Он екі елі ішекті зондтау
Мақсаты:емдік (өт бөлініп шығуын ынталандыру, дәрілік заттарды енгізу), диагностикалық (өтқабы және өт жолдары ауруларын анықтау).
Қарсы көрсетілімдер: жіті холецистит, созылмалы холецистит және өттас ауруының өршуі, ас қорыту жүйесінің қатерлі ісіктері, асқазан-ішек жолдарынан қан кету.
Іс-шарадан 3 күн бұрын науқасты зондтау іс-шарасына дайындай бастады:түнге қарай науқасқа бір стақан жылы тәтті шай ішкізіп,оң жақ қабырға асты аймағына қыздырғыш қояды.
Науқасты зерттеуге дайындаған кезде ілеспелі ауруларын ескеру қажет:қантты диабет ауруы болса-тәтті шай ішкізбейді, лямблиоз ауруына күдік болса-диагностикалық зондтауға дайындағанда қыздырғыш пайдалануға болмайды.
Қажетті жабдықтану: он екі елі ішектік сүңгі; ынталандырушы заттек; нөмірленген сынауықтар қойылған тұрғы(штатив),және шприці,қысқыш; жұмсақ орам немесе жастықша,орамал, майлық; резеңке қолғап.
Достарыңызбен бөлісу: |