Сапты аяқтар. Сапты аяқтардың пішіні алмұрт тәрізді, оның тұтқасы иығы мен ернеуін жалғастырады. Ыдыстың бүйірін бастырып өрнектеген мойыны жоқ сапты аяқтарда кездеседі. Сапты аяқтардың тұтқасы домалақ сырты боялмаған және сырланбаған, тік сызықшалар сызылған Х-ХІ ғ.ғ. сапты аяқтардың жасалынуы сырт көрініске өте әдемі, тұтқасы домалақ, ернеуі шамалы сыртқа қарай шығыңқы, енді біреулерінің тұтқасы сопақша болып келген, табаны жайпақ және тегіс. Х-ХІ ғ.ғ. тән сапты аяқтардың табаны әдемі болып көріну үшін үштік , домалақ болып келген және ашық сарғыш түсті саздан жасалынған, ернеуімен бүйірінде сызықтары бар. Х-ХІ ғ.ғ. тән сапты аяқтардың ернеуі кең , мойыны жуан, бүйірінде сызықтары жүргізілген, сазы қызғыш түсті, ою-өрнектері айқыш-ұйқыш, крест тәрізді, үзік-үзік сызықтармен өрнектелген. ҮІІ –ІХ ғ.ғ. тән сапты аяқтардың тұтқасы бүдірлі және бүйірінде орналасқа, қызыл ангобқа үшбұрышты, иректі өрнектер түсірілген. Көзелер шар тәрізді , мойыны құысқа екі тұтқалы болып келген, қызыл немесе шие түсті ангоб жағылған. І-ІҮ ғ.ғ. тән Ақтөбе ІІ, Ақтөбе Арыс өзенінің жағалауынан табылған алмұрт тәрізді болып келген көзелер кездеседі. Формасы домалақ болып келген көзелердің мойыны болмайды.
Ыдыс сыртындағы ангоб қанық қоңыр, қызыл, шие түсті. Көзелердің иығында домалақ жапсырмалар қадалған. ІҮ-Ү ғ.ғ. тән көзелер Алтын төбеден табылды.
Х-ХІ ғ.ғ. тән көзелердің бір тұтқасы болады, қалыпқа салып жасап, иығында айналдыра домалақ күн сәулесі тәрізді крест тәрізді өрнектер түсірілген көзелер көптеп кездеседі және күйгендіктен сары түске айналып кеткен. Осы ғасырлардағы көзелердің ернеуі де өрнектеліп, табаны домалақ, жайпақ болып келген. ІХ ғасырдың аяғынан бастап керамикалық заттар жасаушылардың жылтыр көздері (глазурь) ойлап табуына байланысты заттардың сонымен қатар сапасы да жақсарды./12/
Қақпақтар. Олардың көлемі әр түрлі болып келген. Пішіні домалақ келген қақпақтар өте көп кездеседі. Қақпақтардың тұтқасы ортасында , немесе шетінде орналасқан. Ыдыс қақпақтарының тұтқасы қошқардың басы, қораздың басы, ақбөкен мүснді не болмаса мұнара тәрізді болып келген. Кейде қырғауыл бейнелі қақпақтар да кездеседі. Х-ХІІ ғ.ғ. Отырарға тән тұтқалардың пішіні екі басты қой пішінде жасалған мүйізі мен тұмсығының детальдары кеңірдек тәріздес түйір-түйір бұлдырланып айқындалоа түскен. Қақпақтардың жан-жағына қосымша жапсырмалар қадалынған. Кей қақпақ тұтқалары толқындармен бедерленіп өрнектелген. Ирек, айқыш-қйқыш сызықшалармен безендірілген ай тәрізді болып та келген. Қой пішінді тұтқалар ыдысқа көз тимеу үшін кие белгісі ретінде жасалған. Қошқар-Фарн құдайдың бейнесі, ол денсаулық кепілі барлық жаманшылықтан жебеп қорғайды деген ұғымды береді./13/
Балшық ертеден келе жатқан түрлі заттар жасайтын материал./14/
Азық-түлік сақтайтын, су таситын ыдыстар, құмыра, хұм, бұлардың ернеулері үш қырлы, тік қырлы болып келген. Хұмның мойыны жоқ пішіні алмұрт тәрізді. Домалақ пішінді хұмның сырты көбіне ашық қоңыр, ашық-сұр, қызғыш ангобтармен боялған және қанық қоңыр, қара ангобтармен боялып, қолмен бастырып өрнектер түсірілген. Ыдыс ернеуінен бастап төмен қарай тамшы іздері бейнеленген.
Астықты, ұнды сақтайтын хұмдардың бетіндегі сорғалаған тамшының іздері-тоқшылықтың, береке-байлықтың, ақпа-төкпе мол дәулеттің, пейілдің белгісі. Айқыш-ұйқыш ирек сызықтар сияқты белгілер шебердің өз таңбасын жеке адам талғамы екенін көрсетсе, екінші жағынан олар ыдыс ішіндегі затты бұзылудан сақтаудың ырымы ретінде “көз тимеу” үшін жасалған.
Хұмшалардың көбісі Алтөбеден табылған. Хұмдардың мойыны жоқ, алмұрт тәрізді болып келген. Оларға ашық қоңыр, сұр, қоңыр ангобтар жағылған. І-ҮІ ғ.ғ. тән екі тұтқалы хұмшалар да кездеседі. Ақтөбе ІІ ден табылды. Хұмшалар көбінесе Арыс өзеніне тән, олар ІҮ-ҮІ ғ.ғ. жатады.
Су таситын құмыралардың мойыны қысқа, ауызы кең, ернеуінен қимасына қарағанда 4 қырлы етіп сыртына қайыра жасалған. Пішіні алмұрт тәрізді, мойыны ұзын құмыралар кездеседі. Құмыраларға қызғыш, қанық қоңыр, ашық қоңыр ангобтар жағылған. Алтын төбе мен Арыс өзені жағалауынан табылғандар ІҮ-Ү ғ.ғ. тән. Ыдыстардың безендірілуі негізінен ас дайындау, азық қорын сақтау рәсіміне орайлас болғанымен көп жағдайда байырғы тайпалардың діни түсініктерінің аясы мен өресін сипаттайды.
Бұл ыдыстар қолмен немесе қшқана ыдысына салып жасалынған. Құмыралардың бүйірі қампиған су ағуға лайықтап ернеуінің бір тұсынан ойылған кіші құмыралардың ауызы қысыңқылау, су ағары шығыңқы,ұзындау, жұмыр тұтқалар ыдыс ернеуі мен иінін жалғастырады. Бұл қыш ыдыстарға қызыл, күрең, қызыл қошқыл ангоб жағылған ҮІІ-ҮІІІ ғ.ғ. құмыраларда үш қырлы су ағары болған. Ас ішетін ыдыстар -–олар көзе, құмыра, сапты аяқ.
Көзелер. Шар тәрізді, мойыны қысқа екі тұтқалы болып келген қызыл немесе шие түсті ангоб жағылған. І-ІҮ ғ.ғ. көзелер Ақтөбе ІІ, Ақтөбе, Арыс өзендерінің жағалауларынан табылған алмұрт тәрізді болып келген көзелер де кездеседі. Домалақ көзелердің мойыны болмайды. Тұтқасыз ангобтар: қанық қоңыр, қызыл, шие тәрізді түстер болып келген. Көзелердің иығында дрмалақ жапсырмалар қадалған.
Құмыралар алмұрт тәрізді ұзын мойын. Құмыралар сыртындағы ангоб шие түсті, қара қызыл, қоңыр ангобтар жағылған, ашық сұр түсті ангоб жағылған. Тұтқасы жоқ , мойыны ұзын алмұрт тәрізді құмыраға ашық қоңыр ангоб жағылған. Бұл Ақтөбеден табылған пішіні шар тәрізді құмыралар, алмұрт тәрізді құмыралар кездеседі./15/ Тұтқасы жоқ мойыны ұызын алмұрт тәрізді құмыраға ашық қоңыр ангоб жағылған. Жасалыну барысында қалың болып жасалынған, ҮІІІ-ІХ ғ.ғ. құмыралардың ою-өрнегі қырнау тәсілімен сызықшалар түсірілген және суағары шығыңқы болып келген. Сыртына қызыл ангоб жағылған. ҮІІ-ІХ ғ.ғ. құмыралардың өрнектері сызықша тәрізді, құмыралардың ауызы су ағуға ылайықты болып келген. ІХ-Х ғ.ғ. құмыралар ай тәрізді иректеліп, үзік-үзік сызықшалар арқылы өрнектелген.
ХІІІ ғ. құмыралардың сырты айналдыра сызықшалар мен безендірілген. Түбінен бастап ернеуіне дейін.
Керамикадағы таңбалар. Жасалыну барысында таңбаның өзі үшке бөлінеді: а) өткір затпен немесе саусақпен бастырып түсірген: б) жапсыру арқылы: в) ыдысты күйдірілгеннен кейінгі өткір затпен безендіру. Құмыраларды крест белгілері бар. Ыдыстардың бүйіріне белгілер тұтқасы болмаған жағыдайда қойылады. Мысалы жылан белгісі – ұзақ ғұмыр мен өсіп өну символы, ақ жолдың белгісі.
ХІІІ-ХІҮ ғ.ғ. керамикалық ыдыстардың барлығы сүр, сары, ашық қоңыр қызыл ангобтармен боялған. Қызыл ангобты тарелка, құмыра, сапты аяқтарды бояғанда пайдаланған.
Көзе тәрізді ыдыстардың екі түрі болған. Бұлар тығыз болып жасалған. Қызыл түсті саздан жасалған қара, қызыл түсті бояулармен боялған.
Араб жазуы тәрізді өрнектер де бар.
Қақпақтарда күнделікті тіршілікте көп пайдаланылған. Қақпақтардың бетін ашық, қызыл, қызғыш ангобпен бояған. Бастырып қадау арқылы өрнектер түсірген. Керамикадан жасалған сирек кездеседі., оның ернеуі мен мойыны кең. Көбіне құмыралардың жоғары жағын өрнектеген.
ХІ-ХІІІ ғ.ғ. минералды бояулармен әшекейленген қара,қоңыр, қызыл және күлгін түсті ыдыстар көптеп тараған./16/ Көбінесе жіңішке мойынды құмыралар болған. Боялары өте қарапайым түрде жағылған, қисайта тартылған сызықтар, жақша, қатар-қатар таңба тәріздес және шыққан күн, белбеу, ирек сым ағыс тәрізді өрнектермен өрнектелген. ІХ ғ. Керамикалық заттардың сапасы жақсарды. Затты күйдіргенде тотықтар заттың үстіңгі жағын неше түрлі түске бояған-қызыл, жасыл, сары қоңыр, жылтыр, мөлдір түстер көздің жауын алып тұрады. Әр түрлі өсімдіктер, геометриялық фигуралардың, араб әріптерінің түрі өзгермеген, жануарлардың суреттері бейнеленген. ХІ-ХІІ ғ.ғ. өрме, түрлі ирек, дөңгелек өрнектер көлденеңінен тараған. Өрнектер көлденеңінен, шашыраңқы түрде кездеседі. Х-ХҮ ғ.ғ. көк түсті бояулар кең тараған Х-ХҮ ғ.ғ. Отырарда өрнектер салынған арнаулы пішінде жасалынатын жоғары сапалы керамикалар шығару игерілді.
Саз балшықты ыдыстар жасайтын кезде жұмсақ әрі қою етіп дайындаған. Осындай етіп дайындалған балшыққа оюлар жақсы салынады және бояуы бұзылмайды. Күйдіру кезінде пішінін бұзбау үшін пеш ішінде бірқалыпты жоғары температура ішінде сақталған.
Керамикалық ыдыстардың пішіні, мазмұны, құрылысы, әшекейі тайпалардың, қоғамның, елдің әдет ғұрпымен байланысты.
Б.д.д. І мың жылдықтан Ү ғасырға дейінгі керамиканың бәрі өзінің дәстүрлі түрін, пішінін , өрнектерін, жасау технологиясын сақтаған.
Х-ХІІ ғ.ғ. керамикалар жоғары дәрежеде болғанын көрсетеді. Себебі осы ғасырларда қала мәдениеті өркендеп дамыған кезі еді.
Х-ХІ ғ.ғ. қазандар-ағаш күлінің қосындысынан жасалды. Осы ғасырдағы ою-өрнек түрі – белгілі мазмұндағы өсімдік суреті, райхан, қызғалдақ, тікенек, гүлдерін ажыратуға болады. Бұта мен ағаштардың да суреттері кездеседі. ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ. шыны бояулардың сапасы нашарлай түседі. Сұр немесе көкшіл түстер кең қолданылған, сырттары бұлдыр-бұлдыр болып тұрады.
Отырардан және Оазистен табылған керамиканы орта және төменгі Сырдария ағысы жағалауынан Қаратау бөктерінен табылған ыдыстармен салыстырғанда олардың бір-біріне ұқсастығы бар екені анықталды./17/ Отырар комплексі мен Ташкент оазисін салыстырғанда олардың бір-біріне жақындығы көрінеді. Бұл ертедегі Яксартты (Сырдарияны) мекендеген тайпалар туысқандығын көрсетеді. Ыдыстарды зерттегенде ғұндар, қарлұқтар және басқа тайпаларға тән қасиет анықталған.
Бұл тайпалардың бір жерден екінші жерге көшкенін экономикалық сауда қатынастарын жасағандарын көрсетеді./18/
1.2. Металлдан жасалған бұйымдар және Отырар өңіріндегі шыны өндірісі
Отырар қаласының орнына және оның маңындағы Көкмардан, Құйрық төбе қалашығының орнына жүргізілген қазба барысында және кездейсоқ металдан жасалған түрлі бұйымдар табылды, бұл да мәдениеті мен экономиканың даму белгісі болып табылады.
Металл балқытатын пеш Құйрықтөбеден табылды. 1985 жылғы қазба барысында Құйрықтөбедегі шеберханадан да темірден жасалған заттар табылды.
Қара металдан көптеген тұрмыстық шаруашылық бұйымдар дайындалды. Темірден жаслған қанжар, пышақ, шот, қайшы, күрек, шеге табылды. Темірден жасалған кетпен, шот егіншілік құрал-саймандары болды. Металды балқыту қарапайым түрде жүргізілді. Ол үшін түтін шығатын тандырлар пайдаланды. Ол үшін түтін шығатын тандырларпайдаланды. Ол қалың кірпіштен қаланды.
1973 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы Отырар төбедегі қазба барысында 102 мыс теңге табылды./19/ Бұл Оңтүстік Қазақстандағы ақша айналымының қандай дәрежеде болғандығын көрсетеді. 102 дананың 31-і нашар сақталған. Он алтынның жазуы өшкен, қалғандары майда теңгелер.
Мыс теңгелер Оңтүстік Қазақстанның барлық жерлерінде болған. Мыс теңгелерде теңгенің шығарылған жылы, сол кездегі басшының аты жазылған. Отырардағы мыс теңгелердің айналысқа түсуі сауданың дамуы көрсетеді. ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. Отырарда 5000-7000 халық өмір сүрген./20/
Осы жылғы қазбадағы шыққан теңгелер төмендегіше болды. Бірінші қазбадан табылған мыс теңгелер нашар сақталған және жазуы өшкен бұлар ХҮ ғ. жатады. Екінші қазбадан: мыс теңгелер жартылай өшкен , бұған ХҮІ ғасырдағы басшы аты жазылған – БаҺадүр хан деп. Кейбірінде Мұхаммед деп жазылған. Енді бір мыс теңге ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ. Джанит династиясына жатады. Үшінші қазба ХІҮ ғ. мыс теңгелер нашар сақталған. Отырарда Темір дәуірінде бірнеше теңгелер соғылды. Мыс теңгелер Отырардың өзінде соғылған. Екі жағында да жазуы бар мыс теңгелер ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ. жатады. Төртінші қазбадан Қарахан дәуіріндегі теңгелер табылған. Бетінде араб жазуы кәлима жазылған. Бір шеті тегіс, екінші жағына кәлима жазылған. Бұл Қарахан мен Шағатай дәуіріне жатады. ХҮІ-ХҮІІІ ғ.ғ. мыс теңгелер соғылды. Ғылыми әдебиеттерде ең белгісі ең көп табылғаны Отырар теңгелері еді. 1972 жылы табылған мыс теңгелер қоймасынан Масуд әл-Хорезми деген жазуы бар теңге табылды.
Сан жағынан екінші көп жәдігерлер қатарына металлдан жасалған заттар жатады. Бұлардың басым бөлігін теңгелер құрайды. Отырардан табылған теңгелерді Р.З. Бурнашева көп зерттеген. Теңгелердің көбісі ХҮ-ХҮІ ғ.ғ. біршамасы ХҮІІІ ғасыр және ІҮ-ҮІ ғасырлар аралығындағы теңгелер құрайды. Теңгелерді зерттеу барысында Қазақстан мен Орта Азия тарихына қатысты және олардың зерттеу кезеңінде металл түріне, салмағына, көлеміне, жылына, хандар аттарына назар аударылып отырған. ХІҮ ғасырда Әмір Темірдің жарлығы бойынша теңгелер бірнеше қалада соғылған. Ал, біздің қолдағы теңгелер бірнеше қалада соғылған. Ал, біздің қолдағы теңгелер Самарқанд пен Гератта соғылған болып шықты. Оның бір бетінде кәлима мен датасы болса, екінші бетінде Сұлтан Махмуд хан мен Әмір Темір аттары жазылған. Кей теңгелердің ортасында Әмір Темір мемлекетінің таңбасы түсірілген. Тағы бір көмбеден шыққан 972 мыс теңгелер Яссы, Түркістан, Ташкент қалаларында ХҮІІ ғасырда соғылған. Теңгелерде Дәуріш хан 1556-1573 жылдар аралығында Ташкент пен Түркістанды билеген хан болса, Р.З.Бурнашеваның айтуы бойынша Әділ хан аттарын оқуға болады. Дәуріш хан 1556-1573 жылдар аралығында Ташкент пен Түркістанды билеген хан болса, Р.З. Бурнашеваның айтуы бойынша Әділ хан Түркістанда билік құрған қазақ хандарының жалпы лақабы. Өйткені Әзірет Сұлтан жерленген қалада соғылған теңгелерге қазақ хандары өз аттарын жазбайтын болған. 1986 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданынан келген мектеп оқушылары Отырар төбенің (қазба жүріп жатқан) шығыс жағындағы археологиялық қазба жүріп жатқан мешіт маңынан оқушылар үстіне шыққанда салмағымен опырылып түскен қабырғаға құландысының арасынан бір құмыра тиын тауып алды. 1000 ділдә ақшаның 927-сі бізге жеткен. Бұл көмбені кейін 1987 жылы 1-ші тамызда Қазақ ССР Ғылым Академиясының Ш.Уалиханов атындағы тарих институтының археологиялық экспедициясының бастығы К.Акишев арқылы Қазақстанның белгілі нумизмат ғылымы Р.З. Бурнашеваға тапсырдық. Ғалым аталған көмбені 10 жылға жуық уақыт уақыт зерттеген, келісім бойынша 1996 жылы Музейге қайтарды. Көмбе негізінен тұтастай ХҮ-ХҮІ ғасырларда Яссы, Ташкент, Әндіжан, Самарқанд қалаларында соғылған мыс теңгелерден тұрады. Бұған қарағанда қазақ, өзбек хандықтарының Сыр бойы үшін болған өзара шапқыншылық соғысына қарамастан Сырдария аймағы мен Орта Азияда сауда қатынасы тоқтамаған. Қазақ хандығының орталығы болған Яссы – Түркістанда ХҮІ ғасырдың басы мен ХҮІІ ғасырдың орталығы болған. Оған көмбедегі теңгелер дәлел. Кезінде Отырарлық тарихшы ұстаздар Адасхан Алтаев пен А.Әлімовтер де осындай бірнеше көмбелерді тауып, ғылыми айналысқа түсірген болатын.
Ал, жалпы Отырар көмбелерінің қаншасы жер астында қалды, қаншасы белгісіз қалды. Отырар төбенің батыс жағынан Жантақтай алқабында Арыстанбаб кесене мешітіне таяу жерде 2004 жылдың сәуір айында алтын теңгелер көмбесі табылды.
Бұл теңге кездейсоқ табылды. Отырарда алтын теңгелер де соғылған деген бұрын жазба деректерде айтылып жүрсе енді міне, сол дәлелденді. Бұл алтын теңгелер Отырарда соғылған теңгелерден жазулар “Лә илләһә Иллә Аллаһ Мұхаммед Расул Аллаһ ( Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі) ” деп кәлима Шаһадат жазылған екінші бетіне “Асад-ад-Дин-фид Дуния, улуғ сұлтан”деп жазылған. Алтын теңгелер диаметрі біртектес 25 мм.
Құйрық төбеден кездейсоқ табылған күміс теңгелердің 256-і Отырар музейінде сақтаулы. Сондай-ақ Отырар өңірінде айна шығару өндірісі де кең етек алды. Қолдан жасалған айналар қаланың өзінде жасалды./21/ Айнаның бетіне өсімдік тәрізді өрнек түсірілген. Сондай-ақ геометриялық өрнегі бар айналар да көп кездеседі.
Қола мен мыстан көптеген зергерлік бұйымдар жасалған. Мысалы, Отырар өңірінен табылған қола тұмаршаларда жануарлар бейнеленген. Мысалы тұмаршаның бірінде ат бейнеленген, аттың аяқ жағында ит және гепарт жүгіріп барады./22/
Қазба барысында әсіресе мыс пен қоладан жасалған заттар көп табылды. ОРлар-ілмек, таға, сапты аяқ. Өсімдік тәрізді өрнегі бар, геометриялық өрнегі бар қасық табылды. Қоладан қақпақ та жасалды, шеберхананың құрал – саймандары жасалды. Әсіресе ХІІІ-ХҮ ғ.ғ. мыс пен қоладан заттар көптеп жасалына бастады.
Отырар және оның маңындағы қалашықтарға жүргізілген қазба барысында 1971 жылдан бастап қазіргі кезге дейін керамикадан жасалған заттардан кейін металлдан жасалған бұйымдар тұрады. Металлдан жасалынған бұйымдардың сақталуы әр түрлі болды.
Археологиялық қазба барысында табылған заттардың ерекше түрлері бар. Мысалы, шот Отырар төбедегі қазбадан 1995 жылы табылған ұзындығы 16 см. Темірден жасалған, негізгі бөлігі толық сақталған, үсті қатты тот басқан.
Жебе ұшы. ХҮІІ ғасырға жатады, темірден жасалынған. Шағын бөлігі сақталған, көп уақыт топырақ астында жатуына байланысты түсін өзгерткен. Отырардан 1999 жылы табылды, ұзындығы- 6,5 см, ені 1,5 см .
Шеге. Темірден жасалған ХҮІІ ғ.ғ. тән. Толық сақталған, жоғарғы бас жағы үлкен болып келген. Төменгі ұшы иіліп майысқан. Биіктігі-3,8 см. Жоғарғы жағы диметрі 2,3 см . Отырар төбедегі қазба барысында 1999 ж. Табылған ілгек. Темірден жасалған толық сақталған ХҮІІ ғасырға тән ұзындығы 17,5 см, жалпақтығы – 3 см. Топырақ астында жатуына байланысты тапталған Отырардан 1999 жылы қазу барысында табылған.
Қола мен мыстан жасалған бұйымнан өте қызықты.Олар әшекей бұйымдар, тұмар, айна, қажырма, жүзік, ілмек, келсап, қоңырау т.б. заттар. Соның ішінде әсіресе көп кездесетін қола айналар Монғол шапқыншылығына дейін де және одан кейін де көп шығарыла бастады. Қола айналар көбінесе қаланың өзінде жасалынды, кейбіреуі ғана сырттан әкелінген айналар көшірмесі болады./23/
Мыстан жасалған ілмек Отырардан 1995 жылы қазба барысында табылды. Қайырылған, екі шеті жіңішке ортасы жуан болып жасалған ұзындығы –2,5 см, жалпақтығы – 7 мм.
Қола айна, Отырар төбеден 2001-2003 жылдар аралығында табылған. Төрттен бір бөлігі сақталған, кішкене тұтқасы бар, айнамен бірге жалғасып кеткен формасы дөңгелек ұзындығы- 4 см, ені-2,5 см.
Тағы бір қола айна. ХІІІ-ХІҮ ғ.ғ. тән формасы дөңгелек, астыңғы беті тегіс, сыртында ұстайтын тетігі дәл ортасында орналасқан. Айна қалыпқа құйылып жасалған. Астынғы бетіне қалыппен өсімдік тәрізді өрнек түсірілген диаметрі 8,7 см 1995 жылы Отырардан қазба барысында табылған.
Қола жүзік төменгі жағы сынған диаметрі 1,7 см, ұзындығы 2,2 ХҮІІ ғасырға тән.
Қола білезік ІІІ-Ү ғ.ғ. тән 1967 жылы диаметрі Қыркескен моласынан табылды. Екі шеті жылан басы тәрізді болып келген, түсі қоңыр түсті.
Алтын кесіндісі Қалың сым қалпындағы алтын кесіндісі (екі бөлек). Біріншісінің ұзындығы 3 см, екіншісінің ұзындығы 2,7 см. Жалпы салмағы 24 гр. 50 мг.
Алтын қорабы. ХІІ-ХІҮ ғ.ғ. Құтының алтын қорабы бес өте нәзік тоқылған өрнекті қабырғалардан біріктірілген бес қырлы болып жасалған. Асты жоқ. Үсті бес қатардан айналдыра сатыландырып, бірте-бірте кішірейіп, төбесі “тәж” тәрізді, қақпағы бар. Әрбір қабырғаның төсегін торлап тоқылған секілді қабырғаларының ортасында “гүлдесте” өрнегі бір текті көтеріліп жапсырылған оның ортасына және айналдыра өте нәзік гүл өрнектері жапсырылған. Салмағы 6 гр 40 мг. Ұзынша бөлігі 9 мм. Биіктігі 2 см.
Құйрықтөбеде қалашығынан 1974 жылы жаз айында қола құмыралар табылған. Бұл құмыра Оңүстік Қазақстан комплекстік археологиялық экспедициясының коллекциясына түсті. Бірінші құмыраның бүйірі жұмыртқа тәрізді, биіктігі –1,4 см, диаметрі –6,5 см . Екінші құмыра жұмыртқа тәріздес, жақсы сақталған. Биіктігі -14,5 см, мойын биіктігі 9,5 см, жалпы биіктігі 24 см.
Шыны жасау.
Тараз бен тырар қазбалары кезінде шыныдан жасалған бұйымдардың көп коллекциясы жиналды. Шыны негізінен жергілікті жерде өндірілді. Мұны шыны күлінің және жанармай қалған шыны бұйымдарының табылуы дәлелдейді. Мөлдір шыны, жасыл, көгілдір, сары, қызғылт түсті шыны жасалған. Шыны жасау үшін әуелі негізгі құрамдары-борды және кварц құмын жақсылап кептіріп, содан оларды ұнтақтап, ірі бөлшектерін алып тастау үшін елейтін болған. Бұйымдарды барынша сапалы етіп жасау үшін біркелкі түйіршіктер пайдаланылған. Шыны түтін тартары жоқ аласа пештер мен арнаулы тигельдерде – отқа төзімді қоспадан жасалған қыш құмыраларда балқытылған. Шыны ыдыстардың дені үрлеу әдісімен енді біразы қалыпқа құю арқылы жасалған. Қалып ретінде пайдаланылған ыдыстың қабырғалары мен түптерінде ара ұясы шеңберлес сызықтар, розеткалар түріндегі ою-өрнектері болады. Үрлеп жасалған ыдыс сыртынан жапсырылған қайырмалармен, шыны тіндерімен және жолақтарымен өрнектеледі, кейде түрлі-түсті шыны жапсырмалары бар өрнекпен безендіріледі. Металдан жасалған бұйымдар металл, негізінен қола шырақтар мен оларға арналған тұғырлар болып келеді. Бұлар Тараздан, Испиджаптан, Талғар, Ақтөбеден табылған.
Отырар өңірінен табылған сирек кездесетін жәдігерлерге шыныдан жасалған заттар жатады. Шыны заттар ішінен өз формасын беріп тұрған шыны түбектер мен медициналық приборлар кездеседі. Басым бөлігінің тек түптері мен ернеулері сақталған . Шыныдан жасалған заттар Х-ХІІ ғасырлар аралығына жататын Құйрық төбе, Отырар төбе, Қоңыр төбеден табылды. Осы жерлерде шыны жасау өндірісі дамыған. Шынының түрлері әр түрлі болды- жасыл, қызыл, сары, қанық қоңыр түсті. Шыныдан сапты аяқ, бокал, рюмка , графин жасады. Сондай-ақ білезік пен жүзік көздерін, моншақтар да жасаған. 1998-2000 жылдары Оңтүстік Қазақстан комплексті археологиялық экспедициясы Құйрықтөбеден қазба барысында шыныдан жасалған заттар табылды.
Шыны графин- ернеуі шығыңқы, биіктігі –17 см, бүйірінің диаметрі 11,6 см . Шыны- графин ернеуі шығыңқы, биіктігі-17 см, бүйірінің диаметрі 11,6 см. Шыныдан жасалған сапты аяқтар да көп кездеседі. Сапты аяқтың түсі қанық жасыл.
1998-2000 жылдары қазба барыснда табылған түбектің бүйірі цилиндрлі , шиша түсі көкшіл. Құйрықтөбеден табылған сапты аяқтың мойыны кең, тұтқасы сопақша болып келген, жоғарғы жағы домалақ, шиша түсі жасыл. Сапты аяқтың бұл түрлері Таразда көп кездеседі./24/ Түбектердің барлығының формасы бір қалыпты . Шыны түсі- көгілдір . Құйрық төбеден осы жылы табылған түбектің биіктігі –12,2 см, ернеуінің диаметрі 12 см./25/ Түбекті кішкене баланың бесігінің астына қойған, бұл тазалықтың кепілі. Отырардан табылған түбекке ұқсас Хорезмде де табылған.
Археологиялық қазба барысында табылған шынылардың жалпы саны 83. Отырар төбеден, Құйрық төбеден табылған бұл әсіресе Х-ХІІ ғасырлардың мәдениеті мен экономикасының дамығанын дәлелдейді.
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі Отырар өңіріндегі жәдігерлерді қорғау, насихаттау жұмыстарымен қатар бұзылып бара жатқан ескерткіштерде қазба жұмыстарын жүргізумен айналысты. 1991 жылы Шәуілдір-Түркістан трассасының Құйрықтөбе , Арыстанбаб кесенесі қасынан өтетін жаңа жолдың жаңа бөлігі салынды. Қоңыртөбеден солтүстік-шығысқа қарай 2 км жерде күншығыстан батысқа бағытталған жолды құрылысшылар техникамен сырып өткен. Осы жерде қазып ванна сияқты етіп жасаған, бұрыштары және табанына қарай иілген. Ауданы 100х75см, биіктігі 40 см, қабырғалары 2-3 см, күйген түсі қызыл-қоңыр . Ішінен ақ түсті күл алынды. Жоспарда дөңгелене келген алты пеш қалдықтары қазбаның шығыс бөлігінен табылды. Олардың диаметрі 80-100 см аралығында. Пештер айналасындағы едендер бетінде күл іздері жақсы байқалады, керамика мен шиша бөліктері көп табылды. Осыған қарап бұл жерді өндіріс орны деп жорамалдауға болады. Жеті пештің алтауы орналасқан қазбаның шығыс бөлігінен, пештер айналымында шиша қалдықтары көп табылды. Шиша бөліктері ыдыс-аяқтың түрлі үлгілеріне сай келеді. Шишалар қалыпқа салып құю және үрлеу тәсілдерімен жасалынған.
Қоңыртөбеден 2 км қашықтықта пештермен қатар қабатта шиша қалдықтарының табылуы, олардың арасында брак болуы бұл жайда шиша өндірісі болған деген жорамал айтуға негіз бар. Қазбаның шығыс бөлігінен табылған диаметрі 3,5 см жұмыр зат шиша өндірісіне қажетті компонент болуы ықтимал. Осындай шариктер сырлы ыдыстың шиша тәрізді бөлігін дайындауда ұшырасады. Отырар мен көне Қазақстанның қалаларында шиша бөліктері көп кездесетініне арнайы әдебиетте айтылғанымен олардың қай жерде өндірілетіні жөнінде осы уақытқа дейін археологияда еш мағлұмат жоқ.
Графиннің мойын бөлігі ХІ-ХІІ ғасырға жатады. Шыны түсі- сарғыш , биіктігі –5,2 см, аузының диаметрі-2,5 см. Мойын бөлігі ғана сақталған. Құйрық төбеден табылған.
Сапты аяқ-бір бүйірі сынған, көгілдір түсті шыны Х-ХІІ ғасырға тән, биіктігі 9,5 см, ернеуі –8,5 см, табаны –8 см. Құйрық төбеден табылған көгілдір түсті шыны ХҮІ-ХҮІІ ғасырларға тән шыны моншақ жақсы сақталған. Ол Отырар төбеден табылған, ұзындығы –3 см, диаметрі 0,6 см. Шыны ыдыстардың бір бөлігі Алтын төбеден табылған, бүйірінің бөлігі сақталған. 9,5х12 см.
Шыны ыдыс тұтқасы ХІІІ-ХІҮ ғасырларға тән қанық көк түсті , тек тұтқасының жартысы сақталған. Отырар төбеден табылған, ұзындығы-8 см.
Шыны графин жасыл-сарғыш түсті. ХІҮ-ХҮ ғасырларға тән. Отырар төбеден табылған биіктігі –29 см, бүйірінің диаметрі –16 см, мойын диаметрі- 1,5 см. графин ХІ-ХІІ ғасырларға тән. Бүйір жағы сынған, Құйрық төбеден табылған , ұзындығы –5,2 см, мойын диаметрі 1 см, түбінің диаметрі –3 см.
Шыныдан жасалған ыдыстар көбіне ХІ-ХІІ ғасырларға тән, яғни Отырардың гүлденген кезіне тән. Экономикасы , мәдениеті дамыған қалаларда шыны өндірісі дамыды. Қазба барысында табылған сирек кездесетін заттарға шыны жатады.
1.3. Сүйектен тастан, ағаштан жасалған бұйымдар
Отырар өңіріндегі қазба барысында сүйек , ағаш , тастан жасалған бұйымдар сирек кездеседі.
ХІҮ-ХҮ ғсырлар Отырар, Сауран, Сығанақ, Созақ, Самарқанд ірі сауда орталығы болды./26/
Қазақ халқы арасында көп тараған қолөнердің бірі сүйектен әр түрлі заттар жасау өнері. Сүйекті жону, өрнектеу, шегелеу, сүйеккке күміс қаптау сияқты жұмыстар аса шеберлікті қажет етеді. Сондай-ақ бұл көшпелі қазақ ауылының негізгі сәнді бұйымдары ретінде саналады. Сүйекті ағашқа ырып қақтау және оның бетіне күміс жапсыру әдісімен ұқсатты. Сүйектен пышақ тұтқасы, түйме, қапсырма жасалды. Ат пен сиырдың, қой мен ешкі сүйектерінен заттар жасады. Үй жануарлары мен дала жануарларының сүйектерін ақбөкен, бұғы сүйектерін де пайдаланады.
ХҮІ-ХҮІІІ ғасырларға тән сүйек түйме бір шеті сынған диаметрі 1,8 см, қалыңдығы 0,5 см Отырар төбеден табылады.
Қолдан өңделген оюлы пышақ . Пышақтың сабын сүйектен оюлап жасаған. Бұл әсемдіктің белгісі. Сап ұзындығы – 7,3 см, ені 1,2 см, түсі қоңыр түсті. Бір жағы тегіс, жартылай сақталған аңдардың мүйізін өңдеп қажетіне жаратқан. Мысалы Отырардан 1999 жылы қазба барысында табылған бұғы мүйізі. Оның ұзындығы 14,2 см, қуыс диаметрі 2,5 см, қалыңдығы 1 см. Бұғы мүйізі сұр түсті. Мүйіздің іші қуыс, шеттері кесілген және өңделген . Сыртқы жағында ұзын сызықшалар бар. Мүйіздің табиғи қалпы сақталған. Бір шеті жуан екінші шеті жіңішке сүйектен әсемдеп түйме де жасаған. Формасы домалақ блып келген. Сүйектелген жасалған затттар Отырардан табылған.
Тасқа паналау, тас қалау, тасты құрал-жабдық ретінде пайдалану және өрнектеу, таспен тағы басқа затты өрнектеп, тастан мүсін жасау өнерлерінің ертеден пайда болғаны мәлім. Сондықтан тас адам өмірінде көптеген қажеттікті өтеп келеді. Қазақ халқы тасты үй, мешіт, мұнараға , құдық шегендеуге, зиратқа пайдаланды. Халық мұндай шеберлерді тас қалаушы шеберлер деп атады. Шеберлер тас қалаудың қарапайым болса да тәсілдерін шебер меңгерді. Соның нәтижесінде шеберлер қалаған тас қоралар, бейіттер, әр түрлі мұнаралар мен күмбездер бірнеше жүздеген жылдар бойы сол қалпында сақталып тұр. Тасты қырын келтіріп, берік қалау мен бірге оның сәнді сәулетті болуын шеберлердің өздері орындады.
Қазақ халқының архитектуралық өнеріне ұшырайтын тастан еден төсеу, таспен күмбездеу, қалау секілді әдістер ертеден келе жатқан шеберліктің дәлелі.
Қазақстанның ежелгі тұрақтарына жүргізілген қазба барысында ортағасырлық халықтардың өмірін көрсететін көптеген материалдарды топтастырды./27/ Бұлар еңбек құралдары тас дән іріктегіш, т.б.
Отырар өңіріндегі қалашықтардан тастан жасалған бұйымдардың табылуы асқан шеберлікті көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |