Zharar com Ыбырай



бет2/6
Дата20.06.2022
өлшемі74.81 Kb.
#459377
1   2   3   4   5   6
www.zharar.com ybyray

Ыбырай есімі берілген аудан, ауылдар, оқу оырндары, көшелер, жер атаулары Қазақстанның түкпір-түкпірінде кездеседі.

Ыбырай Алтынсариннің шежересі
Балғожа би Балғожа Жаңбыршыұлы (туған жылы белгісіз - 1860) - би. Ыбырай Алтынсариннің атасы. Орта жүздің Қыпшақ тайпасының Ұзын руынан шыққан. Қазіргі Қостанай облысының Қостанай ауданында дүниеге келген. 1824 жылы хандық жойылып, Орынбор генерал-губернаторлығы үш аға сұлтандыққа бөлініп, әр сұлтандық дистанцияларға, дистанциялар бөлімшелерге бөлінген кезде Балғожа би Жаңбыршыұлы Ұзынқыпшақ бөлімшесін басқарған. Балғожа Жаңбыршыұлы 1839 жылы хорунжий, 1848 жылы жүзбасы «сотник», 1850 жылы старшина әскери лауазымын алған.

Ресей өкіметі тарапынан «Ынталылығы үшін» («За усердие») деген алтын медальмен марапатталған. Сонымен бірге патша өкіметі оған аты жазылған екі тапанша мен қосауызды мылтықты сыйға тартқан. Балғожа Жаңбыршин - жүзбасы, Қыпшақ руының ұзын тармағын басқарған. Торғай, Тобыл және Әйет өзендері аралығында көшіп-қонған Орынбор шекара комиссиясының пікірінше ол "адамдарды басқару жағынан да, жалпы орда істері жөнінен де, өз руластары алдында өте беделді болған. Ол би ретінде Шығыс ордада ғана емес, өзге ордаларда да істі қарауға шебер, білгір адам саналған" (ҚРОМА, 4-қор, І-тізбе, 3404-іс, 310-байлам, 83-86 парақтар, 1850). Ыбырай дың атасы Балғожамен бірге туған Ханқожаның Ақдәулет, Қылышбай деген екі баласы болады. Оның баласы Алтынсары 1844 жылы көтерісшілер қолынан қаза табады. Осыдан соң немересі Ыбырай ды өз тәрбиесіне алған. Балғожа би немересін 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясының осы қалада қазақ балалары үшін ашқан жетіжылдық мектеп - интернатына оқуға береді. Атасы оны жасынан-ақ адалдыққа, тапқырлыққа, турашылдыққа, шешен-дікке баулыған. Өзімен бірге жиын-тойларға алып барып, билік айтқызып қанатын қатайтқан.Ыбырай да жасынан зерек болып, атасын жерге қаратпай алғырлық танытып, көпшілік құрметіне бөленеді. Оның бұл турашылдық, шешендік қасиеттері Торғайда сот істерін жүргізген кездерінде айқындала түседі. Қалай дегенде де Ыбырай дай ұл өсіріп, тәрбиелеген Балғожа есімі ұмытылмақ емес. Бірақ оның аты-жөні Қазақ Совет энциклопедиясына енбеген. Туған, өлген жылдары белгісіз.

Шеген би



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет