алынған ҮІІІ-ІХ ғ.ғ. жататын оюлы тақтайда сән-салтанатты киінген түркі-қаңғар ақсүйектері бейнеленген./60/
Қазақы киімді зерттеп, ел арасынан жинастыру арқылы келер ұрпаққа аманаттаймыз. Қазақы киім-көненің көзі. Ол бізге жеткен заттық мәдениеттің бірден бір көрінісі.
Қазақша киім дәуір талғамымен өтсе де, ғылыми тұрғыдан әлі толық екшеле қоймаған, тереңдеп зерттей түсуді қажет ететін құбылыс. Себебі киім үлгісіне біте қайнасқан көне дәстүрлер арқылы ұлттық мәдениеттің атам заманнан бергі қалыптасу ерекшеліктерін, халықтың шыққан тегіне, бет-пішін, сөйлеу тілі ауыз әдебиеті сияқты біртұтастыққа меңзейтін тұстарын зерттеп білуге, халықтың өткендігі өндіріс күштерінің деңгейін, шаруашылығының даму дәрежесін, тіптен құлазыған даланың қатал табиғатының әсерін, сол сияқты көрші елдердің қазақ өміріне ықпалын аңғаруға болады./61/
Дәстүрлі киім үлгілері туралы ел аузынан деректер жинап, қолжазбаларды жинастырып келер ұрпаққа насихаттау мақсатында бірнеше материалдар жиналып, С.Жақашұлы қолжазбаларын пайдаландым, онда киім үлгілері жайлы бірнеше деректер жазған.
Қазақы киімге байланысты құнды мәліметтер табуға болатын араб, парсы, қытай, армиян жазба деректері әлі зерттелмей келе жатыр. Қазақы киімді білетін соңғы ұрпақ ауыспай тұрғанда музей қорында сақталған киім нұсқаларына жаратылған кездеме, тері, былғары ескірмей тұрғанда оны зерттеп білуге асығу қажет./62/
Қазақы киім үлгілерін сақтап қалу қажет екенін Ө.Жәнібеков ағамыз айтып кеткен. Қазақша киініп өскен, оның қыры мен сырын білетін аға ұрпақ ауыспай тұрғанда жоспарлы түрде кең көлемді экспедициялар ұйымдастырып, әлі де болса кездесетін киім нұсқаларын жинауды ел аузындағы мәліметтерді жазып алумен қатар жүргізе білген жөн./63/
Достарыңызбен бөлісу: |