Бронхоскопия зерттеуінің алгоритмі.
Зерттеу мақсаты: Бронх ағашының кеңірдектің,көмейдің қабынуын анықтау.
Құрал-жабдықтар: Бронхоскоп,сүлгі,резеңкелі қолғап,анестезиялық препарат.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Емделушіге 30 мин алдын анестезиялық препарат енгіземіз.
2.Науқас ұйқыға кеткеннен соң,эндоскопты мұрын қуысы арқылы
енгіземіз.
3.Сол қолмен сүлгіні алып,науқастың мұрын астына қойып,оң
қолмен бронхоскопты ұстаймыз.
4.Керекті нәтижені қағазға түсіргеннен соң,бронхоскопты аламыз.
Асқазанды жуып шаю
Мақсаты:диагностикалық,емдік, профилактикалық.
Көрсетілімдер: тағамдық (саңырауқұлақтар, алкогль, сапасы нашар тағамдар ) және дәрілік (байқамай ішіп қою, суицид) жіті уланулар
Қарсы көрсетілімдер: асқазан ішек жолдарынан қан кету, өңештің және асқазанның күйігі, бронхылық астма, миокард инфарктісі, ми қан айналымының бұзылыстары.
Қажетті жабдықтар: Жуан асқазан сүңгісі, Сұйық асқазан майы, Ауыз кергіш, тілқысқаш, саусаққа киетін металл оймақ, Резеңке қолғап, клеенкалы алжапқыш, Бөлме температурасындағы таза су құйылған шелек, литрлік кружка, сиымдылығы 1 литр құйғыш,шайынды сұйықтықтарға арналған шылапшын
Достарыңызбен бөлісу: |