Асқазан сөлін фракциялық әдіспен зерттеу
Мақсаты: асқазанның секрециялық және қозғалғыштық функцияларын зерттеу.
Қарсы көрсетілімдер: гипертония ауруы, жүректің айқын сатылардағы созылмалы жеткіліксіздігі, аорта аневризмасы, жіті улану, өңеш асқазанның сілемейлі қабықшаларының күйігі.
Асқазан сөлін фракциялық әдіспен тексеру барысында екі типтегі тітіркендіруші заттар пайдаланылады:
1)Энтералдық: 300 мл орамжапырақ қайнатпасы, 300 мл ет сорпасы, 50г ақ кептірілген нан және 2 стакан су, 300 мл 5% алкоголь ерітіндісі, кофеин ерітіндісі 0,2 г 300 мл суға.
2) Парентералды: 0,025 % пентагастрин ерітіндісі – науқас салмағының әр 10 кг-на 0,6 мл ерітінді есебінен, 0,1% гистамин ерітіндісі – науқас салмағының әр 1 кг-на 0,01 мл ерітінді есебінен Бұл іс-шараны жүргізген кезде қолжетімді жерде антигистпминді препарат болуы керек (хлоропирамин, дифенгидрамин және т.б.) және анафилаксикалық шок кезінде қолданылатын дәрі-дәрмектер дайын тұруы қажет. Тітіркендіруші заттекке аллергиялық реакциялар көрініс бере бастаса тыныс алудың қиындауы, дене қызуының сезілуі, жүрек айнуы, бас айналу, артериялық қысымның төмендеуі, жүрек қағу –шұғыл түрде дәрігерді шақырту қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |